Этиологиясы
Бруцеллездің қоздырушысы Brucella тұқымдастығына жатады.1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасы бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығының 6 түрін ажырату керек. B.melitensis,B.abortus,B.suis, B.ovis, B.canis,B. neotomae.
Қоздырғыштың әр түріне тән организмдері бар.
B.meletensis иесі ұсақ мүйізді қара мал:қой,ешкі(3биовары бар).Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды,түйені,итті зақымдауы мүмкін.Патогенділігі жоғары,адамдардың арасында эпидемия,малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш.
B.abortus иесі сиыр (9 биовары бар).Адамдардың арасында спорадикалық ауру шақырады.Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған.
B.suis иесі шошқа.Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ малды зақымдауы мүмкін.Қазақстанда сирек кездеседі.
B.ovis қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы.Адам үшін патогендік әсері бар.
B.canis иесі ит.Адам үшін патогендік әсері бар.
B.neotomae иесу далалық тышқандар,адам үшін патогендік зерттелмеген.Соңғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген.
Сонғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған B.rangiferi.Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.Бруцеллалар ұсақ кок тірізді,қозғалмайтын,граммтеріс,спора,капсула түзбейтін бактериялар.Көлемі 0,5-0,7мкм*0,6-1,5мкм.Қоздырғыштың өсуіне оптимальды температура қажет.Антиденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып лопополисахарид саналады. Бруцелла-жасушалардың ішінде мекендейтін қоздырғыш.Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді.Ылғалды жерде-72күн,суда-90күн,құрғақ топырақта-3-4 ай,малдың жүнінде және терісінде-1-4,5 ай сақталады.Оның әлсіз жағы ыстықтан қатты қорқады.Күннің тура түскен сәулесінен 30мин 1 сағатта 50градус температурада-1 сағатта,60минут,70градуста-10мин арасында тіршілігін жояды,қайнатқанда 100 градуста тез өледі.
Достарыңызбен бөлісу: |