Орындаған: Студент: Темирова Айнур Мамандық


Эргономикалық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады



бет9/26
Дата01.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#141598
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
БББ 41 Темирова Айнур Курсовая работа (1)

3. Эргономикалық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады:

  • Бөлмедегi ауаның физико-химиялық құрамының төмендеуi студенттердiң, оқушылардың сабаққа қабiлеттiлiгiн төмендетедi. Сондықтан бөлме ауасын ауыстырып отыру.

  • Аудиовизуалдық оқу материалдарын қалыпты жағдайдан артық көрсетуге болмайды.

4. Техникалық шарттар:

  • Ерекшелiктерiне қарай мультимедиалық технологияларды дәрiсханада дұрыс орналастыра бiлу.

  • Құрылғылардың техникалық ақаулығын үнемi тексерiп отыру.

  • DVD, CDдискiлерiндегi, бейнетаспалардағы оқу материалдарын дұрыс сақтай бiлу.

  • Дәрiсхананыоқытупроцесiнебейiмдеужұмыстарынавто-маттандыру.

  • Дәрiсхананыүнемiсалқындатыпотыру, яғниқұралдардықаттықызыпкетуденсақтау.

Ендi, үздiксiз бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру барысында мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың тұжырымдамалық, психологиялық, педагогикалық, ақпараттық, эргономикалық, технологиялық және техникалық, ұйымдастырушылық аспектiлерiн қарастырайық.
Тұжырымдамалық аспектi:

  • ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, тарату жүйесi ретiнде жаңа ақпараттық орта құру;

  • әртүрлi деңгейде (республика, аймақ, бiлiм беру мекемелерi) бiрiктiрiлген бiрыңғай оқу-ақпараттық орта құру т.б.

Мұндай оқу-ақпараттық ортаны құрайтын элементтерге мыналар жатады:

  • елiмiздiң және шет елдердiң ақпараттық ресурстарына қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық аппаратты-бағдарламалық жабдықтар;

  • компьютерлiк гипермедиа, мультимедиа жабдықтары;

  • виртуалды бiлiм берудi дамыту үшiн ақпараттандырудың инфрақұрылымдары т.б.

Психо-педагогикалық аспектiлер:

  • оқыту процесiнде мультимедиалық технологияларды пайдалану кезiнде бiлiмдi меңгеру мен интеллектуалдық деңгейдi қалыптас-

тырудың психологиялық механизмдерiн айқындау;

  • мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде пайдалануда оқытушының рөлi мен орнын анықтау;

  • мультимедиалық технологияларды өзiнiң кәсiби iс-әрекетiнде тиiмдi пайдалана бiлуi үшiн мұғалiм кадрларды қайта дайындау;

  • елiмiзде қашықтан оқытуды дамытудағы мультимедианың мүмкіндіктерін дамыту;

  • мультимедиалық оқулықтар жасаудың дидактикалық талаптарын анықтау.

Ақпараттық аспектiоқытудың дидактикалық және әдiстемелiк ұстанымдарына жауап бере алатын мультимедиалық құралдардың ақпараттық жабдықталуын айқындайды.
Эргономикалық аспектi:

  • мультимедиалық оқулықтарды құруда эргономикалық талаптарды ескеру;

  • әртүрлi жас дейгейiндегi пайдаланушылардың мультимедиалық технологиялармен жұмыс кезiндегi сақтауға тиiстi санитарлық-гигиеналық нормаларын анықтау.

Технологиялық және техникалық аспектiлер:

  • технологиялық қатаң талаптарды сақтау – оқыту процесiне арналған лицензиялы мультимедиалық оқулықтарды пайдалану;

  • оқыту мақсатына бағытталған аппараттық және бағдарламалық жабдықтармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету;

  • бiлiм беру салаларында локалдық, аймақтық және республикалық желiлер құру.

Ұйымдастырушылық аспектi:

  • бiлiм беру мекемелерiнде электрондық кiтапханалар мен медиа орталықтар, медиатекалар құру;

  • мультимедиалық технологияларды пайдаланудың ұйымдастыру- шылық-құқықтық нормаларын анықтау т.б.

Қазiргi қоғамның ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтiк салаларындағы мультимедиалық технологиялардың алатын орны, оның болашақ даму тенденциялары мен перспективалары жан-жақты талдауды, талқылауды қажет етедi. Өйткенi, қазiргi кезде бiздiң елiмiзде оны пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықты пiкiр қалыптасқан, бұл мультимедиалық технологиялар жөнiнде толықтай түсiнiктiң болмауынан туындайтын мәселе. Осының салдарынан оның көптеген мүмкiндiктерi мен қолданылу салалары әлi толық айқындала қойған жоқ.


Мультимедиа технологиясын оқытуда пайдаланудың жаңа бағыттарының бiрi – компьютерлiк желiлерде теле және бейнеконференциялар ұйымдастыру.
Мультимедиалық технологиялар интернет-технологияның да дамуына тiкелей әсер етiп отыр. Электрондық пошта арқылы дыбыстық және бейне хабарларды қабылдау, жiберу немесе интернет арқылы байланысқа түскен адамның бет-бейнесiн компьютер мониторынан көрiп отыру - мультимедианың жемiсi. Бейнеконференциялар ұйымдастыруда дыбыстық және бейнелiк хабардың сапасын төмендетпей ұсыну мультимедиалық құралдардың жүзеге асыратын iс-әрекетi. Мультимедиалық технологиялардың көмегiмен бүгiнгi таңда кез келген адам өзi жөнiндегi мәлiметтердi, фотосуреттердi, тiптi, өз дауысын интернет желiсiне шығаруға мүмкiндiк алып отыр.
Интерактивтi негiздегi мультимедиалық технологиялар интернет желiсi және CD-курстар арқылы ауыл мектептерiнiң әлемдік ғылым, білім жетістіктерінен оқшау қалып қою мәселесiн де шешуге мүмкiндiк бередi.
Мультимедианың ажырамас бөлiгi болып табылатын лазерлiк дискiлерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздiктер оқыту процесiнде ерекше маңызға ие. Мысалы, электрондық сөздiктерде әрбiр сөздiң аудармасы мен жазылуы ғана емес, сонымен бiрге оның айтылу үлгiсi де қамтылады. Электрондық энциклопедиялар мен сөздiктердiң тиiмдiлiгi - қажеттi мәлiметтi тез iздеп табуға болады. Сонымен қатар тiл үйретуге бағытталған интерактивтi оқыту бағдарламалары диалогты байланыс жасауды жоғары деңгейде жүзеге асыра алады.
Әлемнiң атлас картасы, жекелеген қалалардың картасы сияқты әртүрлi электрондық-картографиялық жүйелер, қажеттi дағдыны қалыптастыруға, жетiлдiруге негiзделген тренажерлiк бағдарламалар, адамның ой-өрiсiн дамытуғабағытталған ойын түрiндегi оқытушы бағдарламалар оқыту процесiнде жиі қолданылуда.
Соңғы кездері ағылшын тілінде edutainmentжәне infortainmentдеген сөздер компьютерлік термин ретінде жиі айтылады. Олар education (білім беру), information (ақпарат) и entertainment (көңіл көтеру) деген сөздерден құралған. Бұл терминдер мультимедиалық құралдарды пайдалану арқылы оқыту кезінде көңіл көтеру мен оқу қызметінің арасындағы алшақтықтың азаятынын білдіреді. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы балалар болсын, үлкендер болсын, компьютерде көңіл көтеретін ойындарды ойнау арқылы, алдына білсем деген арнайы мақсат қоймаса да, біршама білімге, әртүрлі ақпараттарға қол жеткізеді. Бұл да мультимедианың тиімді жағы болып табылады.
Мультимедиалық бағдарламалардың негiзгi атқаратын функцияларының бiрi – басқаруды қамтамасыз ету. Қажеттi ақпаратқа еш кедергiсiз ауысу мүмкiндiгi қамтылған. Мысалы, кинофильмдердi көру барысында мультимедиалық бағдарламалар пайдаланушыға қажетсiз кино үзiндiлерiн өткiзiп жiберудi, керектi киноүзiндiнi бiрнеше қайтара көрсетудi жүзеге асырады.
Оқытуды интерактивті түрде өткізу мультимедиалық технологиялардың келесі бір маңызды сипаттамасы болып саналады. Американдық ғалым А.Галбриц интерактивтiлiктiң үш түрiн атап көрсетедi:

  • реактивтi интерактивтiлiк: оқушылар мен студенттер компьютердегi бағдарламаның бағыт берiп, көмектесуi нәтижесiнде жауап бередi;

  • әрекеттiк интерактивтiлiк: бұл жағдайда оқушылар, студенттер бағдарламаны басқара алады;

  • екi жақты интерактивтiлiк: оқушылар, студенттер бағдарламамен өзара ықпал жасай алады.

DEC компаниясының хабарлауынша, дұрыс жолға қойылған (яғни, аппараттық, бағдарламалық және әдiстемелiк құралдармен толық жабдықталған) мультимедиа технологиясын пайдалану оқытуға жұмсалатын шығын көлемiн едәуiр азайтады екен.
Зерттеушiлердiң пiкiрi бойынша дәстүрлi оқыту әдiсiмен берiлген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал, мультимедиалық интерактивтi оқыту бағдарламалары көмегiмен берiлген материалдың 75%-ы есте сақталады.
Мультимедиалық технологияларды пайдалану мен дәстүрлi оқыту әдiстерi арасындағы айырмашылықты 2-суреттен көруге болады.
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, мультимедиалық технологиядарды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткiзедi:

  • оқуға кететiн уақыттың үнемделуiне;

  • оқу мотивациясының жоғарылауына;

  • зейiн аудару нәтижесiнде оқу материалын толық түсiнуге;

  • алынған бiлiмнiң ұзақ уақыт есте сақталуына.

  • Айталық, мультимедиалық технологияларды субьектiнiң iс-әрекетiне байланысты оқыту құралы және оқу құралы деп бөлуге болады. Мысалы, мультимедиалық компьютер демонстрациялық-эксперименттiк жағдайда - оқыту құралы, ал зертханалық практикум жағдайында - оқу құралы. Оқыту құралдарын оқытушылар оқу материалын түсiндiру және бекiту үшiн, ал оқу құралдарын студенттер мен оқушылар жаңа бiлiмдi меңгеру үшiн пайдаланады.

  • Мультимедианы белгiлi бiр оқыту жүйесiнiң мазмұны мен әдiстерiне негiзделген жағдайда пайдалану тиiмдi. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдiстерiнiң өзара байланысы бiркелкi болмайды, яғни, бiр мультимедиалық құрал бiрнеше оқыту әдiстерiн қамтыса, ал керiсiнше, бiр оқыту әдiсiнде бiрнеше мультимедиалық кешен пайдаланылуы мүмкiн.

  • Қазiргi заманғы мультимедиалық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетудi және оқу ақпаратының көлемiн белгiлi бiр реттiлiкпен берiп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқыту әдiстерiн талап етедi.

  • Оқыту процесiнде кездесетiн мәселелер мен оны тиiмдi шешудегi мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін 1-ші кестедегідей бөліп көрсетуге болады.

Мультимедиалық құралдарды оқыту процесіне енгізудің екі бағыты бар. Біріншісі, мультимедиалық құралдар дәстүрлі оқыту әдістеріне қосымша, оқыту процесін интенсивтендіру құралы ретінде қолданылады. Екіншісі, оқыту процесін ұйымдастыру формалары мен әдістерін және білім беру мазмұнын жаңартуға мүмкіндік беретін, экстенсивті бағытта қолданылатын мультимедиа-ресурстар ретінде пайдалану.
Интенсивті оқыту – білім беру процесін дамытуды ішкі резервтер есебінен жүзеге асыру.
Экстенсивті оқыту – білім беру процесін қосымша резервтер – жаңа құралдар, құрылғылар, технологиялар есебінен жүзеге асыру.
Мультимедиалық технологияларды білім беруде қолданудың артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де бар.
Мультимедианың білім берудегі артықшылықтарына мысалдарды көптеп келтіруге болады. Соның ішінде негізгілеріне тоқталайық:

  • білім мазмұнын құрылымдау технологиялары мен әдістерін жетілдіру;

  • дәстүрлі оқыту жүйесіне өзгерістер енгізу;

  • қосымша мотивациялық тіректерді пайдалану және оқытуды дараландыру арқылы білім беру тиімділігін арттыру;

  • оқыту процесінде өзара қарым-қатынастың жаңаша формаларын ұйымдастыру;

  • мұғалім мен оқушының, студент пен оқытушының іс-әрекеттер сипатын өзгерту;

  • білім беру жүйесін басқару механизмін жетілдіру.

Кемшіліктері:

  • ұсынылған ақпараттың шектен тыс әртүрлі типте берілуі (кескін, дыбыс, бейнемәлімет, анимация) студент пен оқушының негізгі мәліметті қабылдауына кері әсер етуі мүмкін;

  • оқушының, студенттің экспериментті өз қолдарымен жасап көру мүмкіндігінің болмауы;

  • оқытуды дараландыру оқытушы мен студенттің, мұғалім мен оқушының бір-бірімен диалогты қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді;

  • мультимедиалық құралдарды шектен тыс қолдану пайдаланушылардың денсаулығына кері әсер етеді.

Бұл келтірілген қарама-қайшылықтар мультимедиалық ресурстарды оқыту процесіне енгізуді жүйелілік келіске негіздеп жүзеге асыру керектігін дәлелдейді.
Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдарын қарастырайық.
Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін оқытудың мақсатына, мазмұнына, формасына, құралдары мен әдістеріне сәйкестілігі тұрғысынан анықтауға болады. Ал, мұны жүзеге асыру кибернетика ғылымының зерттеу әдістеріне сүйену негізінде орындалады. Кибернетика – қоғамдағы, тірі организмдердегі, күрделі машиналардағы процестердің жалпы заңдылықтарын басқаратын, олардағы ақпаратты беретін ғылым. Кибернетика басқару жүйесіндегі ақпараттық процестерді зерттейді.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында кибернетиканың зерттеу әдістері педагогикада да қолданыла бастады. Жүйенің жалпы теориясы, басқару теориясы, ақпарат және байланыс теориясы, алгоритм теориясы, модельдеу және бағдарламалау теориялары секілді кибернетика салаларын оқыту процесінде қолдануға байланысты ғалымдар біршама зерттеулер жүргізді.
Педагогикалық процесті басқару және жетілдіру үшін көп жағдайда кибернетиканың бағдарламалап оқыту теориясына сүйенеміз. Педагогикалық кибернетиканың зерттеу әдістерімен шұғылданушы көптеген педагог-ғалымдар бағдарламалап оқыту өз кезегінде педагогикаға жүйелік тәсілді қолдануға әсерін тигізеді деген пікір айтады.
Көрнекті ғалым Т.А.Ильина педагогикада жүйелік тәсілді дамытатын негізгі теорияларға мыналарды жатқызады:

  • кибернетика және жүйенің жалпы теориясы;

  • ақпарат теориясы, бұл теория зерттеушілерді әртүрлі байланыс арналары арқылы ақпараттық тұжырымдамалармен қамтамасыз етеді;

  • жүйелік талдау, бұл әдіс оқытуда жаңа технологияларды қолдану кезінде пайдаланылады.

Жүйелік тәсілдің тиімді нұсқаларының бірі – морфологиялық әдіс. Жүйені талдау және ұйымдастырудағы морфологиялық әдістің әдіснамалық негізгі ерекшеліктерін қарастырайық. Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Қазіргі кезге дейін ғылым дамуы мынадай кезеңдерден өтті:
1) ғылыми жүйелік тәсілдің сипаттамасы зерттеу нысаны ретінде анықталды;
2) зерттеу нысанына „терістеу және құрылымдау” деп аталған ғылыми әдіс қолданылды. Оның негізгі идеясы: оқытылатын жүйе жөніндегі жаңа ұғымдар мен анықтамалар бұрынғы ұғымдар мен анықтамаларды тексеру негізінде пайда болады;
3) жүйелі талдаудың дамуына байланысты терістеу және құрылымдау әдісінің орнына „талдау және құрылымдау әдісі” қолданылуда. Жүйені зерттеудің бұл әдісін пайдалану кезінде шешілетін мәселенің ұғынықты, шешімді үлгісі жасалып, оны ары қарай дамыту жолдары қарастырылады.
Жалпы, педагогикалық зерттеу нысанына қолданылатын жүйе мынадай құрылымдардан тұруы керек:

  • оқытудың мақсатын анықтайтын әлеуметтік жүйеден;

  • оқытудың мазмұнын анықтайтын ғылыми білімдер негізіндегі ақ-параттық жүйеден;

  • нақты бір оқу пәнін оқытудың жалпы және жеке әдістерін дамыту жүйесінен;

  • оқыту процесін ұйымдастыру жүйесінен.

Педагогикалық әдістерді мынадай сипаттамаларына байланысты жіктеуге болады:

  1. Оқытылатын материалдардың құрылымдық-мазмұндық көрсеткіш-теріне;

  2. Оқу материалдарын ұсынудың практикалық әдістеріне;

  3. Білімді қабылдау кезіндегі оқушылардың немесе студенттердің бойындағы интеллектуалдық және психикалық өзгерістерге;

  4. Оқыту нәтижелерін тексеру әдістеріне т.б.

Біз төменде мультимедиалық құралдардың оқытудағы тиімділігін біріншіден, оқытудың мазмұнын анықтайтын ғылыми білімдер негізіндегі ақпараттық жүйеге, екіншіден, оқытылатын материалдардың құрылымды-мазмұндық көрсеткіштеріне байланысты анықтау жолдарын қарастырдық. Оқу материалының мазмұнына қатысты әрбір мультимедиалық құрылғы тізбектер жиынымен сипатталды. Ал, тізбектер жиынын морфологиялық әдісте қолдануға болады.
Мультимедиалық ресурстарға арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған мультимедиалық қарапайым өнімдер (мәтін, сурет, анимация т.б.) мен мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жатқызуға
болады.
Оқыту процесінде дидактикалық құралдар ретінде қолданылатын мультимедиалық ресурстарды жасау және пайдалану үшін оқытушыдан алдымен сапалы мультимедиалық өнім дайындаудың технологиясын білуі, сондай-ақ, аппараттық және бағдарламалық құралдарымен (оларды инструменталдық құралдар деп те атайды) жұмыс жасай алуы талап етіледі.
Мультимедиалықресурстарды жасау үшiн қолданылатын инструменталдық құралдар арнайы (авторлық орта) және әмбебап (бағдарламалау жүйелерi) болып бөлiнедi. Бiрiншi түрде электрондықматериалдар автоматты түрде авторлық орта негiзiнде, ал, екiншi түрде бағдарламалау тiлдерiн пайдалану негiзiнде жасалынады.VisualBasic немесе Delphi т.б. визуалды жобалау жүйелерiнiң пайда болуына байланысты бұл екi түрдiң арасындағы айырмашылық азаюда.
Қарапайым мультимедиалық өнім дайындау бағдарламаларын қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет