Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



бет1/8
Дата24.04.2020
өлшемі36,88 Kb.
#64550
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сарып індеттану


Жоспары

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Сарыпқа жалпы сипаттама

    2. Эпидемиологиясы, дерттенуі ,патогенезі,жіктелуі,белгілері диагностикасы,

    3. Дауалау мен күресу шаралары

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Кіріспе

Бруцеллезге 60-тан артық үй жэне жабайы жануарлар түрлері бейім. Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі, шошқа, солгүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде тарлайды. Түйе, жылқы, марал, қодас, буйвол сияқты жануарларда бәсеңдеу тарайды. Ит, мысық, қоян, сайғақ, түлкілерде шектеулі дэрежеде, болмаса спорадия ретінде кездеседі. Бұл аурудың табиғи ошағы болмайды. 162 Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалык белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті. Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен жэне жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады, Қоздырушы микроб сонымен қатар сүтпен, шэуетпен, нәжіспен жэне несеппен бірге бөлінеді. Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып, оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады. Бруцеллалармен ластанған өнімдер жэне малдан алынған шикізаттар, жануарларды күтуге арналған жабдықтар, жемшөп, төсеніш, су, топырақ, малды қарайтын адамдардың киімдері басты жұқтыру факторлары болып табылады. Жас төлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал сақа жануарларға алиментарлық жолмен жэне шағылысқанда жана-су арқылы жүғады. Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал экелгенде карантиндеу ережелерін сақтамаған кезде, ауру жэне сау малдарды бірге жайғанда, бір суаттан суарғанда, бір жолмеы айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қораға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шалдыққан малдардың шуымен не тастанды телмен жанасқан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады. Індегтің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%~ға дейіні инфекцияға шалдығуы мүмкін. Бас кезінде буаз мал ішін-ара, ал кейін жаппай іш тастауы мүмкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байқалмайды, ал шеттен мал қосқанда індеттену өршіп, жаңа экелінген жэне бұрынғы ауырған малдарды қоса қамтып, іш тастау қайтадан қаулауы мүмкін. Малды араластыру індетті өршітіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады. Малды өсіргенде, бағыгі күткеңде ветеринариялық-санитариялық талаптарды дүрыс орындамау, соның нэгижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақыттылы шу мен тастанды төлді жинамау, көңді газаламау, дезинфекцияны ретті түрде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет