Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет10/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Дәрістің қысқаша жазбасы. Эволюция процессінде құстар барлық географиялық аумақтарды, ландшафттарды қоныстанды. Қазақстанның көптеген өзендері қаз, аққу, үйрек, шағала және қызыл қаздардың тұрақты немесе маусымдық мекендейтін орындары болып келеді. Құстардың экологиялық топтары тіршілік етуінде, дарактардың сыртқы, ішкі құрылысында қатал айырмашылықтары байқалады. Сондықтан оларды экологиялық принципіне орай: суда жүретіндер (пингвиндер, гагаралар, қазтәрізділер және басқалар), батпақтылар (сирақтылар, көптеген балшықшылар, сутартарлар, қасқалдақтар және басқа), ашық кеңістікте мекендейтіндер (түйеқұстар, дуадақтар, шілдер және басқалар) және орман құстары деп бөледі. Мұндай бөлу, сөз жоқ шартты түрде ғана. Себебі, осы күнге дейін көптеген түрлерді, белгілі бір экологиялық топқа бөлу мүмкін болмай отыр. Мысалы, көптеген жыртқыш құстар орманда, тау баурайларында ұя салғанымен ашық кеңістіктерде қоректенеді. Онымен бірге экологиялық топтың өзі бірдей емес. Бір түрдің ішінде мекен орнына, қорекке, оны тауып, қоректенуіне бейімделген бірнеше түр бөліп алуға болады. Мысалы, суда жүретін құстарға тән жалпы белгілерді-өте тығыз қауырсындарын, құйымшақ безінің жақсы дамуын, артына ығысқан аяқтарын, жарғақтары бар саусақтарын атауға болады. Бірақ, олардың ішінде сүңгитін, жүзетін, су бетінде ұшатын түрлері де кездеседі. Аталған белгілерден басқа, түр өкілдері осындай жағдайларға бейімделіп те алады. Сүңгитін түрлердің (пингвин, гагара және басқалар) сүйектері өте әлсіз немесе тіпті ауаланбаған. Сондықтан олар су астында жүруі жеңіл болады. Себебі құс салмағы ауырлап, үлесі су үлесіне тең келеді. Су астында олардың жүруі әртүрлі іске асады. Кейбіреулері аяқтарының көмегімен (сұқсұр үйрек), басқалары-аяғымен, онымен қатар қанаттарымен жұмыс істеп (қырғыш, мұнтазақұс, сүңгіш үйрек), ал үшіншілері (пингвин)-қанаттары-жарғақ аяқтарымен қозғалады. Сүңгитін құстардың қанаты қысқа, сүйір, сондықтан олардың ұшуы өте зорлықпен, қанатын жиі қағуымен өтеді. Ұшу екпінді болғанымен, оның құбылмалығы нашар болады. Оны ұшу бағытын, жылдамдығын өзгерте алмайтын қырғыш, сұқсұр үйрек, басқалардан көруге болады. Кейбіреулері (пингвин, жуырда құрып біткен қанатсыз қырғыштар, басқалар) ұшу қабылетін мүлде жоғалтқан. Сүңги алмайтын (бірқазан, аққулар) суда жүретін құстар суда ұзақ жүруге бейімделген, әрі сүңгімей судан қоректенеді. Бұл түрдегі құстар қаңқасында, терісінде (бірқазан) ауа көп, ал әдетте мойындары, тұмсықтары ұзын болады. Негізінде олар таяз суларда қоректенеді. Субетінде ұшатындарға (шағала, альбатрос, дауылпаз) қалықтап ұшуды қамтамсыз ететін енсіз, ұзын қанаттар тән. Су беті оларға қорек көзі, әрі демалыс орны болып есептеледі. Батпақ, ашық кеңістікте мекендейтін құстарғада түрлі бейімделу тән. Түрлі бейімделу, әсіресе орман құстарында байқалады. Ол ормандағы көптеген мекен орындарына, мекен ортасына байланысты жүреді. Орман-көптеген құстардың мекендейтін орны. Мұнда құстар жүруінің негізгі формалары дамыған. Ормандағы ұшу. Құстар неше түрлі әдістермен ұшуға бейімделеген. Олардың қанаттары қысқа, кең, ұшы доғал, жайылғанда саусақ тәрізді орналасқан алғашқылары серпімді. Кішкене қанат жақсы дамыған, құйрығы әдетте айтарлықтай көлемді. Бұның бәрі орман құстарына ағаштың бұтағы, діңі арасынан еппен бұлтаруға, жылдам ұшып, тежелуге, отыруға мүмкіндік береді. Бұтақтар мен діңде жүруге бейімделу. Ертедегі юра кезеңіндегі құстардың-археоптерикстердің, қанаттары 3 ерікті қозғалатын тырнағы бар саусақтардан тұрған. Олар ағаш бұтақтарында барлық 4 аяқтары көмегімен жүретін. Қазіргі құстардың ішінде ол кейбір түрлердің балапандарында (гоацин, бананқоректілер) сақталған. Жетілген құстардың бәрі бұтақтарда тек артқы аяқтарына ғана сүйеніп жүреді, ал біраз түрлер (тоты, клесттер) кейде жүру үшін тұмсығын пайдаланады. Орман құстарының 90% бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп жылжиды. Аяқтарының саусақтары бір деңгейде орналасқан, онымен бірге 3 саусығы алға, ал 1 артқа қараған, ол құстарға ең қалың бұтаны қатты қысуға мүмкіндік береді. Табан сіңірлері саусақтардың бүкірейген күйінде автоматты бекуін қамтамсыз етіп, бұтада бұлшық еттің ширығуынсыз тұруына мүмкіндік береді. Тотылар ағаш бұталары арасында өрмелеуге бейімделген, олар бұтаны кезекпен алдымен бір аяғымен, кейін екіншісімен ұстайды. Олардың 2 саусағы алға, 2 артқа бұрылған, ал саусақтарының табан жағы қатты кеңейген. Ағашқа өрмелеушілерге тоқылдақ, шиқылдақ, поползнилер жатады. Олардың жылжу тәсілдерін табаны құрылысынан білу керек. Тұмсығы мен тіл құрылысының бейімделуі. Ол тек қоректену сипатынан ғана емес, оны іздеп табу тәсілдерімен анықталады. Тұмсықтың бірнеше түрлі типтерін ажыратады: жәндік, дәнқоректілер, жыртқыштар және басқа типтері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет