«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ


Кейстерді талдау нәтижелерін ұсыну (таныстыру)



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата17.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#102105
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ

Кейстерді талдау нәтижелерін ұсыну (таныстыру) 

Презентация, немесе кейсті талдау нәтижелерін ұсыну кейс әдісінің өте 

маңызды элементі болып табылады. Бұл ретте саѕе-study-де презентацияның 

екі  түрі  қолданылады:  ауызша  (көпшілік  алдында  баяндама)  және  жазбаша 

есеп-презентация.  Көпшілік  алдындағы  баяндама  (ауызша)  презентация 

кейстің  шешімін  топқа  ұсынуды  көздейді.  Ауызша  презентация  көпшілік 

алдында  сөз  сөйлеуді,  ақпаратты  қысқаша,  бірақ  нақты  және  толық 

баяндауды,  ұсынылған  шешімді  сенімді  негіздеуді,  сын  мен  қарсылыққа 

дұрыс 


жауап 

беруді 


талап 

етеді. 


Ауызша 

презентацияның 

артықшылықтарының  бірі  оның  икемділігі  болып  табылады.  Сөз  сөйлеуші 

қоршаған  жағдайдың  өзгеруіне,  аудиторияның  көңіл-күйін  сезіне  отырып, 

өзінің стилі мен материалын бейімдей отырып жауап бере алады.  

Жазбаша  есеп-презентация  мәтінді  дайындау,  дәл  және  ұқыпты  есеп 

жасау,  есептерде  және  т.б.  қателерге  жол  бермеу  сияқты  қасиеттерді 

көрсетуді  талап  етеді.  Кейсті  жазбаша  талдаудың  негізгі  ережесі  мәтіннен 

ақпаратты  қарапайым  қайталаудан  аулақ  болу  болып  табылады,  ақпарат 

қайта  өңделген  түрде  ұсынылуы  тиіс.  Бұл  ретте  ең  маңыздысы  ұсынылған 

материалды  талдау,  оның  тиісті  түсіндірмесі  және  жасалған  ұсыныстар 

болып  табылады.  Жазбаша  есеп-презентация  ауызша  презентациядан  кейін 

біраз  уақыт  өткеннен  кейін  тапсырылуы  мүмкін,  бұл  пікірталас  барысында 

алынған барлық ақпаратты мұқият талдауға мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет