Цереброваскулярлық (апоплексиялық) кома ми қан айналымының бұзылысының салдарынан дамиды (ишемиялық және геморрагиялық инсульт, субарахноидальді қан құйылулар).
Жедел көмек 1) Өмірлік маңызды қызметтерді қалпына келтіру – тыныс алу және жүрек тамыр қызметтерін: - тыныс жолдарын шырыштан және сілекейден тазарту; - тыныс алу бұзылысында ЖӚЖ қосу; - жүрек қызметін бір деңгейде ұстап тұру үшін, жайлап тамыр ішіне 0,5–1,0 мл 0,05% строфантин ерітіндісін енгізу.
2) Ми ісігімен күресу үшін: - кӛктамырға тамшылатып – 200 мл 15% маннитол ертіндісін енгізу. - кӛктамырға – 2 мл 1% лазикс ерітіндісін енгізу. - кӛктамырға 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін енгізу - 8 мг мӛлшерде дексаметазон
3) Қан айналымды жақсарту үшін кӛктамырға тамшылатып 500–1000 мл реополиглюкина енгізу.
4) АҚ деңгейін қалыпты ұстап тұру үшін: - кӛктамырға дибазол (до 8 мл 1 % ерітіндісі) - кӛктамырға немесе бұлшықетішілік клонидин (клофелин) 1 мл 0,01 % ерітіндісі 10 мл 0,9 % натрий хлор ерітіндісімен - кӛктамырға немесе бұлшықетішілік пентамин 0,5 мл 5 % ерітіндісі
5) Коллапс дамыған кезде, ағымды немесе тамшылатып сұйық-тықтарды енгізу кӛрсетілген: - натрий хлор изотонитоникалық ерітіндісі - 5% глюкоза ерітіндісі - полиглюкин, реополиглюкин - норадреналинмен қоса (0,2%-1 мл ерітіндісі 5% глюкоза немесе натрий хлор изотонитоникалық ерітіндісімен қоса) немесе мезатон (1%-1 мл ерітіндісі) - дексаметазон (8-20 мг)
Тырысу синдромын және психомоторлы қозғыштықты басу үшін: - диазепам (реланиум, седуксен, сибазон) 2-4 мл т/і баяу физ. ерітіндімен енгізеді. - әсері жоқ болғанда – натрий оксибутират 20 % ерітіндісі 70 мг / кг салмағына 5-10 % глюкоза ерітіндісімен ерітіп т/і баяу енгізеді.
Ми перфузиясын жақсарту үшін егер систолалық қан қысымы 120 мм.с.б, жоғарыласа кӛктамырға жайлап 7-10 мл 2,4 % аминофиллин ертіндісін енгізу.
Беткейлі кома кезінде нейропротекция жүргізу: - глицин сублингвальді (не ұртына) 1 г - семакс 3 тамшы 1% ертіндісі мұрынға - 5–7 мин ішінде антиоксидант этилметилгидроксипиридина-сукцинат (мексидол) 30 мг (6 мл 5% ерітіндісі) мӛлшерде кӛктамырға болюсно.
Терең кома кезінде антиоксидантты терапияны және жоғарыда кӛрсетілген дәрілерді максимальды мӛлшерде енгізеді.
Неврологиялық немесе реанимация бӛлімшеге тасымалдау.