Жалпы сұрақтары: Орман шаруашылығы ісі бакалаврларын дайындаудағы орман аңдары мен құстары биологиясы пәнінiң маңызы. Пән–орман мақұлықатын - фаунаны (белгілі территорияда мекендейтін, қандай болса да бір жіктеу тобына жататын жануарлар) теориялық дәлелдеу мен оны қорғау, тиімді қолдану және өсіру практикалық іс-шараларын әзірлеу туралы ғылым. Биологияның қысқаша дамуы, оның басқа профильдік пәндерімен байланысы. Орман аңдары мен құстарын зерделеудегі кейбір мақсаттары мен әдістері. Пән бөлiмдерi, олардың зерделеудегi мақсаттары.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Көптеген тірі организмдер Жерде қалай да бір үйлесімде емес, тек тіршілік етудегі биологиялық бірліктегі топтануда немесе тіршілік қауымдастықтарда (биоценоз) кездеседі. «Биоценоз» атауын 1877 ж. К. Мебиус берді. Орманда тіршілік ететін құстар мен аңдар орман биоценозының пайда болып, дамуында басты рөл атқарды. Жылықанды жануарлар көптеген сүректі, бұталы өсімдіктердің тұқымын, жемісін жояды да, оларды жер бетіне таратады, өсімдіктердің түрлі дамудағы бөліктерін жейді, көптеген зиянды, кейде орман шаруашылығына пайдалы омыртқасыз, омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Орманды мекендейтін көптеген түрлер аңшылыққа аса құнды, олар шаруашылыққа құнды өнімдер, әсіресе аң терісін, жоғары сапалы ет, тері илеу, фармацевтика және басқа да өнеркәсіп салаларына шикізат береді. Биология дамуын 4 кезеңге бөледі: оның қалыптасуының алғашқы кезеңі Аристотель еңбектерінен басталып, К. Линней, оның ісін жалғастырушылар ғылыми жұмыстарымен аяқталады. XVIII ғ. соңында эволюциялық көзқарас дамиды. Ол, Ч. Дарвин «Түрлердің пайда болуы» кітабында баяндалады. Осыдан кейін биология дамуының 2 кезеңі басталады. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің жіктеу бірлігі–таксондар (негізгі таксондар-түр, туыс, тұқымдас, қатар-отряд, класс, тип) топтары зерттеледі. XIX ғ. соңында биология дамуы 3 кезеңі басталады. Онда зерттеушілер түр ішіндегі эволяцияға басты көңіл аударады. Төртінші кезеңде ғалымдар түр, түр топтары арасындағы туыстықты, байланысты айқындап, белгілеуде. Туыстық қарым-қатынастар, байланыстар анықталып, дәлелденуде. Мұнда негізгі зерзат (объект)–популяция (түрдің қарапайым құрылымы) болып келеді. Бұл даму кезеңі қазіргі кезде де жалғасуда. Тіршілік сферасының кішкене бөлігін жануарлар құрады, оның массасы барлық тірінің 2% аспайды. Бірақ, олар өте жоғары қуат потенциалымен, зор қозғалтқыштығымен, әрі әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жануарлар өсімдіктер және бірін-бірі жеумен қоректеніп, заттар мен қуаттардың биологиялық айналымына қатысады. Осы жануарлардың бірталайы ормандарды мекендеп, органикалық әлемдегі жүйелеу топтарының басқа да өкілдерімен бірге орман тіршілік қауымдастықтарын құрады. Олар орманда ұя салады, терең ін қазады, тарамдалған жер астында жол салады, тұқым, жапырақ, тармақ, шөптер массасын жейді, көптеген шыбын-шіркейлерді, басқа жануарларды, оның ішінде орман шаруашылығына зиянды, әрі пайдалы түрлерінде жояды. Аңдар мен құстар өз тіршілігінде өзара, басқа жануарлармен тығыз іс-әрекетке түсіп қана қоймай, өзге де өсімдіктермен, топырақпен, рельефпен, ауа райы жағдайымен және қалған өлі табиғатпен де байланыста болады. Жануарларды қоршаған табиғат орта, мекендеу ортасы деп аталады. Оған физикалық-химиялық (температура, жарық, ылғалдық, топырақ және т.б.), биологиялық, биотикалық факторлар (өсімдіктер, микроорганизмдер, басқа жануарлар) жатады. Оны бір организм тіршілік әрекетінің екіншісіне әсер етуінің жиынтығы деп түсінген жөн. Пәннің мақсаты- Қазақстан орман қоры аумағында мекендейтін немесе келген омыртқалы жануарлар биологиясы негізінің теориялық білімін меңгерген, шаруашылықта құстарды, аңдарды, басқа да омыртқалылар өкілдерін ажырататын, олардың мекендейтін ортасын түгендейтін, жабайы жануарлар санын сақтау, қолдау, реттеу мақсатымен өзіне бекітілген аумақта биотикалық іс-шараларды мезгілінде жүргізетін орман шаруашылығы ісі бакалаврларын дайындау. Орман шаруашылығының тұрақты құрамдас бөлігіне (компонент) жабайы жылықанды жануарлар-құстар мен сүтқоректілер жатады. Орман аңдары мен құстарының биологиясы ғылым ретінде теориялық дәлелдеумен, орман мақұлықатын қорғау, тиімді қолдану, өсіру практикалық іс-шараларын әзірлеумен шұғылданады да, бір-бірімен тығыз байланыста болып, 3 бөлімге бөлінеді. Оларға-1) Орман құстарын, олардың орман шаруашылығындағы маңызын қарастыратын-орман орнитологиясы, 2) Орман сүтқоректілерін, олардың орман шаруашылығындағы маңызын зерттейтін-орман териологиясы, 3) Аңшылық жануарларды және аңшылық шаруашылықтарды жүргізу әдістерін зерттейтін–аңшылықтану жатады. Пәннің міндеті: орман омыртқалылары биологиясының теориялық негізін; олардың орманда, орман қоры аумағында мекендейтін, келген және онымен бірге аңдармен құстар түрлері құрамын; орман ортасында жануарлар мен құрамдас бөлігінің өзара әсерін; орман қорында шаруашылықты жобалағанда кездесетін шығынды бағалау әдісін; аңшылық шаруашылығын және дәстүрлі табиғатты пайдаланудың орман заңдар жиынтығы негізін; жабайы аңдармен орманда кездескендегі қауіпсіздік мінез-құлық негізін зерделеу; орман ортасын мекендейтін омыртқалылардың басты түрлерін айқындау үшін практикалық әдетін (дағды); аңдар мен құстар мекендейтін орындарын бағалау әдетін; аң ауланатын жер бөліктерін түгендеу және ретке келтіру, жабайы хайуандар санын реттеу үшін орман шаруашылығында іс-шараларды жобалау әдетін меңгеріп алу. Қазіргі биологияның міндеттері өте ауқымды және маңызды. Пәнді игеру нәтижесінде студент: сүтқоректілер мен құстар жүйелеуін (систематика), морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін; аңдармен құстардың ішкі, сыртқы құрылыстарын; жануарларды жіктеудің негізгі қағидаларын (принцип); орман аңдарымен құстарының тіршілік етуін, таралуын, санының өзгеру себептерін, биотикалық шаралар технологиясын, мемлекеттік мекеме аңшылық шаруашылығында еңбекті ұйымдастыру қағидаларын; аңдармен құстар кластарын, қатарларын, тұқымдастарын, туыстарын, түрлерін бас сүйектері, қаңқалары, ұшаларымен терісі бойынша анықтау тәсілдерін; сүтқоректілермен құстар кластарының жалпы сипаттамасын, олардың ұқсастықтарымен ерекшелік белгілерін; мекендеу ортасына, қоректенуіне, жылдық тіршілік циклдің кезеңдік құбылыстарына бейімделуіне байланысты жануарлардың негізгі экологиялық топтарын, аңдар мен құстардың экологиясын, мінез құлқын білуі тиіс. Студент: анықтауыштарды пайдалануды; коллекциялық материалдар (бас сүйегі, қаңқалар, ұшалар, терілер, тұлып-чучела) арқылы аңдар мен құстар кластарын, қатарларын, тұқымдастарын, туыстарын, түрлерін, түршелерін анықтауды; табиғатта жануарларды бақылап, оларды күнделікті жұмыста пайдалануды; негізгі орман құстарымен аңдарын сыртқы пішіндері, жүйелеу белгілерінен (тікелей, жанама) ажыратуды; орманда құстармен аңдар санына есептеу жүргізуді; пайдалы орман құстарымен аңдар санын көбейтудің іс-шара жобасын жасауды, олардың экономикалық тиімділігін бағалауды; орман қоры бөлігінде жабайы хайуанаттарды қорғау, өсіру, санын реттеу үшін өсіру, биотикалық және аңшылық шаруашылығына арналған іс-шаралар әзірлеуді істей білуі керек. Студент: хайуанат дүниесінің даму, зерттеу, оның ішінде Қазақстандағы омыртқалы жануарлардың зерттеу тарихын; омыртқалы жануарлардың жүйеленуін, Қазақстан орман мақұлықатының ерекшеліктерін, басты жабайы хайуанат түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін; Қазақстандағы аңшылық шаруашылықтары қалыптасуының негізгі кезеңдерін, қазіргі күйін, болашақтағы дамуын; Қазақстан аумағында сирек кездесетін, жоғалудағы жануарлар түрін қорғауды түсінуі қажет. Орман аңдары мен құстарының биологиясы орман шаруашылығы ісі профильдік пәндері: ботаника, дендрология (ағаш текті өсімдіктерді тексеретін), орман шаруашылығы, орман пирологиясы, орман өсіруді жоспарлау, орман таксациясымен (ағаш егу көлемін анықтау) байланысты. Құстардың кең тараған есепке алу тәсілі-дарақты есептеу (үні-дауысы арқылы, көзбен шолып байқау). Өте қызықты нәтижені құстардың ұясын санағанда байқауға болады. Оның қарапайым тәсіліне түрлердің кездесуі жатады. Ұсақ аңдарды қапқанмен, орға, жырашыққа қамап ұстағанда, санайды. Қояндарды, жыртқыштарды, тұяқты аңдарды қыста, қардағы ізіне қарап, санақ жүргізеді. Аңдармен құстарды қоректену жолында, әрі өсімдіктерге тигізген әсеріненде бақылайды. Ол үшін ұядағы балапандар өңештерін қайта тарту әдісін қолданады және қалған қоректі жинап, тұжырымдайды. Жануарлардың экологиясын, мінез-құлқын зертеу үшін оларды жақсы жасырылған торуылдан қарайды. Уақытты зерттеу әдісі-хронометражда пайдалы. Інді, ұяны, қорек орнына келгендегі де санақ оң деректер береді. Түрлі өздігінен жазу, автоматтық аппараттар, радиобелсенді изотоптар, радиотаратқыштар да қолданылады. Сақиналауды жақсы білесіздер. Жануарлар биосфераның кішкене бөлігін құрады. Олардың массасы барлық тірілердің 2% аспайды. Бірақ, олар жоғарғы қуат потенциалымен, үлкен жылжымалылығымен, орасан зор әр түрлілігімен ерекшеленеді. Жануарлар өсімдіктермен, бірін-бірі жеумен қоректеніп, биологиялық заттар және қуат айналымына қатысады. Жануарлар–Жер экологиялық жүйесінің басты бір бөлігі. Жануарлар әлемін жер үстіндегі жануарлар, балықтар және басқа су жануарлары деп бөледі. Қазір жануарлардың 1 500 000 түрі жазылған. Нақты түрлер саны бірнеше млн немесе ондаған млн-ға жетеді. Жануарлар түрлерінің саны: қарапайымдар-1,5-2,0 мың; губкалар-5; ішекқуыстылар-9; құрттар-20-25; моллюскілер-70-105; буынаяқтылар-750–1050 мың, оның ішінде 1 млн жуығы шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалар; тікентерілілер–5 мың. жуық; қабықтылар, жартылай хордалылар-1500-2000 жуық, хордалылар–50 мыңға жуық. Қазақстанның қазіргі жан-жануарлар әлемінде сүтқоректілердің 172, құстардың 490, бауырымен жорғалаушылардың 51, қосмекенділердің 12, балықтардың 100-ден артық түрлері бар. Әлем омыртқасыздарға (жәндіктер, шаянтәрізділер, моллюскілер, құрттар және басқалар) өте бай (40 мың. астам түрлер). Тек жеке жәндіктердің 30000 астам түрлері тіркелген. Қазақстан жан-жануарлар әлемінің аса көп әртүрлілігі республиканың географиялық орнына, күрделі тарихи көрінісіне және жан-жануарлар әлемі кешенінің қалыптасу жолына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |