2.3 Проблемалық оқытудағы жоба әдісін қолдану әдістемесі
Жоба әдісінің шығу тарихы
Жоба әдісін қолдану білім беру үрдісінде түбегейлі жаңа әдіс болып
табылмайды. Жоба әдісінің тұжырымдамалық негізін прагматикалық
педагогика (лат. pragmatismus - іс, іс-әрекет) – «прогрессивизм» (немесе
«прогрессивті тәрбие»), «инструментализм», «экспериментализм» деп
аталатын педагогикалық ағым идеялары құрайды
Прагматикалық педагогика Ш. Пирс пен У. Джемстің есімдерімен
байланысты прагматизм философиясымен бірге пайда болды. Әдіс
19
ғасырдың екінші жартысында АҚШ-тың ауыл шаруашылық
мектептерінде жоба әдісі, сондай-ақ проблемалық әдіс деген атпен пайда
болды. Әдістің авторы американдық философ және педагог Джордж Дьюи
және оның ізбасарлары В. Х. Килпатрик пен Э. Коллингс аталған әдісті
философия
мен
білім
берудегі
гуманистік
бағыт
идеяларымен
байланыстырды. Сол кезде әдіс өмірмен байланысты жүзеге асырғандықтан,
мектеп оқуының өмірінен ажыратылған абстрактылы балама болып табылды.
Жоба әдісін оқу үдерісіне ұсынудағы Д. Дьюи идеялары келесі түрде
болды:
- адам қоршаған ортаға белсенді бейімделе отырып, оны алған
практикалық тәжірибе негізінде үнемі өзгертеді (өмір сүру үшін тәрбие);
- тәрбиенің мәні баланың кеңейтілген жеке тәжірибесін үнемі
өзгертуден тұрады;
- тәрбиенің басты мақсаты тұлғаның прагматикалық мүдделерін
қанағаттандыру негізінде өзін-өзі жетілдіру болып табылады;
- оқытудың негізіне "қызмет процесінде оқыту" қағидаты қойылуы
тиіс, өйткені ол баланың іс-әрекет мәніне сәйкес келеді және оқытудың
өмірмен, ойынмен, еңбекпен байланысын қамтамасыз етеді.
Жоба әдісі оқыту жүйесі ретінде көптеген елдерде кеңінен таралған.
Мысалы, Ұлыбританияда ол бастауыш мектептерде оқытудың басқа
әдістерімен үйлескен: балалар оқу материалымен байланысты нақты
тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар басқа да шетелдерде әдіс
белсенді және табысты дамыды. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль,
Финляндия, Германия, Италия, Бразилия, Нидерланды және басқа да
көптеген елдерде Джордж Дьюидің идеясы, яғни жобалар әдісі кең
қолданысқа ие болды және теориялық білімдерді тәжірибеде қолдануда,
нақты
проблемаларды
шешуде
айтарлықтай
нәтижелерге
жетті.
Академиялық білім мен прагматикалық біліктер арасындағы тепе-теңдікті
табуға ұмтылатын көптеген білім беру жүйелерін тартатын жобалар әдісінің
29
қазіргі тезисін былай деуге болады: «Мен өзімнің білетінімді және
үйренгенімді және істей алатынымды өзіме қажетті жерде қолдана аламын».
Жоба әдісі 20 ғасырдың басында орыс педагогтарының да назарын
аударды. Жобалық оқыту идеялары Ресейде американдық педагогтардың
нұсқаулықтарымен қатар пайда болды. Орыс педагогы С. Т. Шацкийдің
басшылығымен 1905 жылы оқыту тәжірибесінде жобалық әдістерді белсенді
қолдануға тырысқан қызметкерлердің шағын тобы ұйымдастырылды.
Ресейде Д. Дьюи идеяларын Советтік педагогикалық практикада Макаренко
толық жүзеге асырылды. Алайда, отандық педагогиканың жобалар әдісіне
деген қатынасы бір мағыналы болмады. Алдымен әдіс келешегі зор деп
танылды, және 1929-30 жылдары кешенді-жобалық бағдарламалар әзірленді,
онда мұғалімнің жетекшілігімен білімді жүйелі түрде меңгеру жоба
тапсырмаларын орындау бойынша, соның ішінде «сауатсыздықты жоюға
көмектесеміз» деген сияқты жоба жұмыстармен алмастырылды.
1931 жылы Ресейде Орталық Комитеттің «Бастауыш және орта мектеп
туралы» БКП (б) қаулысымен төмендегі себептерге байланысты жоба әдісін
қолдануға тыйым салынған:
1.
Әдіске деген шамадан тыс қызығушылық басқа оқыту әдістеріне
зиян келтіруінен;
2.
Жоба әдісімен жұмыс істеуге қабілетті педагогикалық
кадрлардың жоқтығынан;
3.
Жобалық әдістеменің нашар әзірленуінен оқыту сапасының
төмендеуінен.
Ресейде жобалар әдісіне қызығушылық XX ғасырдың 80-ші
жылдарында қайта пайда болды.
Қазіргі педагогика тұрғысынан жобалар әдісі:
- оқудағы оқушылардың белсенді ұстанымы;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту;
-
жалпы оқу біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін
қалыптастыру: тікелей байланысты зерттеу, рефлексиялық және т. б. және
оларды практикалық қызметте қолдану тәжірибесі;
- оқытудың өмірмен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |