Топ мүшелері бағалау критерийлерін койып бірін – бірі бағалады. Мұғалімдер бағалаудың критерийлерін ретімен талдап, қызығушылықтары одан сайын арта түскенін байқадым. Бағалау критерийлерін сыни тұрғыдан ойлауға әріптестеріме жағдайлар туды да, олар пікірталас барысында оның шешімін таба білді.
Әрі карай бағалаудағы ынталандыруды сиқырлы сөздермен, жест мимикасымен, әзілмен көрсетуде әріптестерімнің бұрын байқалмаған екінші әртістік қабілеттерін байқадық. Енді ұстаздар бұл бағалаудың оқушыларға әсерін талдай отырып, әр топта жақсы пікірлер айтылып, коучинг тіптен тартымды бола түсті.