Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология-химия факультеті
Экология кафедрасы
Орман фитопатологиясы
Дәріс сабақтарының конспектісі
Павлодар
УДК 630.44(07)
ББК 20.1 я. 7
Б 23
С. Торайғыров атындағы ПМУ БХФ Экология кафедрасының отырысында баспаға ұсынылды
Пікір сараптамашы:
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің б.ғ.к., доцент Есмағамбетов Д.Е.
Құрастырушы: А.К.Оспанова
Б 23 Орман фитопатологиясы. – Павлодар, 2008. – 126 б.
Бұл оқу құралы ана тілінде жазылған қысқаша дәріс сабақтарына арналған. Ағаш-бұа өсімдіктерінің ауру қоздырғыштарына олардың белгілеріне, ауруларын анықтайтын әдістерге толықтай сипаттама берілген. Сонымен қатар орман ағаштарының ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарына жіктелу берілген.
Оқу құралы оқырмндардың кең шеңберіне – ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, биологиялық факультеттердің студенттеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылық және медицина мамандарына арналған.
УДК 630.44(07)
ББК 20.1я7
© Оспанова А.К., 2008
© С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті, 2008
Кіріспе
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton - өсімдік, phatos - ауру, logos – сөз, ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроағзалар туралы ғылым). Фитопатология өз алдында биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
1 Фитопатологияға жалпы сипаттама
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton – өсімдік, phatos – ауру, logos – сөз, ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Фитопатологияның негізгі көңіл аударатыны жеке-жеке өсімдіктерді қарастыру емес, өсімдіктердің топтары мен қауымдастықтары. Осындай күрделі биогеоценоздың бірі орман болып табылады, сондықтан бір ағаш ауырса, барлық ағашқа аурудың түрлері беріледі. Бұндай жағайда орман фитопатологиясы бір ғана тұқымдастың жеке бір түрін ғана зақымдап қана қоймай, барлығын жаппай зақымдайды.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроорганизмдер туралы ғылым). Фитопатология өз алдына биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Фитопатология басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста. Зерттеу барысында анатомиялық құрылысындағы патологиялық өзгерістердің болуы, зат алмасу және ауру өсімдіктің физиологиялық қызметтерінің бұзылуы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, генетика, цитология, молекулярлық биологиямен байланыстылығын көруге болады. Осы уақытта фитопатологиялық бақылаулар мен зерттеулер ағаш және бұта өсімдіктерінің жаңа формалары мен сорттарын алуға көмегін тигізеді.
Орман ауруларының дамуы және таралуы, оларға тигізетін әсері көбінесе топыраққа және басқа жағдайларға көшеттердің құрамына, жасына байланысты. Сондықтан орман фитопатологиясы көптеген орман шаруашылық пәндерімен байланысты, ол топырақты орман, орман шаруашылығы, орман таксациясы және т.б. Болашақ фитопатологиясы өсімдіктердің ауруларымен күрес жолдарын химиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізеді. Осы жерден химиямен тікелей қарым-қатынасын көруге болады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде, мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз кезегінде қылқандардың жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін құрастырады. Орман фитопатологиясының ерекшелігі қоршаған ортаның экологиялық мәселелерн шешу.
2 Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Орман фитопатологиясының жеке ғылым болып өсуіне, дамуына көптеген отандық және шет елдік ғалымдардың атымен байланысты. Орман фитопатологиясының негізін қалаушы неміс ботанигі, орманшы және фитопатолог Роберт Гартиг (1839-1901).
1887 жылы Р.Гартигтің «Ағаш тектес өсімдіктердің ауруы» атты оқулығы жарық көрді. Ол барлық европалық тілдерге аударылды. 1894 жылы Ресейде басылып шықты. Осы және басқа да жұмыстарында Р.Гартиг орман өсімдіктерінің ауруларын және қоздырғыштарының биологиясын жазып көрсетті. Гартигтан кейін Германияда орман фитопатологиясы бойынша көптеген ғалымдар жұмыстар жасады. Осы аралықта орман фитопатологиясынан Америкада және Европада көптеген жұмыстар жасалды. Ағаш тектес өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарының биологиясын ең бірінші рет орыс ғалымы зерттеу жасап, фитопатологияның негізін салушы М.С.Воронин болды (1838-1903).
1897 жылы Петербурда И.П.Бородиннің «краткий очерк микологии с указанием грибов, наиболее вредных в сельском хозяйстве и лесоводстве» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап орман микологиясы бойынша Ресейде алғаш рет шыққан оқулық деп айтуға болады. Онда саңырауқұлақтардың морфологиясы мен биологиясына өте үлкен көңіл бөлінген.
Әлемдік микология мен фитопатология саласында М.С.Ворониннің талантты шәкірті А.А.Ячевский көп ат салысты (1863-1932). Ол 500 тарта ғылыми жұмыс жазды, сонымен қатар «Паразитные и сапрофитные грибы русских лесных пород» (1897), екі томдық «Определитель грибов» (1913, 1917), «Основы микологии (1933), «Бактериозы растений» (1935) және т.б. еңбектері жазылды. А.А.Ячевский фитопатологиялық зерттеулердің, өсімдіктерді қорғауды бірінші болып ұсынды. 1902 жылы ол Орталық фитопатологиялық станцияны құрып басқарды. Ол орталықта жыл сайын өсімдіктердің аурулары туралы мәліметтер беріліп тұрды. 1907 жылы А.А. Ячевскийдің басқаруымен Петербурда микология және фитопатологиядан бюро құрылды, бара-бара А.А.Ячевский атындағы микология зертханасына айналды, ол Бүкілодақтық өсімдікті қорғау институтының құрамына кірді.
1920 жылы Петроград орман институтында алғаш рет орман фитопатологиясы кафедрасы құрылып, 26 жыл бойы А.А.Ячевскийдің оқушысы совет үкіметінің аса ірі ғалымы және педагогі С.И.Ванин басқарды (1890-1951).
С.И.Ванин совет үкіметінің орман фитопатологиясының мектебін құрушы, әрі жоғарғы оқу орындарына арналған фитопатология оқулығының бірінші авторы болды. С.И.Ванин орман фитопатологиясы бойынша көптеген жұмыстарды жарыққа шығарды. Соның ішінде «Методы исследования грибных болезней леса и повреждений древесины» (1931), «Домовые грибы» (1931) және т.б. кітаптары белгілі бола бастады. С.И.Ваниннің ғылыми-педагогикалық жемісті еңбегі басқа орман фитопатологиясының жоғарғы оқу орындарына көмек жасады. С.И.Ваниннің көптеген шәкірттері А.Т.Вакин, Д.В.Соколов, И.Я.Шемякин, Л.В.Любарский және т.б. совет үкіметінің орман фитопатологиясына көп үлестерін қосты.
Орман фитопатологиясының ірге тасын қалаушылардың бірі А.С.Бондарцев болды. «Трутовые грибы европейской части СССР и кавказа», «Пособие для определения домовых грибов» еңбектерінің авторы.
Орман фитопатологиясының өсу тарихын бірнеше этаптар мен бағыттарға бөледі. Микологиялық бағытта жұмыс істеген Р.Гартиг, М.С.Воронин, А.А.Ячевский, А.С.Бондарцевтар болды.
Орман фитопатологиясы кафедрасы құрылғаннан кейін барлық жоғары оқу орындарында С.И.Ваниннің, А.А.Юнецскийдің, К.Е.Мурашкинскийдің жұмыстары патологиялы-экологиялық бағыттың дамуы, ең негізгі зерттелетін объект болып, ауру өсімдіктің саналуы; фитопатологтардың ауру өсімдіктің қоздырғыштарының ішкі ортаның барлық компоненттерімен қарым-қатынасы оқытылды. Осы бағыт қазіргі күнге дейін жалғасын табуда. Оның дамуымен Орман фитопатологиясының жетістіктері байланысты.
В.Ф.купревичтің (1897-1969) жұмыстарының ішінде «Физиология больного растения в связи с общими вопросами паразитизма» (1947) монографиясы ерекше. Ауру ағаштың патологиялық зерттеуі соңғы он жыл ішінде шет елде, совет үкіметінде жақсы дамуда.
3 Өсімдіктердің аурулары мен олардың себебі туралы жалпы мәліметтер
Өсімдік өмір сүру барысында қоршаған ортамен тікелей байланыста болады. Оның өсуі, дамуы міндетті түрде температураға, ылғалдылыққа, топырақтың химиялық құрамына, ауаға, әртүрлі фактілерге байланысты болады.
Қоршаған ортаның жағдайлары өсімдіктің керекті талаптарына сай болса, оның морфологиялық және функционалдық өзгерістері болмас еді. Кез-келген өзінің мөлшерінен асып немесе кем болса, өсімдікке басқа бөгде организмдер әсер етіп, зат алмасуы және физиологиялық қызметтері, анатомиялық құрылысы және өсімдіктің сыртқы бейнесі өзгеріп патологиялық процесс немесе ауруға ұшырауы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы – бұл өте күрделі патологиялық процесс, сыртқы факторлардың әсер етуі.
Қоршаған ортаның зиянды факторлары өсімдіктің ауруының дамуына әсер етуін биотикалық және абиотикалық деп бөлуге болады. Биотикалық дегеніміз өсімдікке тірі организмдердің әсері. Абиотикалық дегеніміз тірі емес фактордың әсер етуі.
Егер ауру тірі организммен берілсе, онда ол міндетті түрде ауру өсімдіктен сау өсімдікке беріледі. Бұндай ауруларды жұқпалы деп атайды. Ауру организмді ауруды шақырушы аурудың қоздырғышы немесе патоген деп атайды. Өсімдіктің ауруын шақыратын организмдерді фитопатоген деп атайды. Өсімдікке кіріп, оның тамағымен қоректенетін патогенді – өсімдіктің иесі деп атайды. Өсімдіктің жұқпалы ауруларын көбінесе фитопатогенді микроорганизмдер шақырады: саңырауқұлақтармен (саңырауқұлақпен берілсе, микоз деп аталады), бактериямен (бактериоз), гельминттермен (гельминтоз), актиномицеттермен және вирустармен, микоплазмамен.
Ауру фитопатогенді организмдермен емес, керісінше абиотикалық факторлармен беріліп және ауру өсімдіктен сау өсімдікке берілмесе, онда оны жұқпалы емес аурудың түріне жатқызуға болады.
Жұқпалы болсын, жұқпалы емес болса ауруларды бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Табиғатта ол екеуінің арасында анықталған байланысты байқауға болады: үнемі жұқпалы аурулар алдын ала зақымдаған өсімдіктің жұқпалы емес ауруымен ауруынан пайда болады.
Көптеген жағдайларда жұқпалы емес патологиялық процесс өсімдікке патогеннің енуіне негіз болды. Ағаштардың қабығының күйіп қалуы немесе үсіп кету жұқпалы ісік ауруларының алдыңғы сатысы. Физиологиялық процестердің нашарлауы және ұсақ тамырлардың өлуі, оттегінің жетіспеуінен топырақтың тығыздануына қылқан жапырақтыларда тамырірінге әкеп соғады. Жұқпалы аурулармен көбінесе ағаш тектес өсімдіктер зақымдалады. Оған уақытында жағдай жасалмаса, топырақтың және ауа-райы жағдайлары әсер еткенде.
4 Өсімдіктің ауруларының симптомдары немесе алғашқы белгілері
Өсімдіктің клеткасы және тканьдері әртүрлі ауруларда патологиялық реакциясы әртүрлі болады. Көзбен көрінбейтін аурудың белгілерін симптом деп атайды.
Симптомдарды типтік және типтік емес деп бөледі. Типтік – ол осы ауруда үнемі пайда болады; негізгі (осы ауруға сәйкес); арнаулы (осы ауруға ғана тән) және жалпы (әртүрлі ауруларда байқалады); бірінші (инкубациялық мерзімнен кейін пайда болатын) және екінші (аурудың әрі қарай дамуы). Зерттеудің ең негізгі нақтысы әртүрлі қоздырғыштардың әртүрлі симптомдарды шақыруы. Бірақ әртүрлі қоздырғыштар бірдей ауруды шақыруы мүмкін емес. Осындай белгілердің сәйкестігі симптомдардың конвергенциясы деген атқа ие болды. Мысалы, ағаштардың төбесінің қурауы құрғақшылықтың, тамырдың шіруі ауруынан, ісікті некроз ауруларынан байқалады. Кейбір жағдайда, керісінше, бір патоген әртүрлі өсімдік түрлерінде немесе әртүрлі мүшелерде бір өсімдік иесі әртүрлі симптомдардың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан, арнаулы аурулардың жеке симпотмдары олардың бірігуін және аурудың диагностикасы жеке белгілері бойынша емес, олардың анықталған сәйкестілігі арасындағы байланыстың пайда болуын көрсетеді.
Аурулардың ішінде сыртқы белгілері көрінбейтін симптомдарында болуы мүмкін (мысалы, кейбір вирусты аурулар). Бұндай ауруды симптомсыз аурулар деп атайды. Симптомсыздық ол өсімдіктің қоздырғышқа төзімділігін көрсетеді. Ауру алғашында симптомсыз беріліп, одан кейін шықса, онда оны патентті деп атайды. Кейбір кезде сыртқы факторлардың әсерінен шыққан симптомдар уақытша көрінбей қалады (мысалы, жапырақтардың мозаикалық түстері, кейбір вирусты ауруларға тән, ыстық күндері көрінбейді, суық күндері қайтадан шығады) Бұл құбылыс симптомдардың москировкасы деп аталады. Қоршаған ортаның кейбір жағдайлары симптомдардың пайда болуына әсер етіп, кешіктіруі мүмкін.
5 Өсімдіктің ауруларының типтері
Аурудың типтері деп аурудың топтарын айтады. Аурудың типі патоген мен иесінің өсімдіктегі потологияның өзгерістерді көрсетеді. Ол патогеннің қасиетіне, ерекшелігіне, кейбір кезде өсімдіктің жағдайына және жасына байланысты болады.
Көбінесе ағаш тектес өсімдіктерде кездесетін аурудың типтерін төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
шіру. Аурудың бұл типі саңырауқұлақпен немесе
бактериямен шақырылады. Оларға тән мінездеме өсімдік құрылысының өзгеруі және мүшелердің тканьдерінің зақымдалуы. Өсімдіктің әртүрлі бөліктері шіруі мүмкін: жемісі, тұқымы, түйіні, тамыры, діңі және т.б. Өсімдіктің тканінің химиялық құрамымен құрылысына байланысты қоздырғыштың ферменттерінің әсер етуі, патологиялық процестің дәрежесіне қарай жұмсақ және қатты, ылғалды және құрғақ шірулер болып бөлінеді;
Ісік. Осы термин арқылы ауруға мінездеме беруге болады.
Өскіндер, клеткалардың өсуі, жаралардың болуы, жаралардан шайырдың ағуы. Ісіктер өсімдіктің діңінде, тамырларында және тағы басқа мүшелерінде кездесуі мүмкін. Көбінесе ісікті аурулар ағаш тектес өсімідіктерде саңырауқұлақпен немесе бактериямен беріледі, бірақ ісіктің алғашқы дамуы механикалық зақымдалудан болуы әбден мүмкін, температураның күрт өзгеруі және басқа факторлар әсер еткенде;
Вилт. Өсімдіктердің өткізгіш жүйелерін зақымдайтын және
өсімдіктің түгелімен немесе кейбір мүшелерінің қурауына әкеп соғатын ауру. Осы аурудың қоздырғыштары саңырауқұлақ арқылы берілсе, онда оны трохеоликоз, ал бактериялар арқылы берілсе – трохеобактериоз деп атайды. Аурудың инфекциялық жолмен берілетін осы түрі инфекциясының құр аурудан айырмашылығы бар (механикалық зақымданулар, қурады ж. т. б. ) себептерге байланысты;
Қабық некрозы. Саңырауқұлақпен берілетін аурудың типі қабығымен камбийдің зақымдалуы, түсінің өзгеруі, зақымданған тканьдердің өлуі және арнаулы саңырауқұлақтың өсінділерінің қалыптасуы;
Тат саңырауқұлақтары. Осы атаумен көптеген саңырауқұлақтардың тат аурулары белгілі. Кейбір белгілері бойынша тат саңырауқұлақтарында пустул қалыптасып, қызғылт-сары, қоңыр-тат және қара споралармен толтырылуы, сыртқа ол жабын тканьдерін тесіп, эпидермис, жапырақтың кутикуласы, діңі және бұтақтары арқылы сыртқа шығады;
Шютте. Осы аурудың типі қылқан жапырақтыларда кездеседі. Неміс тілінен аударғанда schütten, түсу деген мағынаны білдіреді. Шютте урудың типі әртүрлі саңырауқұлақтардың түрлері арқылы беріліп, түсінің өзгеруіне, қылқандарының өліп түсуіне әкеп соғады. Жұқпалы емес аурудан бұл аурудың белгілері бойынша жұқпалы ауруларға қылқанында споратасымалдаушы қоздырғыштардың қалыптасуы;
Ақ ұнтақ. Бұл аурудың типі ақұнтақ саңырауқұлақтары арқылы беріледі. Олардың ерекшелігі патогеннің мицелиі өсімдіктің үстіңгі жағында орналасады, өте тығыз ақ түсті дене түзеді. Саңырауқұлақтың спорасы жаппай қалыптасқанда сеуіп тастаған ақ ұнға ұқсайды;
Күю. Күюмен берілетін аурудың типі саңырауқұлақпен немесе бактериямен берілуі мүмкін. Олар ағаштардың әртүрлі мүшелерінде кездесуі мүмкін: жас бүршіктерінде, гүлінде, діңнің қабығында, бұтақтарында, жапырақтарында. Гүлдері мен бүршіктері тез арада өліп қарайып кетеді. Жапырақтары да қараяды, бірақ түспейді. Бактериялармен күйгенде зақымдалған жапырақтармен қабығының жарылуынан сұйықтық ағады, онда көптеген бактериялар кездеседі;
Теңбілдену. Бұл табиғатта кең таралған өсімдіктердің аурулары. Теңбілдену саңырауқұлақтармен, бактериялармен, вирустармен және қолайсыз абиотикалық факторлармен беріледі. Негізінен теңбілденумен көбінесе жапырақтар зақымдалады, кейбір ағдайларда жемістері, жас бүршіктерінде кездеседі. Бұл аурудың типі тканьдердің өлуіне, түсінің, құрылысының өзгеруіне, саңырауқұлақпен берілсе, патогеннің спорасы пайда болады. Теңбілдену түсіне, пішініне, теңбілдің құрылымына қарай әртүрлі. Олар қара, ақ, қоңыр, ұсақ, дөңгеленген, бұрыштанған, нүктелі, тесік болып келуі мүмкін;
Мумификация. Саңырауқұлақпен берілетін осы ауру паразиттің мицелиі барлық мүшелердің тканьдерін зақымдап, оны қара тығыз «мумию» деген денеге немесе склероциалды стромаға айналдырады. Үнемі көп кездесетін ол жемістер мен тұқымдардың мумификациясы, бірақ өсімдіктің басқа да мүшелері мен жапырақ бөлімдері мумификациялануы мүмкін;
11) Парша. Парша кейбір саңырауқұлақтардың түрлерімен беріледі. Тал, терек, көктеректің жемістерінде кездеседі;
12) Антрокноз. Саңырауқұлақпен берілетін ауру, өсімдіктің мүшелерінде өте тереңге кеткен жаралардың, құрғақ шірудің белгілері осы ауруда кездеседі;
13) Мыстанкемпірдің сыпыртқысы. Осы ауру көбінесе өсімдіктерге саңырауқұлақтармен және вирустармен беріледі. Патогеннің әсер етуі арқылы ұсақ-ұсақ көптеген жіңішке жіпшелердің өсімдікті орап алуы;
14) Деформация (қисаю). Әртүрлі факторлардың әсерінен немесе саңырауқұлақтар мен вирустар арқылы берілуі, өсімдіктердің мүшелердің қисаюына әкеп соғуы мүмкін. Деформацияның типі әртүрлі. Жапырақтардың деформациясы олардың оралуына, әжімденуіне, көпіршікті томпашықтардың пайда болуына әкеп соғады. Қап тәрізді немесе жапырақ тәрізді зақымдалған тканьдердің өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының деформациясын туғызады. Гүлдердің деформациясы кезінде генеративтік мүшелердің вегетатитвтік мүшелеріне айналуы немесе гүлдің дамымауы. Сонымен қатар бүршіктер мен сабақтардың қисаюы және жуандауы кездеседі;
15) Хлороз. Хлороз дегеніміз жапырақтарға хлорофилдің жетіспеуінен сарғайып, түссізденуі. Хлороздың пайда болуына себеп - өсімдікте минералдық қоректің бұзылуы, кейбір кезде хлороз вирус арқылы да беріледі;
16) Мозайка. Жапырқатрдың түсінің тең болмауы, жасыл түстің
орнына ақшыл түстің болуы. Өсімдіктерде бұл ауру вируспен беріледі. Кейбір жағдайда элементтердің қорының жетіспеуімен де байланысты;
17) Плесень. Саңырауқұлақтардың спораларымен мицелилерінен тұратын әртүрлі түсті тор сияқты өсімдік мүщелерінде кездесетін ұнтақ.
Ағаш тектес өсімдіктердің ауруларының классификациясынан басқа, аурулардың типтері арқылы өсімдіктердің жас ерекшеліктеріне қарай классификациялайды. Өсімдіктерде жалпы және отырықшы ауруларды ажыратуға болады.
Отырықшы аурумен берілгенде өсімдіктің кейбір мүшелері немесе жеке бөлімдері зақымдалуы мүмкін. Мысалы, отырықшы ауруларға теңбілдену, шіру, ісікпен берілетін аурудың түрлері. Жалпы аурумен толықтай зақымдалады, бірақ зақымдалуы бір жерде ғана болуы мүмкін. Мысалы, көбінесе өсімдікке вируспен берілетін ауруларда.
Патологиялық процестердің даму жылдамдығына қарай аурудың екі формасын ажыратуға болады: тез өтетін (симптомдары жақсы, тез беріледі) және асқынған (ақырындап дамып, белгілердің аз байқалуы).
6 Өсімдіктерді, ағаштарды зақымдайтын саңырауқұлақ аурулары
Мәдени өсімдіктермен ағаштектес өсімдіктердің зақымдануы эеономикаға көп әсерін тигізуде. Тарихтан белгілі өсімдіктердің оның ішінда ауылшаруашылық дақылдарының жаппай ауруға ұшырауынан миллиондаған адамдардың қаза болғаны. Мысалы, Оңтүстік Шығыс Азияда кофеин ағашының тат эпифитоттормен зақымдануынан плантацияның жабылып қалуы. Жақында тат эпифитоттарының кең таралуынан Бразилияда кофеин ағашының өспей қалуына қауіп төнді. Болашақ, қазіргі жағдайда төзімді сорттарды ашып өсірудің өзінде өсімдіктерге, орман және ауылшаруашылығында көптеген шығындарға әкеп соғуда.
Патогенді саңырауқұлақтар өсімдіктердің көртеген түрлерін әртүрлі ботаникалық тқұымдастарды зақымдауда. Мысалы, Sclerotinia graminearum Elen және Nyphula graminearum Tul, астық тұқымдастарын, кейбір шөптксін өсімдіктерді, қылқан жапырақтыларды бүлдіруде. Паразиттердің кең таралған түрлері бір тұқымдастылық өсімдіктердің әртүрлі түрлерін зақымдайды. Мысалы, Plasmodiophora brasscae Woron крестгүлділердің қоздырғыштары. Көптеген фитопатогенді саңырауқұлақтарда систематикалық топтарға жататын әртүрлілікті көруге болады. Патогеннің бір туысқа жеке түрлерін зақымдауы, Мысалы Lophodermium pinastri Chev, қарағайдың кәдімгі шютте қоздырғышы, Pinus туысына жататын әртүрлі түрдің қылқандарын зақымдайды.
Үйеңкінің қара теңбілді қоздырғышы Rhytisma acerinum (Pers) Fr., Acer туысының әртүрлі түрлерінде паразитті түрде өмір сүреді.
Облигатты паразиттердің ішінде (ақ ұнтақ, тат саңырауқұлақтары) түрлері (оларды кейде жинақталған деп те атайды). Олардың пішінінде барлық жағынан айырмашылығы бар, бірақ морфологиялық жағынан бірінен бірін айыра алмайсың. саңырауқұлақтардың бір түріндегі осындай формаларды арнаулы формалар деп атайды (латынша аты forma Specialis; қысқартылғанда f.sp немесе f.). Мысалы, ақ ұнтақ саңырауқұлағының түрі Phyllactinia saffulta Sacc., қайыңда, лещинада, букта кездеседі. Ph. saffulta f.coryli., P.saffuita f. fraxini, Ph. sufulta f. Betulae, Ph. sufulta f. carpini және тағы басқалар.
Арнаулы түр бойынша паразит өсімдіктің бір түрінде ғана дамуға бейімделген. Бұған мысалы, Peridermium pini Kleb - кәдімгі қарағайдың шайырлы ісігінің қоздырғышы.
Бұданда өте ұқшамдалған тек сорттық арналған түрі ғана болады. Физиологиялық нәсілі бойынша тек өсімдіктің бір түрі ғана зақымдайды. Олар көптеген саңырауқұлақтардың әр түрін систематикалық топтарынан белгілі.
Патогендердің онтогенетикалық специялизациясы өсімдіктердің өсуіне немесе мүшелердің жасына қарай ерекшеленеді. Мысалы шашылған тұқымды қоздырғыштар бірігші жұмасында зақымдайды.
Melampsora pinitorgua Rostr., қарағайдың вертуны, қарағайды 10-12 жасында зақымдайды. Microsphaera alphitoides Cr. et Maubl., еменнің ақ ұнтақ қоздырғышы. Ол тек жас отырғызылған көшеттерді бүлдіреді. Phacidum infestans Karst., қарағайдың қорлы шюттесінің қоздырғышы, жас қылқандарды зақымдайды. Lophodermium pinastri Chev., кәдімгі шюттенің қоздырғышы, керісінше ескі қылқандарды бүлдіреді.
Қарастырылған арнаулы типтердің практикалык ерекшелігі өте зор. Өйткені ол өсімдіктің жұқпалы ауруларға төзімділігімен байланысты. Олар селекция жұмысына, ағаш тектерді дұрыс пайдалануға, ормаг шаруашылығында химиялық әдіс жолымен орманды қорғау үшін жасалынатын шаралар қолданылады.
Органотропты специализация - бұл патогеннің белгілі бір мүшеге үйреншектігі, ол гистотропты өсімдіктің белгілі бір тканімен қоректенуші. Парионның кейбір қоздырғыш түрлерінде органотропты специализация кең таралған, ол жапырақтарды, бүршіктерді, кейбір кезде эемісті зақымдайды. Мысалы, керісінше Septoria populi Desw., теректің жапырағанаң ақ теңбілінің қоздырғышы, олтек жапырақты, сол жапырақтағы паренхималық тканьді зақымдайды. Кейбірі шірітуді және ісік-некрозды қоздырғыш аурулар ағаш тектес өсімдіктерде бірдей органотропты специализация болуы мүмкін, ағаштың діңін зақымдап, сол арқылы гистотропты специализация әртүрлі болуы мүмкін: біріншілері ағаштың діңінде, ал екіншілері қабығы және камбиін зхақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |