Жіктелуі Латенттік бруцеллез біріншілік-латенттік және екіншілік-латенттік.
Жедел бруцеллез-жеңіл,орташа ауыр,ауыр ағымы.
Баяу немес жеделдеу бруцеллез- жеңіл,орташаауыр,ауыр ағымы.
Созылмалы бруцеллез, біріншілік-созылмалы және екеншілік-созылмалы.
Бруцеллездің қалдықтары.
Жедел бруцеллездің жасырын кезеңі 7-30күн.Жиі бруцеллез жедел басталады.Клиникалық нышандары токсико-бактериемиялық,жайылмалы инфекциялық процестің көріністері болып табылады.Қалтырау,қызу,терлеу,болып табылады.Аурудың негізгі нышандары-қызба.Қызбаның сипаты ремиттерлеуші температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1,5-2,0 градус.Дене қызуы тәуліктің екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарылайды.Сосын терлеумен сипатталып төмендейді.Бірақ бұл жағдайы қанағатты болады да ,дәрігерлерге қаралмай жүре береді.Бірақ бұл ұзаққа созылып науқас дене салмағын жоғалтады.
Екінші маңызды синдром-полиартронейромиалгиялар.Бұл кезде қабыну процесстер дамымайды .Бруцеллездің қазіргі ағымының ерекшілігі-ағзалардың қабынуы ертеден қалыптасады .Бұл адамдардың организмінің арнайы жоғары сезімталдығының өошуінің белгісі.Жеделдеу бруцеллез аурудың жедел сатысының жалғасы.Жедел бруцеллез кезіндегі көріністерге зақымданған ағзалардың қабыну процестері қосылады-артирит,неврит,орхит және т.б
Созылмалы бруцеллез кезінде аурудың аурудың жалпы токсико-бактеримияның әсерінен пайда болған нышандар бәсеңдейді.Бірінші орынға әртүрлі ағзалардың қабыну процестердің белгілері шығады.Бұл кезенде дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді тершендік айқын емес болады.Бірақ лимфаденопатия,гепатомегалия сақталуы мүмкін .