Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет16/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Жалпы сұрақтары: Құстар класының тармақтары. Алғашқы және Нағыз құстар. Құстардың құрып біткен, қазіргі тобырлары (қатары). Дүние жүзілік құс мақұлықаты туралы жалпы түсінік. Түрлердің жалпы саны. Қазіргі құстар қатары, олардың қазақша, орысша, латынша аттары, көлемі мен құрылымы, негізгі тұқымдастары, сипаттамасы және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері, негізгі түрлері.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Құстар омыртқалы жануарлар класы. Олардың өкілдерінің денесі қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары ұшуға бейімделіп, қанатқа өзгерген. Кейбіреулерін қоспағанда, құстар ұшатын жануарлар, ал ұшпайтын түрлерінде жетілмеген қанаттары болады. Құстар қатты жерде артқы аяқтарымен жүреді. Сондықтан, олар басқа барлық жерүсті омыртқалылар ішіндегі қос аяқтыларға жатуымен ерекшеленеді. Құстардың зат алмасуы өте қарқынды, дене температурасы тұрақты, жоғары, жүрегі 4 камерадан тұрады, қызыл тамыр қаны көк тамырлы қаннан бөлінген. Биология тұрғысынан қарағанда құстарға 2 нәрсе тән. Біріншіден, қарқынды зат алмасуы мен тіршілік процесінің қарқынды жүруі, ал екіншіден, ауадағы қозғалысы – ұшуы. Құстардың осы екі қасиеті, оларды басқа омыртқалылар тобынан ажыратады. Біртіндеп тарихи дамуында олар жорғалаушылармен жалпы ортақ туыс болғанымен, биологиялық айырмашылықтары айтарлықтай. Құстар кеңістіктегі қозғалысымен, оны өтудегі мүмкіндігімен жерүсті омыртқалылар ішінде 1 орынға ие. Оның зор қозғалысы бұлшық етінің үлкен жұмысына, қуаттың көп шығындануына, әрі оны тез және қарқынды орнына келтіруге байланысты. Құстар өкпесі аз созылады, үлкен емес. Бірақ, ондағы оттегіні пайдалану, онымен қоректену өте қарқынды жүреді. Ол құстың ауа қаптары жүйесінің жұмысымен баяндалады. Құстарда басқа омыртқалыларға қарағанда белсенді тыныс алу ауаны алғанда да, әрі ауаны шығарғанда да жүреді. Бұл құбылыс организм зат алмасуының қарқынды маңызын көрсетеді. Қызыл тамыр қаны көк тамыр қанынан толық бөлінген, ал жүрек жұмысы өте қуатты. Олар ас қорыту ағзалары жұмысын да қатты атқартады. Құс аса көп азық пайдаланады, ал оны қорыту өте жылдам, әрі толық жүреді. Құстың бұл ерекшеліктері дене температурасының тұрақтылығына байланысты. Құстардың дене қызуы сүтқоректілерге қарағанда өте жоғары. Ол көбінесе 42° С жуық, біраз түрлерінде ол 39° С төмендейді, кейде ол 45 және 45,5° С жетеді. Құстардың басқа биологиялық ерекшеліктері мен құрылысы, оның көбею ағзаларында байқалады. Жорғалаушылармен салыстырғанда, оның біріншіден, көбею қарқындылығы төмен, екіншіден, көбеюге жалғасты биологиялық құбылыстары, әрі ұрпаққа деген қамқорлық ерекшеліктері де күрделі. Кейінгі өсімталдығының төмендігін түсіндіреді. Құстардың біртіндеп тарихи дамуы, олардың ұшуға бейімделу қабылеттілігін алуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Құс организмінде негізгі биологиялық, анатомиялық белгілерінің пайда болуы олардың жылжымалылығы пайда болып, дамуымен, қозғалу қабылетінің жақсаруымен бірге жүруі керек еді. Қазбадан табылған материалдар эволюциялық дамудың белгілі сатысында құстардың ата-тегі жерүсті жүгіретін жорғалаушылар болғанын көрсетті. Олар біздің түсінігіміз бойынша, жануарлар әлімінің жалпы эволюция жолында триас дәуірінде, мүмкін пермск кезеңінде тіршілік еткен көне археозавр тобына жатады. Әрине, олар жерүсті жүгіруші түрі, барлық жағынан олар ірі жануарлар емес. Юра уақытында жорғалаушылар мен құстар арасында аралық көне түр –археоптерикс болған. Оларда қазіргі құстардың кейбір белгілері пайда болған, әсіресе қауырсындар немесе оған ұқсас құрылымдар. Сондықтан, ол кезде құстардың ата-тегі жерүсті тіршілік қалпынан ағаштыға ауысты. Мүмкін, дене температурасының тұрақтылығы пайда болды (оны археоптерикстегі қауырсындар көрсетеді). Археоптерикс қаңқасының құрылысы құстарға әлі ұқсас емес, маңызды қызмет ерекшеліктеріде жоқтығын көрсетеді. Құстың жалпы даму сатылары (юра кезеңінен кейін), олардың қозғалыс мүмкіндігінің жақсаруымен және ұшуға қабылеттілікке ие болғанымен байланысты. Құсқа терісінің қауырсыннан тұратыны тән. Ол жорғалаушылардың түрі өзгерген қабыршағы. Қауырсын тері арқылы судың шығысын азайтады, жылуды бөлуді төмендетеді, ұшуға көмектеседі, оған қажет бетті береді. өтпеуінен қорғайды. Жануарлар ішінде тек құстар мен сүтқоректілер денелері ғана тұрақты қалыпты температура сақтайды. Сондықтан оларды жылы қанды, ал басқа жануарларды салқын қанды деп атайды. Бірақ, бұл дұрыс емес. Себебі, бақалар немесе жыландардың ыстық күндері дене температуралары құстар мен сүтқоректілерге қарағанда жоғары болады. Кейінгілерде қоршаған орта температурасы айтарлықтай тұрақсызданғанымен, тұрақты қалыпты температура сақтайтын механизмі құралған. Дененің тұрақты қалыпты температурасы зат алмасуының тұрақты жылдамдықпен жүруіне және жануарларға суық ауа-райында белсенді болып қалуына мүмкіндік береді. Құстар динозаврдың текодонт деп аталатын жабайы тобынан шыққан. Жорғалаушылар сияқты құстарда жұмыртқа салады. Ол ұрғашы организмнің ішінде ұрықтанады. Аяқтарында қабыршақтары болады. Ең алғашқы құстардың тістері болғанын, әрі ол жорғалаушыларға ұқсас екенін қазбадан табылған қалдықтары көрсетті. Құстардың ұшуға бейімделуі ауаға толы сүйек қуыстарын дамытты және өкпе өсінділері ауа қаптарын берді. Олар ішкі ағзалар арасындағы кеңістікті толтырады. Барлық құстар ұша бермейді. Олар түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген және әр түрінің бір-бірінен айырмашылығы айтарлықтай, ол тұмсығы, аяғы, қанаттары және құйрығынан ақ белгілі. Құстар ертеден-ақ қарқынды зертеле басталды. Себебі, адамдарды олардың түсі, даусы, мінез-құлқы қызықтырды. Құстардың мінез-құлқы ішінде көңіл аударлық жай сол, ол жыл сайынғы көптеген түрлерінің қоныс аударуы (ұшып өтуі). Жыл сайын Аляскадан Патагонияға және қайта қоныс аударатын құстарда бар (алтын татрең-золотистая ржанка; қарқылдақ шағала-полярная крачка), олардың жолы 40 000 км жуық. Басқалары әр қыс сайын бірнеше жүз км қоныс аударып, юңтүстікке барады. Ал, виргин үкісі-филин немесе бөдене-бытпылдық-перепел ешқашанда қоныс аудармайды. Кейбір құстардың көктемгі солтүстікке қоныс аударуы күн ұзақтығының көбеюіне байланысты екені дәлелденді. Ол гипоталамусқа, ал гипоталамус өз кезегінде гонадотропты гормон бөлетін гипофизға әсер етеді. Одан соң ен немесе жұмыртқалық өсуін белсендіретін жыныс гормондарының саны артып, олар қанға түседі. Сондықтан құстар оянып, қоныс аударады. Құстардың адамға тигізер пайдасы айтарлықтай, тіпті әртүрлі: олар зиянды кеміргіштерді, жәндіктерді, арамшөп тұқымдарын жояды; көптеген өсімдіктердің тозаңын-пыльца, тұқымдарын таратады; гуано (құс бөлінділері), оларды кейбір аудандарда теңіз құстары салады. Олар құнды тыңайтқыштар; одан басқа, адамдар көптеген құстарды азық ретінде қолданады, ал олар түрлі пайдаланудағы қауырсын, мамықтарды береді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет