Әбу Насыр Әл-Фараби- азан шақырып қойған есімі: Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Уғлағ әл-Фараби ат-Турки. Өмір сүрген уақыты 870-950 жылдары. Әлемге әйгілі ойшыл,философ,социолог,математик,физик,астроном,ботаник,лингвист,логика,музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.
Отырар медрессесінде,Шаш,Самарқан,Бұхара,кейін Харран,Мысыр,Халеб,Бағдат шаһарларында білім алған.
Әбу Насыр Әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:
Әбу Насыр Әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:
1.Алистотель шығармаларына германевтикалық талдау жасаған.
2.Дін мәселесіне келгенде,Құдай деген идеяны жоққа шығармаған. Ол аристотель ілімі негәзінде әлемнің алғашықы себебін мойындайды,алғашқы себеп ол құдай.Фараби:форма үздіксіз өзгерісте,ал материая мәңгі деген.
3. Ғылым ,Фарабидің айтуынша,ақылдың нәтижесі,оның екі түрі болады: теориялық және практикалық. Теориялық ғылымдар:логика,табиғататтан
4.Фарабидің мемлекет,саяси,қала өмірі суралы “Қайырымды қала тұрғындарының қозқарасы туралы” және “Азаматтық саясат”деген еңбектері бар
5.Фарабиді таза рационализм тұрғысынан түсінген,толық емес.
Ибн Сина- 980-1037 жылдары өмір сүрген. Ол әлемге әйгілі ұлы емші ретінде кеңірек мәлім,медицина тақырыбына 43 трактат жазған. Осы саладағы басты еңбегі “Емшілік ілімнің каноны”.
Ибн Сина грек философы Аристотель еңбектерін жоғары бағалап келіп,оның ізбасарларын Шығыс перпатетиктерін сынға алған,себебі,олар өз ұстаздарының ойларын түсініп алуға бар күштерін жұмсап,оның кемшліліктерін көре білмеген.
Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып,оның предметін анықтаумен бірге,субстанция,дене,форма,себептілік,қажеттілік,мүмкіндік,мән,қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал “Жан туралы кітабында” ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема- Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы.