Әл-Кинди - 800 жылы туған жан-жақты білімді,терең ойлы ғұлама.Еңбектері - метафизика,логика,этика,математика,астрономия,медицина,метеорология,музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Әл-Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбектерін грек тілінен арабшаға аударып,оларға түсінік,терменевтикалық талдау беруінде.Оның айтуынша,философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек.”Әрине,әрбір істің басшысы Алла,-дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде”. Ол Аристотель шығармаларын 4 түрге бөліп,топтаған. Бірінші топтамаға- логика, Үшінші топтамаға- өздігінен өмір сүріп,нақтылы нәрселерді қажет етпейтін,бірақ солармен бірге өмір сүріп,бірге байланыс тәсіліне болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші- нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітаптар. “Категориялар” деп аталатын кітабында - сөз ұғымдар ,сипаттар туралы. Субстрат дегеніміз- субстанция(зат). Сипат(атрибут)дегеніміз- акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып,не өзінің аталуы,не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша,тоғыз акциденталдық ұғым бар,олар:сан,сапа,қатынас,орын,уақыт,әрекет,өзгеріске түсу,қабылдану және орын алу немесе орналасу. “Алғашқы философия” туралы трактат “Алғашқы философия” туралы трактат 1. Философияның мәні туралы. Ол шындықты танудағы адам кабілетінің мөлшерін білдіреді. Өйткені нағыз философия дегеніміз- ақиқатты тану. 2. Нағыз биік әрі ізгілікті,әрі рухани философия,ол қандайда ақиқаттың себебі болатын алғашқы ақиқат туралы ғылым. 3. Таным туралы. Адам танымының екі түрі бар. 1)сезімдік таным,2)ақылмен тану. 4.Егер нәрсенің өзі болмай,оның мәні болса,ол ештеңе де емес.Ал ештеңе емес нәрсенің пайда болуына себеп бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |