Орман фитопатологиясы Дәріс сабақтарының конспектісі


Саңырауқұлақтардың қоршаған ортаға қоятын талаптары



бет2/9
Дата26.08.2017
өлшемі1,75 Mb.
#28087
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7 Саңырауқұлақтардың қоршаған ортаға қоятын талаптары
Саңырауқұлақтардың өсіп жетілуіне паразиттік белсенділіктерін арттыру үшін қоршаған орта жағдайлар: ылғалдылық , температура, қышқылдық , жарық, оттегінің атқаратын қызметі өте зор. Осы факторлардың әсері басқа жағдайлардың өзгеруімен қатысты. Ең негізгісі, жеке факторлардың әсер етуі, әрі қарай жалғасуы сәйкестікті қажет етеді.

Ылғалдылық. Саңырауқұлақтардың мірінде судың болуы еі бір негізгі жағдай. Бұл факторға саңырауқұлақтардың қатысы экологиялық топтың фитопатогенді саңырауқұлақтардың паразиттілігімен ерекшеленеді. Ылғалдылық - қоршаған ауада саңырауқұлақтардың жұқпалы аурудың таралуына және спора түзуіне қолайлы жағдай жасайды.

Су саңырауқұлақтарының вегетативті өсуіне, көбеюіне зооспоралар арқылы жүзеге асыру үшін үнемі су қажет. Топырақ микрофлорасының көптеген өкілдері даму кезінде зооспора түзеді, ол топырақтың ылғалға бай жерінде өсіп-өнеді. Кейбірде саңырауқұлақтарға оттегін қажет ететіндерге топырақтың шамадан тыс ылғалдылығы қолайсыз, ондай жағдайда аэрозия күрт төмендейді. Көптеген ағаш бүлдіруші саңырауқұлақтарға оптимальді ылғалдылық (30-80%) бірақ кейбір түрлер үшін субстраттың ылғалдылығы одан да асып түсуі мүмкін. Барлық жер саңырауқұлақтары мицелийдің өсуі кезінде белсенді мерзімде вегетативті массаның жиналуы өте көп ылғалдылықты қажет етеді.

Ауадағы ылғалдылықтың жоғары болуы (саңырауқұлақтардың зооспора түзу үшін тамшы-сұйық ылғалдың болуы) көбінесе мүшелердің жыныссыз спорасы түзілу үшін қажет. Жынысты мүшелермен көбеюде суға деген қажеттілік төмендейді. Ол үнемі саңырауқұлақтардың тыныштық стадиясына өткен кезде төмендейді, мысалы, склероци түзілген кезде. Ауаның ылғалдылығы өте жоғары болуы немесе тамшы-сұйық ылғалды саңырауқұлақтар үнемі қажет етеді, өйткені, спорадан босау үшін олардың жамылып өсуіне.

Мицелийдің өсуі үшін және үнемі спора түзу үшін ауада ылғалдылықтың төменгі болғаны көптеген саңырауқұлақтарға қолайлы, мысалы ақұнтақтарға.

Фитопатогенді саңырауқұлақтар, облигатты паразиттер, өсімдіктік-иесінің тірі тканінен керекті суды алып отырады. сондықтан сапротрофты саңырауқұлақтарға қарағанда олардың вегетативті өсу ерекшелігі ауадағы қоршаған ортаның ауытқуына байланысты болады.

Температура. Ылғалдылық сияқты қоршаған ортаның температурасы саңырауқұлақтардың физиологиялық белсенді өсуіне өте көп әсерін тигізеді. саңырауқұлақтардың топтарында әртүрлі түрлердің температуралық талабы бірдей емес. саңырауқұлақтарда температуралық оптимум 25-30 градус. Оптимум температурасы 0-10градуске дейінгң түрлерде белгілі. 1-3 градус температурада өсетін түрлер де бар(қардың астында). Мысалы, қарағайдың "қарлы шютте" қоздырғышы. Көптеген саңырауқұлақтарға оптимальді температура 18-25 градус аралығы.

Оптимальді температурада зат алмасу процесі, дамуы, және спора түзу жақсы өтеді. Кейбір кезде оптимум температураның вегетативті өсуге физиологиялық активтілігі сәйкес келмейді. Көбінесе жас шамасына, физиологиялық жағдайына, басқа да қоршаған орта факторларына қатысты болады.

Саңырауқұлақтардың спораларының өсуіне ортаның температурасы үлкен әсер етеді. спораның өсуіне ғана емес, өсу жылдамдығына да байланысты.

Егер жақсы өсуіне оптимальді температура қажет болса, табиғатта сақталып қалуына кординальді температура қажет. минимальді температурада саңырауқұлақтар қарқынды өседі, ал максимальді температурада күрт төмендеп, нашарлайды. саңырауқұлақтардың спорасы, склероциы, жемісті денесі белгілі бір уақытта экстремальді температураны ұстап тұра алмайды, сондықтан өмір сүру процесі жойылады. Мысалы, кейбір жемісті денелі ағашқұлақ саңырауқұлақтар қыста 0 градусқа дейін өмірін жалғастырады.

Оттегі. Барлық саңырауқұлақтар аэробты организмдерге жатады. Бірак кейбір түрлерінде оттегіге деген қажеттілік әртүрлі. Өмір сүру ортасында көптеген саңырауқұлақтар оттегінің жоғарғы дәрежеде болғанын қалайды. Кейбір жағдайда көптеген саңырауқұлақтар оттегісі аз жерде өмір сүре алады. сулы кейбір көгерген саңырауқұлақтар, облигатты паразиттер. Қазіргі кезде белгілі бір мерзімде оттегіні мүлдем қажет етпейтін түрлер де кездеседі.

Қышқылдық. Саңырауқұлақтардың өмір сүруіне ортаның реакциясы да өте үлкен әсер етеді. ең негізгі фактор, шаруашылық материалдарының, тағамдардың, табиғат субстратының, өсімдік мүшелерінің, саңырауқұлақтармен зақымданғанын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Көптеген саңырауқұлақтар аз қышқылдық реакция ортаны жақсы көреді (Рн, н, О - 6,0) кейбір түрлері қышқылдық, нейтрон немесе сілтілік ортаны қалайды.

Оптимум және кординальдік ерекшелік литаболиум процесі, спораның түзілуінде, өсуінде кейбір айырмашылықтар бар. Саңырауқұлақтардық орта реакциясына талабы қоректік заттардың құрамына, температураға, аэрацияға байланысты өзгеріп отырады. Саңырауқұлақтардың кейбір түрлері өздері ортаны қышқыл немесе сілті жамауы мүмкін, өйткені, олар фермент және метаболиум корегін бөліп шығарады.

Жарық. Көптеген саңырауқұлақтар аса жарық емес жерде өседі. Саңырауқұлақтардың мицелийі жарыққа аса сезімтал емес, бірақ спора түзуші мүшелердің жақсы дамуына жарық қажет. Саңырауқұлақтардың көпшілігі қараңғыда спора түзбейді, немесе әлсіз спора түзеді (мысалы, кейбір ағашқұлақтар) түрі өзгерген, кейде стерильденген жемісті дене түзеді. Нағыз үй саңырауқұлақтары, шампиньон, трюфели ешқашан ешқандай жарықты қажет етпейтін түрлерге жатады.

Саңырауқұлақтарға фототоксис және фототропизм реакциясы тән. олар оң және теріс болады. Олардың плазмодий және зооспорасы жарыққа немесе қарама-қарсы жаққа активті жылжуы мүмкін. Фототропизм саңырауқұлақтардың репродуктивті мүшелерінде, конидиеносцтің, споронгиеностің немесе жемісті денелерінің жарыққа немесе керісінше бағытталатын құбылыс. Жарықтың немесе көлеңкенің ауысып отыруы саңырауқұлақтардың спора түзуіне, өсу процесіне тірек болады. Тікелей түскен жарық мицелийдің өсуін тоқтатады, егер үнемі әсер етсе онда мицелий өліп қалады. Боялмаған көптеген саңырауқұлақтардың пропогативті споралары тікелей түскен жарыққа шыдай алмайды. Ақұнтақ саңырауқұлақтары тыныштық споралар, склероцилор, саңырауқұлақтардың спора орналасатын әсері тікелей түскен жарыққа шыдамды, өйткені оларда қалың пигментті қабықшалары бар.

Сонымен қатар саңырауқұлақтардың спораларын жемісті денелеріндегіжәне тағы басқа мүшелеріндегі қара қошқыл пигменттердің болуы ультрафиолет, инфрақызыл, космостық сәулелерден сақтайды. Ионданушы сәулелендіруші нәрселердің мөлшеріне байланысты саңырауқұлақтардың физмологиялық жағдайы, температура, ылғалдылық және тағы басқа факторлардың әсер етуін саңырауқұлақтардың спора түзуіне, өсуіне, генетикалық қасиетінің өзгеруіне тіпті(мутациялық өзгеріс) өлуіне әкеліп соғуы мүмкін.
8 Өсімдіктің биологиялық иммунизациясы
Биологиялық иммунизатор ретінде өлген немесе әлсіреген фитопатогенді микроорганизмдерді қолданады, антинфекциялық сарысу, өнімдер (токсиндер). Иммунизацияны вакциналы механизмі әлі оқылған жоқ. вакцинаның әсер етуінен өсімдіктің тканінде зат алмасу өзгереді, қосылыстар түзіледі. Фагацитоз қозғаушы реакция типі пайда болады, ол өсімдіктің туа пайда юолған өсімдіктің иммунитеті. Вакңцинаның әсері арнаулы: вакцинамен өңделген өсімдік бір ғана патогенннен дайындалған, тек осы патогенге ғана қарсы тұра алады. Бірақ кейбір жағдайды бір өсімдіктің тканіне бір патогенді жібергенде басқа қоздырғыштарға төзімділігі артады.

Вакцинаны негізгі қолдану түрлері: тұқымды өңдеу, гүлденген өсімдікті бүрку, өсімдіктің ішіне иньекция арқала жіберу жолдары.

Төзімділігі: Отырғызылған көшеттердің төзімділігін өсуге арналған жағдайлардың өзгеруіне бағыттуды көтеру, орман шаруашылығына арналған шаралар арқылы жақсартуға болады. Ең бастысы жоғарға сапалы тұқым, дені сау отырғызылатын ағаш материалдары, оларға күтім көрсетіп, уақытында алдын-ала шаралар жасау.
9 Орман ағаштары ауруларымен күрес жолдары
Барлық орман шаралары төмендегідей топтарға бөлінеді:

1) аурулармен зақымданушыларға бақылау жасау;

2) өсімдік карантині;

3) орманшаруашылығының шаралары;

4) биологиялық әдіс;

5) химиялық әдіс;

6) биофизикалық және механикалық әдістер.

Бір ғана әдісті қолдану барысында толықтай аурудан немесе зақымданудан құтылу мүмкін емес. Бұл тек бірнеше әдісті қолданып, барлық жағдайды қарастырғанда ғана тиімді болады. Әдіс пен қолданатын құрал аурудың түріне байланысты. Кейбір аурулар жаппай таралып, үлкен зиян келтіреді (тұқым сепкенде гомланд ауруы). Қалғандары аз кездеседі немесе соншама керемет зиян келтірмейді (қарағайдың сұр шютте, мыстан кемпірдің сыпыртқысы, кейбір теңбілдер).

Ауа қауіпті жұқпалы аурулармен күресу жолдары, олардың болуын алдын ала болжау, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтау, аурулардың белсенді дамуына жол бермеу. Ауа қауіпті емес, соншама шығын келтірмейтін түрлерін алдын ала шаралар жасау. Бұлармен белсенді күрес тек жаппай зиян келтіргенде ғана жүргізіледі.

Әдістермен қолданылатын заттар объектіге байланысты таңдалынып алынады. Химиялық әдіске заттарды қолдану шектеулі. Отырғызылатын көшеттерге белсенді шаралар жүргізілмейді. Олардың ауруларын анықтау барысында алдын ала шаралар жасалу қажет. Әртүрлі географиялық аймақтарда орман өсімдіктерінің типіне қарай аурудың қоздырғыштарының түрлік құрамы, зақымдай дәрежесі анықталады.

Жеке әдістерді қолданып аурулар мен зақымдаушылардан құтылу мүмкін емес. Сондықтан орман қорғау шараларын қолдану қажет. Бұл әдістердің бір-бірімен сәйкестенуіне, аурулармен зақымданушыларды техникалық әдіспен жою жолын береді.
10 Аурулар мен зақымдаушылардың пайда болуын қадағалау
Ауру қоздырғыштар мен зақымдаушыларды жоғары сапалы орман қорғау шараларын толық, дұрыс өткізгенде ғана жоюға болады. Ол үшін қоздырғыштың биологиялық ерекшеліктерін, олармен берілетін аурудың таралу дәрежесін білу қажет. Бақылаудың басты мақсаты - аурудың ошақтарын тауып, қалай таралу жолдарын анықтау. Аурудың пайда болуын қадағалайтын орман шаруашылығы орманды қорғау мекемесінің жетекшілері, жұмысшылары бірігіп жартылай жетекшілік жұмыс ететін облыстық, аймақтық, одақтық орман шаруашылығы.

Жалпы бақылау. Аурулармен зақымданушыларға қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған орман қорғау мекемесінің жұмысшылары жауапты.

Арнаулы бақылау. Аса қауіпті ауруларды тауып, аса таралу жолдары, ошақтардың динамикасын оқу. Арнаулы бақылау рекогносты және детальді деп екіге бөлінеді.

Рекогносты бақылау. Орман шаруашылығы және орман комбинаттарымен жүзеге асырылады. Оған инженер орман патологі жетекшілік жасайды. Бұнда аса қауіпті аурудың ошағы тауып, құрау мөлшерін және зақымдану дәрежесінің белгісін анықтау. Мысалы, қарлы шюттеде қар кетіп көктем болғанда бақылауға болады. Былтырғы жылғы зақымдалған қылқанмен биылғы жылғы зақымдалған қылқанның түсіне қарап айырмашылығын көруге болады. Голланд ауруын маусым айында бақылауға болады. Жазда көктеп тұрған ағаштың жоғарғы жағы қурап, жапырақтары қызыл қоңыр түске боялады. Шіру ауруын кез келген уақытта бақылауға болады. Рекогносты бақылау аурудың ошағын тез тауып алуға көмектеседі. Бірақ дұрыс таңдалған әдіс және қолданылатын заттар мен ауруға толықтай анықтама беруге жеткіліксіз.

Деталды бақылау. Жан-жақты үнемі және уақытты бақылауды талап етеді. Аурудың таралу жылдамдығы, ауру қоздырғыштарының спора түзу мерзімі, аурудың дамуына ауа-райының факторларының әсер етуі. Бақылау орман патологиялық зерттеу материалдарымен толықтырылады.
11 Ағаш тектес өсімдіктерінің ауруларының диагностикалық әдісі
Өсімдіктердің ауруларының диагностикасы ауру өсімдіктің толықтай жан-жақты патологиялық себебін түсіндіру. Осы кезде орман фтьопатологиясы көптеген әдістермен ауруды анықтау диогностикалық әдістерін ұсынады бірақ әлемде болса әдістердің аурудың ерте анықтайтын диагностика түрлері жеткіліксіз.

Диагноз қою аурудың қоздырғышының типі жұқпалы, жұқпалы емес себептерін анықтау. Ол үшін төмендегідей әдістер қолданылады. макроскопиялық, микроскопиялық микологиялық, химиялық және физикалық.

Макроскопиялық әдіс. Дүрбінің немесе лупаның көмегімен ауруды анықтау әдісі. Бұл әдіс осы уақытта кең қолданылып жүр. Бұл әдіспен дұрыс диагноз қою үшін өсімдіктің мүшелерін немесе көп мөлшердегі данада зерттеу арқылы талдау қажет. Бұндай қажеттілік өсімдіктің барлығында аурудың берілмеуі немесе анық көрінбеуі. Басқа жағдайда дұрыс диагноз қою, ауырған өсімдікті щыңынан тамырына дейін қарап шығу. Ағаштардың шыңы дүрбінің көмегімен зерттелсе, ал тамыр жүйесі бір-екі тамырды қосып қарау. Сонымен қатар зерттелетін объектінің орналасу жағдайларын дұрыс анықтай білу. Өсімдіктің қурауына немесе әлсіреуіне аурудың тигізетін әсері нақты екендігін анықтау.

Өсімдікті қарағанда ауру коздырғыштардың жемісті денесіне, спора түзуіне, мицелийдің түр өзгерісін, шіруіне көңіл аудару. Ең жеңіл аурудың қоздырғышын жемісті денесімен спора түзуіне қарай анықтау. Мысалы некроз болған жағдайда сұрғылт түсті жемісті денесі апотециймен анықталады. Шайырлы ісіктің белгілері: Қоздырғыштың жуан қызғылт сары спорасымен беріледі. Егер жемісті денесі жоқ болса саңырауқұлақпен берілген тип бойынша ажыратуға болады. Ағаштар ағашқұлақпен зақымдалса құрылыс ерекшеліктері мен түсінің белгілері шіру қоздырғыштарында бар екендігін дәлелдейді. Егер ісік теңбіл солғае болса онда дұрыс диагноз қою қиынға соғады. Бұндай белгілері бойынша аурудың типін анықтауға болады, бірақ қоздырғышты анықтау үшін басқа әдіс қолдану қажет. Макроскопиялық әдіс қоздырғышты тануға, аурудың таралуын, дамудың қай стадиясында екендігін анықтауға көмектеседі. Егер макроскопиялық белгілер бойынша диагшноз қоюға болмаса, микроскопиялық әдіс қолданады.

Микроскопиялық әдіс. Өсімдіктің зақымданған тканін, қоздырғыштың спорасын микроскоппен қарап, зерттеу. Ол үшін қоздырғыштың түрін, патогеннің өсімдік тканінде бар екендігін дәлелдеу. Тек микроскоптық анықтау ғана осындай белгілердің болуын дәлелдейді (саңырауқұлақтарда спорасының түсі, пішіні, жемісті денелерінің болуы). Анықтағыштардың көмегімен қоздырғыштың жүйелік орналасуын анықтаймыз.

Кейбір жағдайда өсімдіктің тканіндегі қоздырғышты анықтауға ғана мүмкіндік туады. Ол үшін микроскоптың астында зақымданған тканді, клетканы, клеткааралык кеңістіктегі мицелиді қарап, аурудың түрі анықталады.

Түссіз немесе әлсіз боялған жемісті денесін тауып дифференцацияланған бояуды қолданады. Мысалы, күрес шараларын жасамас бұрын жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру екендігін анықтау. Осы мақсатпен микроскоптың астында тірі ткандерден жасалған қышқыл калиймен боялған препаратты зерттеп қарайды. Жұқпалы емес болса клеткада дәне тәрізді плазманы көруге болады.

Ткандерді дифференцацияны бояу әдісін қолданып, зерттеуде "кәдімгі шюттені" алғашқы белгілері болмай тұрып қарастыруға болады. Қақ ортасынан кесілген қылқанды бірнеше минутқа этил спиртіне салып, содан соң сумен шайып, 1%-тік анилин көк және сүт қышқылы ерітіндісінде ұстайды. Бұдан кейін қылқандарды буланғанша қыздырып, бояуын фильтр қағазының көмегімен сүртіп тастайды. Сол қылқанларды сүт қышқылында қыздырады. Осындай өңдеуден кейін саңырауқұлақтың гифтері көк түске боялып, тканнен жақсы бөлінеді.

Дифференцацияланған бояуды ағаштектес өсімдіктердің ткандерін микроскоппен зерттегенде қолданады. Егер қоздырғыштың спорасы болмай, жемісті денесінің ерекшеліктеріне қарай қоздырғыштың түрі анықталмаса, микологиялық әдіс қолданады.

Микологиялық әдіс. Өсімдіктің зақымданған бөлігінен саңырауқұлақты бөліп алып, жасанда және табиғи ортада жеке өсіру. Ылғалды камера әдісін қолданып, өсімдіктің зақымданған бөлігінен саңырауқұлақты бөліп алу оңай. Ол өсімдіктің тканінің ішіндегі мицелиі ылғалды жағдайдың арқасында сыртқа шығып, спора түзуіне ықпал жасайды. Бұл әдіс стерилді жағдайды қажет етпейді, қысқа мерзімде қоздырғыштың спора түзуін жалдамдатады. Жұқпалы ауруларды, тұқымның, қылқанның ауруларын зерттеуде кең қолданылады.

Ылғалды камераны орнату үшін Клх шынысынң түбіне Петри шынысының жартысын сүйірленген жағын жоғары қаратып орналасатырады. Петри шынысының сүйірленген жоғарғы жағына фильтр қағазының бір жолағын кесіп салады, оның төменгі ұшы Кох шынысының қақпақпен жауып, қамераны стерильдейді. Зерттелетін затты орналастырмас бұрын түбіне дистилденген немесе қайнатылған суды құяды. Зерттелетін затты фильтр қағазына салады.

Дайын ылғалды камераларды кептіргіш шкафта стерильдейді. Шыныларды қайнаған сумен немесе спиртпен стерилдеуге болады, ал құлақшындарды фильтр қағазымен, жалынмен немесе сіріңкемен, 2-3 рет жалыннан тез өткізу қажет.

Камераны фильтр қағазымен толтырмас бұрын, дистилденген немесе қайнаған суытылған сумен шаяды, одан кейін ол кеуіп кетпес үшін бақылап отырады. Зерттелетін заттарды фильтр қағаздарына салады, өйткені олар бір-біріне тимеуі қажет.

Ылғалды камераға ұсақ тарелкелер, шынылардың үгінділерін орналастыруға болады. Зерттелетін заттарға (қылқан, жапырақ, сүректің кесінділері, тұқымдар) ылғалды камераға солудың алдында топырақтың қалдықтарынан тазартады, сумен жуып содан соң әртүрлі әдістермен стерилдейді.

Зерттелетін заттары салынған ылғал камерасын термостатқа немесе бөлме температурасы 20-25оС болатындай жағдайда бөлмеде қалдырады. Бірнеше аптадан кейін зерттелетін жерде жемісті дене және қоздырғыш пайда болады. Микроскоптың және анықтаманың көмегімен қоздырғыштың түрін систематикалық орнын анықтап алуға болады.

Өте күрделі әдіс - өсімдіктің тканімен патогенді, жасанды және табиғи қоректік заттарды қолдана отырып таза кульутраны бөліп алу.

Саңырауқұлақтардың таза культурасын алу үшін және зерттеуді әрі қарай жалғастыру үшін өмірін ұзартуға әртүрлі қоректік орталар қажет болады (қатты, сұйық, жасанды және табиғи). Кез келген қоректік субстратты қолдану патогеннің қажеттілігіне байланысты болады.

Спора түзуін көру үшін көбінесе саңырауқұлақтарда суслоагор ортасы, 7%-тік сира суслосы және агар-агар қолданылады. Қоректік орталардың дайындалуы рецепті фитопатологиялық зерттеу әдістерімен арнаулы оқулықтарда беріледі. Қоректік орталарды таңдаған кезде саңырауқұлақтардың көмірсуға бай, әлсіз қышқыл ортаны қажет ететіндігін естен шығармаған жөн.

Қоректік орталарды қолданбас бұрын автоклавта немесе Кох аппаратында стерилдейді, содан соң Петри шынысына жұқа қабат жасап құяды.

Саңырауқұлақтардың таза културасын әртүрлі ортадан бөліп алу өзіндік ерекшелікке байланысты болады.

Некрозды ісік ауруларының қоздырғыштарын, трахеомикозды шіруді, ылғалды камерада алынған сүректің кішкене бөлігінен қоректік ортада өсіріп алған, спорасы немесе мицелийдің көмегімен бөліп алады.

Талдауға алынған бөліктерді 96%-тік спиртпен дезинфекциялайды. Содан соң стерильді скальпельмен немесе пышақпен қабаттың беткі жағынан 5-10 мм қалыңдықта кесіп алып, қоректік ортаға салады. Сүрек және қабығы жаңа алынған болу керек, ескі болса көгерген зең саңырауқұлақтары болуы мүмкін.

Тұқымдардың жұқпалы ауруларын анықтау үшін Петри шынысына агарлы қоректік ортаға салады, алдын ала стерилдеуді қажет етпейді. Аса үлкен тұқымдарды стерильді скальпельмен қақ ортасынан тең етіп екіге бөледі.

Топырақтағы патогендерді бөліп алу үшін топырақтың әртүрлі үлгілерін алады. Жиналған топырақты қағаз пакеттерге салып, бірнеше күн бойы ауада кептіреді. Топырақты ұсақтап Петри шынысына салынған агарлы қоректік ортаға себеді.

Қылқандардың және жапырақтардың сарғаюы себебін, химиялық әдіспен анықтауға болады. Микологиялық әдіске қарағанда қиын, бірақ аз уақытты қажет етеді.

Химиялық әдіс. Әртүрлі индикаторларды қолдануға, әртүрлі саңырауқұлақтармен зақымдалған жапырақтар мен қылқандардың түсінің өзгеруіне негізделген. Журавлевтің оқулығында химиялық әдісті қолдану туралы мәліметтер жан-жақты берілген. Ағаштектес өсімдіктерінің ауруларын анықтауда физикалық әдіс үнемі қолданады.

Физикалық әдіс тұқымдардың, сүректердің әртүрлі физикалық құбылыстары мен қасиеттеріне негізделген (резонанста, ультракүлгін сәулелер, клетка шырынының түсі, электроөткізгіш тканьдер, тығыздық және т.б.). Тұқымның сапасы ауру және сау тұқымдардың бірдей еместігі тығыздық бойынша анықталады. Ауру тұқымдардың тығыздығы аз, әртүрлі сұйықтықтармен әсер еткенде шығады.

Ағаштардың көзге көрінбей шіруін, шығаратын дыбыс арқылы анықтауға болады. Ауру ағаш пен сау ағашты тыңдағанда, әртүрлі дыбыстар шығаруына байланысты анықтайды. Бірақ бұл нақты дәлелдеулерді бермейді.

Соңғы кезде люминесценттік талдау әдісі кең қолданылып жүр. Өсімдіктің тканіні ультракүлгін сәулелерінен әсер еткенде, әртүрлі сәулеленуді көрсетеді. Жарық көр ретінде зертханалық және медициналық кварц лампаларын қолдануға болады. Бұл әдіс қылқан жапырақтылардың ауруға шалдыққан тұқымына әсер еткенде күлгін түске боялған үйеңкінің ауруға шалдықпаған тұқымы көк түске боялатындығын, ауруға шалдыққандары сәулеленбейтіндігі анықталған.

Люминесценттік әдіс ағаштың дңдерімен бұтақтарының ауруларына болжам ерте жасауда қолданылады. Бұл әдісті Минкевич еменнің микоз ауруының ерте болжамын анықтағанда қолданған. Сау ағаштың теңбілді шырынына жарықпен әсер еткенде ашық-сұр түске, ал зақымданған ағашқа жарықпен әсер еткенде, күлгін түске боялғанын көрген. Терек цитоспорозбен зақымданғанда әртүрлі түстермен сәулеленеді. Люминесценттік талдау ағаштың бояуының дұрыс сәйкес емес екендігін дәлелдейді.


12 Аурудың дамуына болжау жасау
Ауруды болжау – олардың жаппай таралуын және зияндылығын алдын-ала білу. Ауруджың болуы экологиялық, метеорологиялық және т.б. факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Болжау орман шаруашылығының алдын-ала жасалатын шараларын жасап жоспарлауда өте маңызды роль атқарады.

Мақсатқа байланысты қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, көпжылдық болжауларды ажыратады.

Қысқамерзімді болжау – қысқа мерзім ішінде аурудың жаппай таралуын болжап білу. Бұл болжау аурудың динамикасын, инкубациялық мерзімін, қай уақытта патогеннің жаппай спора шашуын анықтайды. Талдаудың қорытындысы бойынша математикалық модельдер құрылып, химиялық өңдеудің мерзімдері белгіленеді. Қысқа мерзімді болжауды құру барысында өсімдік пен иесінің фенологиясына бақылау жасау қажет, сонымен қатар патогеннің жағдайын, инфекциияның қорын, ауа-райы жағдайларын қадағалау қажет.

Ұзақмерзімді болжау. Аурудың көп уақытқа созылуын болжау. Ұзақмерзімді болжауды талдау үшін алдыңғы жылғы метеорологиялық факторларды білу қажет. Ауа-райы факторларынан температураны, ауаны және топырақты, ауа ылғалдылығын, қалдықтарды, қалдықтардың түскен күндері, күннің түсуі қар жамылғысының қалыңдығы алынады.

Көпжылдық болжау. Аурудың жаппай таралып көп уақытқа созылуы. Көпжылдық ауруды эпифитаттар деп таалады (некроздар, ісіктер). Бұл үшін зақымдалған өсімдіктердің орташа көрсеткіші алынады.

Көп жылдың мәліметтеріне қарай талдау жасалынып, математикалық модель құрылады. Әр түрлі орман қорғау шараларына осы мәліметтер арқылы жоспар құруға болады.


13 Метерологиялық жағдайлардың кері әсері
Желдің әсері. Желдің әсерінен орман шаруашылығына көптеген зиян келеді. Олар сонымен қатар топырақтың беткі қабатын ұшырып әкетіп, отырғызылған көшеттердің дұрыс өсуіне кері әсерін тигізеді.

Желдің ұшыруы тамырдың топырақта әлсіз бекінуіне байланысты желмен ағаштарды ұшырып әкетеді. Желдің ұшыруына тұрақты қарсы төтеп беретінқылқан жапырақтылардың ішінде шырша, жапырақтыларда – қайың, бук. Желмен көбінесе таулы аймақтың ағаштарына зиян келеді. Желге қарсы төзімділік көшеттерді араластырып отырғызу. желмен көбінесе тамырлардың шіруі кездеседі.

Жел сонымен қатар ағаштардың бұтақтарын сындырып, зақымдайды. Осында сынуға өте төзімді болып келетін ол қылқан жапырақтылар. Мысалы, Мурманск облысында шырша ағаштың 100%-ті шіріген ағашқұлақпен зақымдалған. Бузулук бағында көктеректің 75%-ті қара ісікпен зақымдалған, Ростов облысында шағанның 75%-ті эндокелин ісігімен зақымдалған.

Құлаған ағаштарды уақытында алып тастамаса зақымдаушы жаппай басып кетуі мүмкін.

Жел сонымен қатар топыраққа да кері әсерін тигізеді. Егер үнемі жел болатын болса, топырақты кептіріп ағаштың өсуін қиындатады.

Қалдықтардың кері әсері. Қалдықтар қар, бұршақ, жауын-шашын түрінде берілсе, орман шаруашылығына көп зиянын тигізеді. Егер қар ағаштың бұтағында көп жиналса, бұтақ көтере алмай сынуы мүмкін.

Қардың көп жиналуы температураның тез өзгеруіне әсер етеді. Жылы желді күндері қар қалың жапалақтап жауса, бұтақтарға жабысып, температура күрт төмендесе қатып қалады. Қардың көп жауып басып қалуы жаңа жас отырғызылған көшеттерге әсерін тигізеді. Мысалы, Карпатта қарағайлардың жаппай зақымдалуы шойырлы ісікпен ауруға шалдықтырды.

Таулы аймақтарда қар көшкінімен қардың көп болып түсуі үнемі болып отырады. Қардың борап көп түсуі әр түрлі аруулардың, ағаштың құрауына әкеп соғады. Ауа-райының күрт өзгеруі қыста ағаштың діңінде мұздың қатуына себепші болады.

Бұршақта ағаштарға көптеген зиянын тигізеді. БҰршақ көбінесе ағаштың нәзік мүшелерін, жапырағын, қылқанын, гүлін, тұқымын, бүршігін және жұқа қабатын зақымдайды. Бұршақпен зақымдалған жерден аурудың қоздырығыштары кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет