Жалпы сұрақтары: Құстар класының жалпы сипаттамасы. Құстар-жоғары омыртқалы жануарлардың арнаулы тобы. Олардың пайда болуы, эволюциясы. Морфологиялық ерекшеліктері мен ұшуға бейімділігі. Құстың ағзалар жүйелері. Сүйектері, бұлшық еттері құрылысындағы ерекшеліктері. Қауырсындар, олардың жіктелуі және құрылысы. Дыбыс шығару аппараты. Жұмыртқаның құрылысы.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Орман орнитологиясы-орман құстарын, олардың орман шаруашылығындағы маңызын қарастырады. Олай болса, құстар-омыртқалы жануарлардың ішіндегі ерекше арнаулы тобы, жеке класс құрып, юра кезеңінен бастап, хордалылар типіне және омыртқалалардың тип тармағына жатады. Мысалы, алғашқы тасқа айналған айуандардың 55 млн жыл бұрыңғы жинағы Гондвананың батыс жағында (Австралия, Жаңа Зеландия, Антарктида) табылған. Құстар денесі тұрақты температурасымен, қауырсынымен, қарқынды тыныс алуымен, ұшу мүмкіндігімен, тістері жоғымен, жеңіл қаңқасымен, жақсы көруімен, естуімен және дауыс аппаратымен ерекшеленеді. Жерүсті омыртқалылар арасында құстар класы түрлерге ең бай (8580). Олар мына түрлерге: өмір сүру өзгешелігіне орай (отырықшы, соқпа-шанда, ұя салушы, қыстаушы, көшпелі), қоректену өзгешелігіне-(дән қоректі, жәндік қоректілер, балық жейтін, жыртқыш, талғаусыз жейтін), мекендеу өзгешелігіне-(теңіз, су жиегі, батпақты, орманды, далалы, елді мекен), мекендеушілер тығыздығына-(сансыз көп, әдеттегі, жоғалудағы, саны аз, сирек), шаруашылық және әсемдік құндылығы-(кәсіптік, сайрағыш, санитарлық, тұқым тарататын, бақ, бақшаға зиян келтіруші, сәндік) деп жіктеледі. Құстар мақұлықаты жақсы зерттелген. Олардың ішінде басым көп түрлері (515)–ұя салушылар, оның тек Қазақстанда 27 түрі кездеседі. Одан кейінгі түрлерге торғай, ржанка, қазтәрізділер отрядтары жатады. Құстар анатомиялық құрылысымен, дамуымен өзінің арғы атасы-бауырымен жорғалаушыларға жақын. Олардан көптеген қазір байқалатын белгілерді мұра етіп алған. Құстар класының негізгі басты белгілері: ұшуға бейімделуі және бауырымен жорғалаушыларға жақындығымен айқындалады. Сондықтан осы белгілерді құстардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерімен танысқанда естеріңізде сақтауларыңыз қажет. Жерүсті құстардың үйлесімді (келісімді) жүретін екі (артқы) аяғы болады. Алдыңғы аяқтары қанатына өзгерген, онда үш саусақтың қалдықтары бар. Тұлғасы тұтас үлкен төсіне, қанаттарының бұлшық еттері бекітіледі. Бассүйегі мен қаңқа сүйектері ауаға толы болады. Сүйекті құйрығы қысқа. Қауырсындану–барлық құстарға тән белгі, сүтқоректілер класы арасында кейбір тіпті түксіз түрлері де кездеседі, ал жорғалаушылар ішінде мүйізді қабыршақты немесе сауытсыз, т.б. түрлері болады. Сондықтан қандайда болмасын құстар класы өкілін жай қарапта анықтайды. Төс аумағындағы қаңқа жақсы дамыған. Ірі дарақтарда бассүйегі бір-бірімен тұтасқан. Мойын омыртқалары өте жақсы қозғалады. Бел, құйымшақ, құйрық омыртқалаларының біраз бөлігі де тұтасқан. Құстың бассүйегі жорғалаушылар мен сүтқоректілер бассүйегімен салыстырғанда айтарлықтай жеңіл. Оны түзетін сүйектер өте жұқа және ауаланған. Сонымен, бассүйек өте жұқа, бірақ өте берік, оның жігі болмайды. Кейбір юра, бор (меловый) дәуірлеріндегі құстардың (археоптерис, гесперорнис) тістері болған, қазіргі барлық құстардың жақ сүйектерінде тістері жоқ, олар мүйіз тәрізді затпен қапталып, құс тұмсығын құрады. Тістің жоғалуы ұшудың дамуына байланысты. Ол бассүйегінің неғұрлым жеңіл болуын қажет етті. Құстың бассүйегі мойын омыртқасымен сүтқоректілердегідей екі айдаршықпен емес, бауырымен жорғалаушылардағыдай бір айдаршықпен қосылған. Сондықтан бастың қозғалуы ұлғайған. Құстар бауырымен жорғалаушылардан тек төменгі ғана емес, жоғарғы жақ сүйегінің қозғалысында мұра еткен. Құс тұмсығын қатты ашқанда жоғары жақ сүйегі майысып, көтеріледі, ал жақ сүйектері қосылғанда ол түседі. Бұл, құс тұмсығының жақсы ашылуына және табылғанды жақтың жақсы ұстауына әсер етеді. Денесін бездері жоқ жұқа тері жабады. Құйрық негізінде құйыршық безі болады. Тері туындыларына денесіндегі қауырсындар, аяқтарындағы мүйізді қабыршақтар, саусақтарының ұштарындағы тырнақтар жатады. Бұлшық еттері жақсы дамыған, әсіресе төс, мойын, аяқтарындағы бұлшық еттер. Ас қорыту жүйесі тістерінің жоқтығымен ерекшеленеді, бірақ азықты жұмсартуға қажет жемсауы (кеңейтілген өңеші), ірі қос қалақшаға ұқсас бауыры, жақсы дамыған өт қабы болады. Тыныс алу жүйесі ұшуына бейімделіп, оны қамтамасыз етеді. Сондықтан өкпелері тығыз тесік-тесік ағза тәрізді, оның қосымша жұқа ауа қапшығы ағзалар арасында, сүйек қуыстарында, бұлшық еттерінде, тері астында орналасады. Құстарға қос тыныс алу тән. Себебі, ол қанатын қаққанда ауа өкпе арқылы өтеді. Бұл ұшқанда белсенді газ алмасуы жүруіне әсер етеді. Қан тамырлары жүйесі жүректің оң жағы көктамыр, сол жағы қызыл тамырға бөлінуімен сипатталады. Ондағы екі қанайналым шеңбері толық дербес (өз алдына) болады. Қызыл және көктамыр қандары араласпайды. Дене температурасы тұрақты (42-45 С). Шығару (бөлу) жүйесі қос екінші бүйрегімен және қос зәрағарымен (мочеточник) сипатталады. Зәрағарлар ішектің кеңейтілген соңғы бөліміне (клоакаға) ашылады, қуығы болмайды. Зәр құрамбөліктерінің эксперименттерімен бірге сыртқа клоака арқылы шығады. Құстың жүйке жүйесі бас миының одан әрі дамуымен сипатталады. Онда үлкен ми сыңары, көру бөліктері, жақсы дамыған мишығы, 12 жұп бас-ми жүйкесі болады. Құстар–даражыныстылар, олардың бір түрінде морфологиялық екі, не одан көп, ия болмаса аз, күрт айырмашылығы бар форма (жыныстық диморфизмом) байқалады. Негізгі морфологиялық белгілеріне орай, құстар омыртқалылардың басқа кластарына қарағанда біртекті топтарды құрады. Құстардың ішінде өте қатты қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілерде байқалатын жалпы құрылымынан ауытқитын өкілдері болмайды. Мысалы, қазіргі және қазып алынатын құстар арасында аяқсыз түрлері кездеспеді, ал барлық омыртқалылар кластарында олар болады. Құстардың бір түрлілігін, оның эволюция бойы қарқынды ұшуға ұзақ уақыт бейімделуі деп түсінген жөн. Ұшу негізгі жүру тәсілі болғандықтан барлық құстардың құрылысына айтарлықтай әсерін тигізді, оның сыртқы, әрі ішкі құрылымының негізгі ұқсастықтарына себепші болды. Ұшпайтын құстар (түйеқұстар, пингвиндер және басқа) ұшуға қажет бірталай басты белгілерін жоғалтқанымен, олардағы кейбір белгілер, арғы аталары бұрын ұшқанын байқатады. Мысалы, түйеқұстың алдыңғы аяқтарының қаңқасы ұшатын құстар қанатындай болып келеді. Сондықтан кейбір қазіргі ұшпайтын, қазып алынған құстардың ұшпауы пайда болған екінші құбылыс деп қараған жөн. Құстардың анатомиялық ерекшеліктері (қауырсын жабын, құйымшақ без, қаңқа, бұлшық еттер, қан айналым, тыныс алу ағзалары, дауыс аппараты, ас қорыту, бөлу, көбею ағзалары, бас миы, сезім ағзалары) туралы реферат жазыңыздар. Жұмыртқа құрылысы ең күрделілігімен ерекшеленеді. Оны сары уыздан, ақуыздан, қабыршақасты қабықтан, қабыршақтан тұратын тауық жұмыртқасын мысалға алып, сипаттап көрелік. Сары уыз–аса ірі жұмыртқаклеткасы, оның ядросы жоғарғы бетінде орналасқан, ол кішкене топталған белсенді ооплазмамен қоршалған, тұрақты қосындыларды сақтайды. Жұмыртқалаған тауық жұмыртқасы жұмыртқа емес, ол жұмыртқа жолынан өтіп, үшінші қабықпен жабылған, дами басталған ұрық. Мұндай жұмыртқаның жоғары бетінде (ұрықтану жүрсе) оның ядросы емес, даму жолындағы ұрық–бластодиск байқалады. Оның астында «ақ уыз» жиналған, түрі құмыра тәрізді болады. Оны латебра деп атайды. Жұмыртқаклеткасының басқа бөлігі негізінен «сары уызды» сақтайды, оның арасында кейде «ақ уыз» жолағы байқалады. Бұл уыздардың екеуі де жасушаның тұрақсыз қосындылары–сары уыз шарлары. Сары уыз шарлары ақ уыз шарларынан ірі, оның құрамында ақуыз, көптеген майлар болады. Ооплазманың қыртысты қабатынан сыртына қарай, жасуша қабығынан сарыуыз (вителлин) жарғағы немесе қабығы орналасқан. Ол 7-10 күн ішінде, жұмыртқалықтан аналық жасуша шыққанға дейін құрылады, ақ уыз-мукополисахарид кешенінен, біркелкі масса тәрізді, электронды микроскопта ғана көрінетін өте жіңішке жіпшелер торынан (фибрилл) тұрады. Ондағы ені 2 микронға дейінгі тор саңлауы ұрықтанғанда шәуеттерді ерікті өткізе береді (әтеш шәуетінің қалыңдығы 0,5 микроннан аспайды). Басқа жануарлар түріндегідей бұл жарғақтыңда сәулелі жолақтары бар. Оларға фолликулалық жасушалар өсінділері кіреді. Бірақ қабықтың ешқандай саңлауы болмайды да, бұл өсінділер өте жұқа сүзгі рөлін атқарады. Жалпы сарыуыз жарғағы жұқа мөлдір қап тәрізді, жұмыртқаклеткасын (кейін ұрықты) зиянды себепкерлерден (агент) қорғайды. Ақуызда 3–ішкі, сыртқы сұйық, ортаңғы тығыз қабаттар орналасқан. Қабыршақасты қабықта бір-біріне тығыз жанасқан, тек доғал ұшы екіге айрылып, арасында ауа камерасын құратын 2 қабық болады. Бұл қабық талшықтар торынан құралған, оокератин–ақ уызынан, кератинге ұқсас мүйізді заттан тұрады. Қабыршақ органикалық талшықтардан тұрады, оларға қыртыстанған минералды тұздар (кальциттер) тығыз байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |