Орман аңдары мен құстарының биологиясы”


Дәрістің қысқаша жазбасы. Жануарлар әлемі



бет18/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Дәрістің қысқаша жазбасы. Жануарлар әлемі–биологиялық ресурстағы маңыздыларының бірі, біздің ұлттық, әлемдік дәулет. Жабайы жануарлардың орта құрудағы маңызы зор. Олар топырақтың құнарлылығын, судың тазалығын, гүлді өсімдіктердің тозаңдануын, табиғи, антропогенді экожүйе органикалық заттарын тасымалдауда-трансформация маңызы аса зор. Жануарлар әлемі зор және әртүрлі. Қазіргі кезде жануарлардың 1,5 млн. артық түрлері сипатталған. Олар құрлықта, топырақта, тұщы және теңіз суында, ауа ортасында тіршілік етуге бейімделген 3200 жуық саналатын түрлер. Сүтқоректілер тіршілік жағдайына орай, өзара және басқа организмдермен бәсекелесіп, жылдам бейімделген. Біртіндеп тарихи дамуда бұрын жануарлар әлемінде белгісіз көптеген белгілер мен қасиеттер пайда болды. Сондықтан аңдар тіршілік үшінгі күресте жеңімпаз атанып, қазіргі жалпы табиғи жүйеде өз орнын алды. Қазақстан жануарлар әлемі өзгеше. Жәндіктер мен жорғалаушылар шөл жартылай шөл далада көп. Далада қарақұйрық-джейран, ақбөкен, жезкиік, қасқыр, қоян, түлкі, шиебөрі, түрлі кеміргіштер (тышқан, сарышұнақ, аламан) кездеседі. Ең әртүрлі мақұлықаттар тауларда болады. Онда аю, тау текесі мен қошқары, қар барысы, бұғы, көптеген құстар түрлері жүреді. Жабайы табиғатты қорғау үшін барлық табиғи аймақтарда-шөл даладан биік тауларға дейін қорықтар құрылған. Сүтқоректілер жорғалаушылар тобынан, мүмкін триас кезеңінде, шыққан. Алғашқы сүтқоректілер жұмыртқа салушы жануарлар болып, бірөтуші-однопроходные класс тармағын құрған. Біздің дәуірге дейін оның 2 өкілі жетті. Олар Австралияны мекендеген үйректұмсық және инемен жабылған түрпі. Ұрпақтары жұмыртқаны жарып шығысымен анасының сүт безі бөлетін сүтпен қоректенеді. Сүтқоректілердің екінші класс тармағы-қалталылар-сумчатые, оларда Австралия жануарлары. Оларға кенгуру, қалталы аю (коала), қалталы аю-вомбат жатады. Үшінші класс тармағы-қағанақты сүтқоректілер. Олар барлық қалғандарын қосады. Өйткені, оларға қағанақ құру тән. Ол арқылы ұрық ұрықтық даму кезеңінде қоректенеді. Қағанақты аналық және ұрық ұлпалары түзеді де, ұрықты қоректі заттармен, оттегімен қамтамасыз етіп, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды бөліп шығарады. Қағанақты сүтқоректілердің басты қатарларына-отряд жататындар: Жәндікқоректілер-көртышқан, кірпікшешен, жер қазатындар. Олар жәндіктермен қоректенеді. Жер қазатындар-ең ұсағы, кейбіреуінің салмағы 5 г аз болады. Жарғанаттар, қолқанаттылар, рукокрылые-жарқанат, ұшуға бейімделген, жәндіктермен, жемістермен қоректенеді, кейбір түрлері басқа сүтқоректілердің қанын сорып, сары безгек, құтырудың сал-паралич түрі ауруларын таратады. Жыртқыштар-мысық, ит, қасқыр, түлкі, кәмшат, қара күзен, аққалақ, скунсы, итбалық, сойдақтістілер, теңіз арыстаны. Барлық осы етқоректілердің үшкір азу және күрек азу тістері болады. Кеміргіштер-тиын, құндыз, егеуқұйрық, тышқан, жайра, тағылан, аламан, қоян, теңіз шошқасы. Оларда өткір қашау тәрізді күрек тістері болады. Мүкітістілер-жалқау аң, құмырсқа жеуші. Олардың тістер саны аз немесе тіпті тіссіздер. Маймылдар-маймыл мен сутқоректілер аралындағы аң-лемуры, түрлі маймылдар және адам. Оларда жақсы жетілген бас миы, алға қарайтын көзі болады. Саусақтарында тырнағы бар, бас бармақ басқаларына қарсы орналасқан. Жұптұяқтылар-өгіз, қой, шошқа, керік, бұғы. Шөпқоректілер–әр аяғында жұп санды саусақтары болады. Тақтұяқтылар-жылқы, ала домбай, салпыерін, мүйізтұмсық, керіске. Шөпқоректілер – әр аяғында жұпсыз саусақтары болады. Еттұмсықтылар-піл, мастодонттар, зіл. Ұзын бұлшық етті пілтұмсықты-хоботты жануарлар, қалың, теріде қатпарланып жатады, сойдақ тістер құратын ұзынша күрек тісті. Бұл өте ірі жерүсті жануарлар, массасы 7 т жетеді. Қақпамұрын-теңіз сиыры, дюгони, ламантиндер. Шөпқоректі су жануарлары, алдыңғы аяқтары жүзбеқанат тәрізді, артқы аяқтары болмайды. Олар, мүмкін, «теңіз қыздары» ертегісіне негіз болған болар. Наһап тәрізділер-наһан, дельфиндер, теңіз шошқасы. Теңіз сүтқоректілердің денелері балық тәрізді, алдыңғы аяқтары жүзбеқанат тәрізді, артқы аяқтары болмайды, денесін жауып тұратын май қабаты өте қалың (ворвань деп атайды) болады. Көк наһан-белгілі жануарлардың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 30 м, салмағы (массасы) 150 т. Сонымен сүтқоректілер класы, Аңдар–ол аса ұйымдасқан, дамудың ең жоғары сатысында тұратын, барлық географиялық аумақты мекендейтін негізінен жерүсті омыртқалы жануарлар. Олар қазір өсіп-өнудегі жануарлар тобы. Сүтқоректілер деп аталуы, олардың аналығы арнайы сүт безінде (ол өзгерген түтік тәрізді тер бездері) сүт түзіп, ұрпақтарын емізеді. Олардың басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелігі сол, оның денелері түкпен жабылған (түк, мысалы, екінші рет жетілген түрінде түк жабыннан айрылған наһантәрізділерде, пілде, басқаларда болмайды); көкірек қуысы құрсақтан ерекше көкетпен-диафрагма бөлінген; бас сүйегі екі желке айдаршықпен-мыщелка қамтамасыз етілген, бірінші омыртқамен жалғасқан, төменгі жақтың әр жартысы тек бір тіс сүйектерінен тұрады; сүтқоректілер ұрпақтарын тірідей туады (оған жұмыртқа салатын бірөтушілер жатпайды). Ұрық жатырда дамиды. Жүйке жүйесі мен жылу реттеу механизмі жетілгендіктен олардың дене температурасы тұрақты сақталады да, қандай-да болмасын ауа-райында ол организмнің белсенділігін қамтамасыз етеді. Терісі түк-жабыннан тұрады. Тері туындыларына түк, шаш, тырнақ, мүйіз, тұяқ, май, тер және сүт бездері жатады. Қаңқасы мойын, төс, бел, сегізкөз, құйрық бөлімі омыртқаларына бөлінген. Мойын омыртқаларының саны тұрақты, ауыз омыртқаның алдыңғы жағында 2 беті болады. Аяқ қаңқасы өте берік. Сан сүйегі үлкен салмаққа төзімді, кейбір түрлері 1500-2000 кг көтереді. Бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған, өте көп арнайы бұлшық еттен тұрады. Асқорыту жүйесінде барлық бөлімдер бар, ол дербес тік ішекпен аяқталады. Тістері жақсы дамыған (кейбір түрлері болмаса, наһантәрізділерді қоса), онда күрек-резцы, азу тістерін- клыки, коренные ажыратады. Сүтқоректілер шөп, етқоректілерге жатады. Тыныс алу жүйесі өкпе, кеңірдек, ауатамыр, ауатамырша, өкпе көпіршіктерінен тұрады. Қанжүйесі жақсы жетілген. Жүрек 4 камералы, 2 қан айналым шеңбері бар, қолқа сол доғалы. Жетілген эритроциттерде ядро болмайды. Бөлу жүйесі қуықтың зәр шығару өзегіне ашылуымен сипатталады. Қос бүйректі, одан шығатын зәрағар қуыққа ашылады. Жүйке жүйесі толық жетілген. Әсіресе, бас миы сыңарлары, оның қыртысындағы, мишықтағы иірімдер, жүлгелер жақсы дамыған. Сезім ағзалары, ішкі секреция бездері өте дамыған. Жынысты көбейеді, жыныс бездері жұптан тұрады. Жыныстық диморфизм жақсы байқалады. Ішкі ұрықтану жүреді. Омыртқалы жануарлардың мақұлықаты жақсы зертелген, қазір оның 1300 артық түрлері белгілі. Оларды 7 классқа жатқызады, ол әлемдегі түрлердің 2,7% жуығы. Қазіргі Қазақстан мақұлықатында сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 490, бауырымен жорғалаушылардың 51, қосмекенділердің 12, балықтың 100 артық түрлері бар. Әлем омыртқасыздарға өте бай. 40 мың түрден артық. Олар-жәндіктер, шаянтәрізділер, моллюсклер, құрттар, басқалар. Тек жәндіктердің 30000 артық түрлері тіркелген. Мұндай Қазақстандағы мақұлықаттардың әртүрлілігі республиканың географиялық орнына, ландшафт тарихының және мақұлықат кешенінің қалыптасу жолының күрделілігіне байланысты екен. Ашық кеңістіктерге немесе дала, шөл, аздап тундраға аңдардың 2 тобы тән. Біріншіге-жылдам жүгіретіндер (жезкиік, қарақұйрық, дзерен, құлан, қоян, қосаяқ), екіншіге-жер қазатындар (борсық, көртышқан, могера, сары тамақты тышқандар) жатады. Орман аңдары тіпті басқа жағдайда тіршілік етеді. Онда жылдам жүгіруге бейімделетін, жер қазуға қажетті белгілі кеңістік жоқ. Ағаш-бұта өсімдіктерінің өзі қолайсыз ауа-райынан, жаулардан жақсы қорғай алады. Орманда түрлі табиғи паналар көп және өсімдік, жануарлар азықтарының қоры да әртүрлі болады. Орман сүтқоректілеріне басқа бейімделу типтері тән. Сондықтан оларды бірнеше типтерге бөледі. Алдымен, өрмелеуші жануарлар- ақтиін, қарақас, орман сусары, басқалар. Олардың қол-аяқтары жылжымалы, қисық жабысушы тырнақтары болады. Орманда кейбір тұяқтыларда тіршілік етеді: аса мейірімді, шұбар, солтүстік бұғысы, бұлан, елік, зубр, доңыз. Шың құзды, тік тау баурайын мекендейтіндер де ең кемеліне жетті. Олар таукиік, горал, теке, құдыр, басқалар. Көптеген таулы тұяқтыларға үйірмен жүру тән. Жер қазатындар: көртышқан, соқыртышқан, бұраубас, моманай қазу тәсіліне байланысты біреулерінде күрек тістері (слепыш, слепушонка), басқасында алдыңғы аяқтары (крот, цокор) қатты дамыған. Су ортасына жан-жақты бейімделгендерге наһантәрізділер мен ескекаяқтылар, аз деңгейде-кәмшат, құндыз, ондатра, басқалар, алдығыданда аз-су күзені, су жертесері, су тоқалтісі басқалар. Олардың теріасты қабатындағы май қалың, теңіз аңдарының терісі қатқыл, ал тұщы су сүтқоректілерінің жылтыр тіректі шаш жабыны қою, тығыз болады. Оған теңіз кәмшаты, котик жатады. Аңдар паналарының да (терең емес ұра, кеуек, қуыс, тамыр астындағы кеңістік, тас арасы, індер, аю апаны, ескі үй-хатки, ұя, басқалар) маңызы зор. Онда олар жауларынан, қолайсыз ауа-райынан тығылып, ұрпақтарын басып шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет