Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың жүйелік-рольдік теориясының негізін салушы педагогика ғылымдарының докторы, Қазан университетінің профессоры Николай Михайлович Таланчук.
Бұл теорияның негізгі идеялары 1991 жылы кәсіби білім қызметкерлерінің Бүкілодақтық ассоциациясының шығаруымен жарық көрген «Жаңа педагогикалық кіріспе. Жаңашыл педагогтарға арналған құрал» («Введение в неопедагогику. Пособие для педагогов-новаторов») деген еңбегінде айтылады.
Н. М. Таланчуктың пікірінше:
«Жеке тұлға – бұл нақты бір адамның әлеуметтік рольдер жүйесін меңгеру және орындау өлшеміне қарай көрінетін әлеуметтік сапа.
«Әлеуметтік құндылықтар – алдыңғы ұрпақтың іс-тәжірибесімен табылған өмір шындықтары. Мұндай құндылықтар білім, идеал, адамдар арасындағы тәртіп пен қарым-қатынас нормасы, адамның тыныс-тіршілігі және т.б. түрінде өмір сүреді.»