Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет8/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Дәрістің қысқаша жазбасы. Халық «Құстарды қауырсынына қарап таниды» демек, әрі оған қарап, оларды басқа омыртқалылардан ажыратады. Қауырсын екі түрлі қызмет атқарады: құс денесін суықтан, су өтпеуден қорғайды. Онымен бірге қанат үстін жазық етіп, құс денесінің салмағын кемітетін, ұшуға қажет сүйір форма береді. Сондықтан құс өз формасын, көлемін өзгертіп, мүйіз текті түзілістен тұратын қауырсынындағы ауа санын реттейді. Ол денесінің тұрақты қалыпты температурасын сақтауда аса маңызды, ал сүңгитін құстардың салмақ үлесін өзгертеді. Қауырсынды жұқа май қабатымен тұрақты майлау, оның формасын сақтап, су өтпеуінен қорғайды. Қаңқасының негізгі ерекшеліктері құс тіршілігіндегі ұшуымен, оның жеңілдігімен, зор беріктігімен анықталады. Қаңқаның жеңілдігі сүйектердің жұқалығына, олардың ауамен толуына байланысты. Ұзын сүйектердің көптеген бөлігі қуысты, ауамен толы болады. Ұшуға бейімділігі, сүйектердің бірігіп, кейбір сүйектер элементерінің қалдықтары есебінен, оның жалпы санының азаюына жеткізді. Құстар құйрығының формасы, оның атқаратын әуе рөлі, теңгергіш (балансир) қызметтеріне сай болады. Құстардың бұлшық еттері өте жұқа талшықтардан тұрады. Олар өте тығыз, жоғары зат алмасуға қабылетті келеді. Бұлшық еттің бұл ерекшелігі құстардың көбіне тән аса жылдам, күрт қозғалыс жасауына, әрі ұзақ ұшып барып, қайтуында ұзақ ширығуы жүретінін көрсетеді. Құстардың ұшуына орай, зор жұмыс атқаруға қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің құрылысын жетілдіру қажет. Құс жүрегі өте зор ауыртпашылық көтеруге қабылетті. Жүректің ұсақ құстардағы қағуы қалыпты күйдің өзінде минутына бірнеше жүз рет, ұшқанда ол екі есе артық соғады. Құстарда газ алмасуы жүрмейді, бірақ ауа қабы арқасында организмде әруақытта пайдаланбаған оттегі болады. Ауа қабы қатысуымен өкпедегі газ алмасу тек дем алғанда ғана емес, дем шығарғанда да (екінші тыныс алу деп аталады) жүреді. Өкпе мен ауа қабындағы ауаның ауысуы төстің тыныс алудағы қозғалысында, тыныштық күйдеде, ұшқандада өтеді. Ұшқанда дем алу жиілігі көптеген есе өседі: торғайда, мысалы, минутына 50-ден 200 есеге дейін жетеді. Құс әдетте оттегінің кемістігін сезбейді. Себебі, ол неғұрлы жылдам ұшса, оның өкпесіндегі газ алмасу қарқынды өтеді. Оның үстіне, тыныс алу процесінде ауа қабының жылуды реттеудегі маңызы зор. Ағзалар арасында ауа қабаттарын құрып, олар құс денесін артық жылу жоғалтудан, ұзақ ұшқан кезде қатты қызудан қорғайды. Суда жүретін құстар қауырсынындағы, ауа қабындағы ауа санын өзі реттеп, ерікті өз үлес салмағын өзгерте алады, ол әсіресе сүңгуде өте маңызды. Құстың дауыс аппараты қызметін жоғарғы көмекей емес, төменгісі атқарады. Төменгі көмекей мен кеңірдектегі ерекше бұлшық еттер жиырылғанда, жарғақ пен дауыс ернінде түрлі дәрежедегі керілу пайда болады, ауа өткенде олар дірілдеп, дауыс шығарады. Құстардың тістері болмайтындықтан, оның қызметін тұмсығы ғана емес, қарныда атқарады. Құстардың негізгі физиологиялық ерекшеліктері сол, оның зат алмасу қарқындылығы жоғары болады. Сондықтан бұл зат алмасуды оның үлкен қозғалмалылығымен, әсіресе ұшуына орай, қуатын жылдам жоғалтатындығы мен, оны жылдам қалпына келтіруін байланыстыру қажет. Құстардың дене қызуы өте жоғары, оның әр түрінде ол 38-ден 43,5 градус аралығында болады. Ұсақ құстардың дене қызуы орташа 40-42 градуске тең. Қуығы жоқ. Зәрі басында сұйық, клоакада қоюланады. Себебі, оған бөлінген су қайта сіңіріледі. Сондықтан құс организміндегі су өте үнемді, аз шығады. Құстардың географиялық таралуы жалпы заңдылықтарға бағынышты, ол мақұлықаттың даму тарихы, негізгі ландшафттың аумақтық таралуымен анықталады. Басқа географиялық аумақтар ішінде орман, әсіресе зор кеңістігімен ерекше орын алады. Орманда құстардың 400-ден артық түрлері мекендейді, ол біздің мақұлықаттың жалпы санының 60% артық. Құстардың саны да, өте көп. Орманның түрлі типтерінде ұя салған құстардың қоныс тебу тығыздығын әр ендіктегі жасанды қоныс тебумен салыстырса, ол кеңістік бірлігінде жұп санының оңтүстікке жақындаған сайын өсетінін көрнекі көрсетеді. Сондықтан сүтқоректілер мен құстар белгілі географиялық ауданның территориясындағы экологиялық жағдайларға, өсімдіктер сипатына қарай таралады. Сөйтіп, топтар немесе биоценоздар құрады. Жәндікқоректі құстар–орман санитарлары болып келеді. Орманның жыртқыш құстары, жапалақтар, тағы басқа көптеген врандылар танап, шабындық кеміргіштерін өте көп мөлшерде аулайды. Орманда ұя салатын көгершіндер, шұбар шымшықтар, сарыторғайлар, пайыз торғайлар және басқа дәнқоректі құстар арамшөп тұқымдарын жоюымен пайдалы. Онымен қатар, танапқа түсіп қалған мәдени өсімдіктердің дәндерін жинап, олар зиянды тышқан тәрізді кеміргіштердің азық қорын азайтады. Ұзақтар жүгері егісіне залалын тигізеді. Танап торғайлары бидай егістігіне, әсіресе тарыға ұшып келіп шабуыл жасап, 20%-ға дейін астық өнімін жояды. Тобымен ұшатын ементұмсықтылар мен қараторғайлар орманға жақын орналасқан шие бағына айтарлықтай залал тигізуге қабылетті. Құстар түрлі аурулардың вирустары мен бактерияларын тасымалдаушы болып, бүрге, кене және басқада сырт паразиттердің иесіне жатады, әрі түрлі ішкі паразиттердің негізгі немесе аралық иесі қызметін атқарады. Орман құстары қоректенуіне орай 4 топқа: жыртқыштар, жәндік, өсімдік, талғаусыз қоректілер деп бөлінеді. Жыртқыштардың өзін: құстармен (орнитофаг), тышқанмен (миофаг), өлексемен (некрофаг), балықпен (ихтиофаг) қоректенетіндер және басқалар деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет