Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



бет2/8
Дата24.04.2020
өлшемі36,88 Kb.
#64550
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сарып індеттану

Негізгі бөлім

Сарып ауруы (бруцеллез) - бруцелла атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын адам мен жануарларға ортақ созылмалы түрде өтетін ауру. Бруцеллезбен ауырған мал ауру таратудың негізгі көзі болып саналады. Бұл аурудың қоздырғышы ауру мал организмінен сүт, несеп, нәжіс арқылы сыртқы ортаға шығады. Іш тастаған мал өте қауіпті. Себебі олардан қағанақ, шарана суымен бруцелла көптеп бөлінеді. Сонымен сау малға ауру малдан жұғады. Егер адамдар мал дәрігерлік ережелерді сақтамаса, бруцеллезбен ауырған малды күтіп-баққан кезде, оның залалсыздандырылмаған сүті мен етін ішіп-жегенде ауруға шалдығады. Аурудың бұқа ұрығы арқылы тарайтыны да бар.Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайғанда, бір суаттан суарғанда, бір жолмен айдағанда тараладыМалды өсіргенде, бағып күткенде ветеринариялық-санитариялық талаптарды дұрыс орындамау, соның нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен, тастанды төлді жинамау көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті түрде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай туғызады.Мал иелері, жеке тұлғалар немесе шаруа қожалықтары өздерінің малдарының саны жөнінде малдәрігер мамандарына дұрыс мәлімет беруі және тиісті ветеринариялық қызметін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар бруцеллез ауруының клиникалық белгілері (іш тастау, шуы түспеу т.б) байқалатын жағдайда мал дәрігер мамандарына дер кезінде хабарлау қажет. Аурудың бастап таралуына себеп болатын, ол ауыл шаруашылық малдар қозғалысының дұрыс қадағаланбауы. Сарып ауруынан сақтандырудың ең басты шартының бірі –отардағы малды жаңадан әкелінген малдармен бірге ұстау кезінде арнайы нұсқауларды басшылыққа алу болып саналады. Бұл жағдайда малдәрігерді міндетті түрде ескерту керек.

Жануарлардың бруцеллезімен күресудің бағыттары:

1. Бруцеллезге қарсы санитарлық – гигиеналық іс-шараларды жүргізу;

2. Бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жою;

3. Бруцеллезге қарсы санитариялық түсінік жұмыстарын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет