Орындаған: Токашева Мерей Тобы: Әлеуметтік жұмыс 105 топ

бет2/5
Дата13.10.2022
өлшемі109,97 Kb.
#152877
1   2   3   4   5
Байланысты:
философия

Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні,Арабияда 6 ғасырда дүниеге келген Араб халифаты 16 ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды,ал ғалымдар халифат Рим империясынан мықты болған деген пікір айтады.Бұл пайымдаулармен келісуге де болады,себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез келген империяның шамасы келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуы күшті болуы оның философиясының да айқындаушы факторы болды.

Ислам діні негізгі дін,араб тілі Құран тілі болған Араб халифатына мұсылман діні өзінен 6 ғасыр бұрын пайда болған христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында әсіресе,кіші Азияда Ислам антика филосоиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ.Есімнің пікірінше,әлемді күшпен ғана емес,философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл бөлді.

Адам және оның тағдыры мәселесін түсіндіруде,оған рухани басшылық жасауға моральдық жауапкершілік ісінде олар антика философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігімен грек философтарының еңбектері әуелі Сирия,кейін араб тіліне аударылды.Тіпті Византиямен соғыста олар тұткындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Еуропаға жетті. Яғни,Еуропа өокениеті үшін антика философиясын сақтап алған араб ойшылдары деуге болады. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: Әл-Кинди,Әл-Фараби,ибн Сина ,әл Ғазали, Таза ағайындар, ибн Бадж, ибн Араби, инб Туфейль, ибн Рушд.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет