Бағаланатынкезеңдегі талдауға арналған құжаттар : оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, сынып журналдары («Білім-ал» немесе «Күнделік» АЖ-дан жүктеу) . Талдау нәтижелері :Осы критерий бойынша талдауға ұсынылған құжаттарды зерделеу көрсеткендей Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады. Сонымен қатар, 5-8-сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады. Мемлекеттік аттестаттау барысында кеткен кемшіліктер түзетілген. Мектептің ұсынылған «Жолда жүру ережелері» оқу курсының бағдарламаларына, сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспарларына, 1-8 сыныптардың сынып журналдарына талдау жүргізіліп, қорытындысында мектеп бойынша жолда жүру ережелерін оқыту сабақтары уақытында жүргізілуде.
Осылайша, "Жолда жүру ережелері" оқу курсы 1-8 сыныптарда сабақтан тыс уақытта сынып сағаттарының есебінен іске асырылатыны анықталды
ҚОРЫТЫНДЫ:МЖМБС-ның талаптарына сәйкес келеді.
10
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестігі; Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген. Әдістемелік нұсқауларға 9,10, 11, 12-қосымшалар, білім беру ұйымы бекіткен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тізімдеме, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжат немесе ғимараттарды сенімгерлікпен басқару не ғимаратты жалға алу шарты, денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық көмек көрсету шарты (шағын жинақталған мектептер үшін), уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы. халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласы немесе студенттерді санитарлық ережелерге сәйкес тамақпен қамтамасыз ету туралы келісім, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы акт/хат, бейнероликті жүргізуге келісім-шарт қадағалау жүйесі. Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар жұмыс оқу жоспарының пәндеріне сәйкес мұғалімдердің болуы: