- Тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру үшін ересектер мен балалардың
саналы қарым-қатынасы жүреді;
- Тәрбиенің негізгі өлшемі – тұлға дамуының өмір талаптарына
сәйкес келуі.
Тәрбиенің басты қызметі – баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәрбиесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үдерісінің мәні адамзаттың жинақталған тәжірибесін меңгерту мсақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады.
- Баланы бейбітшілікті түсіну, шыдамдылық, достық және халықтар
арасында өзара түсінісу бар ерікті қоғамдағы саналы өмір сүруге дайындау;
- Қоршаған ортаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Тәрбие қойылған мақсатқа тікелей байланысты. Егер тәрбиені идеал нәтиже ретінде анықтасақ, онда тәрбиенің бірінші деңгейдегі мақсаты – тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл орындауға ұмтыллатын мұрат-мақсат.
Тәрбие қойылған мақсатқа тікелей байланысты. Егер тәрбиені идеал нәтиже ретінде анықтасақ, онда тәрбиенің бірінші деңгейдегі мақсаты – тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл орындауға ұмтыллатын мұрат-мақсат.
Екінші деңгейде қойылатын мақсат – қоғамда белгілі бір іс-әрекетті атқаратын маман-тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Мұнда тәрбиенің әлеуметтік мәні, яғни қоғамға пайдалы тұлғаны дамытуға қатысты әлеуметтік сұраныс байқалып отыр.
Үшінші деңгейдегі тәрбие мақсаты тұлғаның жеке мақсатымен анықталады. Бұл адам өмірінің мәнін анықтайды. Ол адамның туа бітті берілген мүмкіндіктерін толық ашып көрсетіп, өзінің табиғи ерекшеліктері мен қасиеттерін дамыту болып табылады.
Бала құқығы туралы Конвенцияда (1989) білім беру және тәрбие мақсаты мен міндеттері нақты тұжырымдалған. Бұл құжатта тәрбие мақсаты- оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына, тұлғаның қоғамда толық өзін байқатуына жағдайлар жасау деп көрсетілген.
Тәрбие мақсаты оның мідеттері арқылы нақтылана түседі.