Саясаттану саясат туралы ең бiлiмдi ғылым болып есептеледi. Басқа әлеуметтiк бiлiм түрлерiне қарағанда саясаттанудың өзiндiк арнаулы ерекшелігі болады, яғни саясат қоғамындағы табиғат, шарт және билiк технологиясы. Саясаттану саяси әрекеттердi зерттей отырып, бiрнеше пәнге бөлiнедi: - Саяси философия – ол саясат аспектiнiң дүниежүзiлiк құндылықтарын,саяси идеяларды, нормаларды зерттейдi. - Саяси тарих – ол әлеуметтiк емес, саяси институттар мен ұжымдардың даму тарихын, әр кезеңдегi революциялық өзгерiстерi мен себептерiн зерттейдi. - Саяси теория – ол билiк ұжымындағы анализ түрлерi мен формаларын, саяси субъектiлердi, мемлекет және құқық теориясын, т.б зерттейдi. - Саяси зерттеу теориясы – ол саяси идеялардың пайда болуы мен дамуын зерттейдi. - Саяси психология – ол саяси тәртіптiң субъективтi тетігін зерттейдi және өзара қатынасын ашады. - Қолданбалы саясаттану – ол өткен ғасырдағы 60-жылдары саяси ғылым iшiнде негiзделдi. Ол психология, әлеуметтану, кибернетика нәтижелерi барысында нақты саяси мәселелерді шешедi. - Саяси әлеуметтану – ол әлеуметтану мен саясаттанудың аралық өнiмi болады. Ол саясатқа қатысушылардың қызығушылығы мен олардың пiкiрлерiнiң мазмұнын зерттейдi. Саясаттану мен саяси әлеуметтану арасындағы айырмашылықты американдық социологтар С. Липсет және Р. Бендикс айтулары бойынша «саяси ғылым мемлекет бастап оның қоғамға деген әрекетiн зерттейдi, ал саяси әлеуметтану қоғамнан бастап, оның мемлекетке тигiзетiн әсерiн зерттейдi». Саясаттану саясатты зерттей отырып үш деңгейдегi бiлiммен шектеледi. - Философиялық, мұнда билiк пен мемлекеттiң мәнiсiн, табиғатын жәнемiндеттерiн анықтайды. - Теориялық, мұнда әр саяси институт пен субъектiнiң орнымен, оның рөлi және де билiк қатынастағы функциялары анықталады. - Социал, яғни әлеуметтiк, мұнда саяси әсерлердiң себебi мен салдарынжәне тұлға мен топтың тәртiбiн анықтайды. Саясаттанудың негізгі қызметтері Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрттанып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде карайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық катынастарды да зерттейді, ел аралық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады. Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүниежүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институтгарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық кұқық). Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялык қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндетгері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсатмүддесіндегі және мінез-кұлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің калыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініпбілу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер кабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресеқазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі саяси кұбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны кұрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып білуді талап етеді. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың ісәрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді. Нормативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді. Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға және болмайды. Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады. Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік үғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтену», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам", «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т. б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа коғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы окиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси кайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады. Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
Қорытынды
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық с-әрекетінде басшылыққа алынады. Саясаттану саяси өмірді жетілдіруді де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, коғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтіксаяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің, құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда. Саясаттану қызметі танымдық (гносеологиялық), сипаттамалық, түсіндірмелік, дүниетанымдық, реттеушілік, аксиологиялық (бағалау), болжамалық және әдістемелік (инструменталдық) болып бөлінеді. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның қөмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси – басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.