Орман фитопатологиясы Дәріс сабақтарының конспектісі



бет3/9
Дата26.08.2017
өлшемі1,75 Mb.
#28087
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Температураның әсері. Барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің, олардың жеке мүшелерінің өсіп жетілуіне белгілі бір температура қажет. Ағаш тектес өсімдіктерде, оптималды, минималды, максималды температура қалыптасқан. Минимумнан максимумға дейін немесе температураның күрт өзгеруі өсімдікте патологиялық өзгерістерге сонымен қоса өсімдікті өлімге дейін әкеледі.

Төменгі температурада сүрек, тамыр үсіп кетуі мүмкін. Содан барып ағаш жарылып, сол арқылы аурудың қоздырғыштары кіріп, өмір сүреді.

Егер қыста үнемі -30о –дан -40-45оС-ға дейін болса, бүршіктердің үсіп кетуіне әкеледі. Көбінесе аяздан жас өсімдіктер зиян шегеді. 1939-40 және 1941-42 жылдары солтүстікте орналасқан емендердің жаппай өлімге ұшырауы осыған байланысты. Өлмей, өте әлсіреген ағаштарда зақымдаушылармен саңырауқұлақпен берілтені аурулар зақымдады. Ағаштектес өсімдіктерге кеш түскен көктемде және ерте түскен күздегі аяздарда көп әсер етеді.

Көктемгі аяздар ағаштардың жас жапырақтарын, бұтақтарын зақымдайды. Өсімдіктің зақымдалған бөлігі қарайып түсіп қалады.

Қыста температураның күрт өзгеруі ағаштардың аяздан діңі жарылып кетеді. Аяздан ағаштың діңінің жарылуы қылқан жапырақтыларда, барлық ағаш түрлерінде кездеседі.

Аязбен зақымдалған жаралардың пайда болуы бара-бара ісікті жараларды тудырады. Күн қатты ыстық болғанда қабығы күйіп кетуі мүмкін. Күйген қабық жараға айналып, сол жарадан фитопатогенді саңырауқұлақтар кіріп зақымдайды.

Ерте көктем мезгілінде, қыста егер қар аз болса, температура күндіз және түнде құбылмалы болып тұрса, қылқан жапырақтыларда қылқаны сарғайып түсіп қалады. Егер ауаның температурасы күндіз 15-180С-дан көтерілсе, ал топырақтың температурасы 40С-дан жоғары емес. Сонымен қатар өсімдікке үнемі күн түсіп, ылғалдылық жетіспеген жағдайда тамырда өте белсенді булану өтіп, өсімдікті одан әрі әлсіретеді. Қорытындысында қылқандары қызыл-қоңыр түске еніп түсіп қалады. Бұндай құбылыстар үнемі ашық жерлерде кездеседі.
14 Шаруашылықтардан шығатын қалдықтардың кері әсері
Шаруашылық мекемелері биогеоценозға, ауаға көптеген шаң және газ тәрізді қалдықтарды жыл сайын бөліп шығрапы отырады. Биогеоценоздың ішінде осы шығарылған қалдықтардан өсімдіктер көп зиян шегеді.

Шаруашылық қалдықтарына: газ тәрізді қосылыстар, көшірдің жанбаған бөлшектері, күл, металдардың сульфаттары мен сульфиттері. Магнийдің қосылыстары, кальций, натрий және т.б. Шаруашылық қалдықтары өсімдіктердің вегетация мерзімін қысқартады, фотоассимиляциялаушы мүшелердің алаңын тежейді. Бұндай бұзу ағаштардың дұрыс өспеуіне, әлсіреуне, уақытынан бұрын құрауға әкеп соғады.

Әртүрлі ағаштектес өсімдіктер газды ұстап қалу және газға деген сезімталдығы бірдей емес. Газды ұстап қалу – бұл газдың зияндылығына өсімдіктің өмірін сақтап қалу үшін күресуі.

Газға сезімталдық деген – газдардың токсикалық әсеріне өсімдіктерде патологиялық реакциялардың пайда болу жалдымадығы және дәрежесі. Мысалы, қарағай мен шыршаға қарағанда, балқарағай газға сезімтал. Өсімдіктің газға төзімділігінң үш түрін анықтайды: физиологиялық, морфологиялық және биологиялық.

Физиологиялық төзімділік клетканың ішіндегі заттардың төмен қышқылдануымен анықталады. Күкіртті ангедрид және басқа да қышқылды газдар клеткаға еніп белсенді темірді қосып фотосинтезді жүргізбейді. Жапыраққа күн сәулесі түсіп, хлорофилл флуресценцияға қабілетті болғандықтан, фотодинамикалық әсерлерді қалыыптастырады да, одан фотоқышқылдануға айналады. Қышқылданған заттар бұзылып, клетканың қышқылдануы неғұрлым аз болса, соғұрлым өсімдіктің газға тұрақтылығы жоғары.

Осыған орай қылқан жапырақтылар көп қышқылдана алғандықтан, газдардың әсеріне төзімсіз келеді. Жапырақтардың жалпы қышқылдылығы аз болғандықтан, газға өте төзімді келеді.

Жапырақтардың құрылыс ерекшелігіне қарай газға төзімділік морфология-анатомиялық негізі, өсімдіктерге газдың түсуін қадағалайды. Биологиялық газға тұрақтылық газбен зақымдалған мүшелерді тез қалпына келтірумен байланысты.

Өсімдік бір уақытта әртүрлі газды тұрақтылықты көрсетуі мүмкін. Газды тұрақтылықтың бір түрі өсімдіктің бір түрінің газға тұрақтылық дәрежесін анықтап береді. Ағаштардың газға тұрақтылығы шаруашылықтан шыққан қалдықтардың қосылыстарының құрамына, ортаға байланысты. Кулагиннің жұмысында «газға тұрақтылық», «түтінге тұрақтылық» деген терминмен ауыстырылған.

Ағаш тектес өсімдіктерге өте үлкен зиян келтіретіндер: күкіртті ангидрид, күкіртті газ, фтор, азот қышқылдары, этилен, магний окисі. Өте қауіпті қосылыстардың қалай әсер ететіндігі төменде берілген.

Күкіртті ангидрид. Олардың зақымданған белгілері қылқанында (жапырағында) өте қатты әсер еткенде клетка құрылысы және пигменті бұзылады. Күкіртті ангидрид өте жоғарғы концентрацияда әсер етсе, зақымданғаны тек бірнеше күннен кейін ғана белгілі болады. Қылқан сары-қоңыр түске енеді. Қарағаймен самырсынның қылқандарының түсінің өзгеруі астыңғы жағынан басталады. Қарағайда ол біртіндеп басталады, ал шыршада басында ақырындап басталады да, содан соң өте тез өтеді. Күкіртті газдың әсерінен жапырақтарда әртүрлі мөлшерлі қызыл-қоңыр теңбілдер пайда болады. Күкіртті газдың жоғарғы концентрациясы жапырақтың жарты пластинкасын теңбілмен жауып тастайды.

Күкіртті ангидридпен зақымдалуы жапырақтар мен қышқылдардың ерте түсуіне әкеп соғады, ал газдың жоғарғы концентрлігі жас бүршіктердің қисаюына және өлуіне әкеледі. Қылқан жапырақтыларға қарағанда жапырақтылар күкіртті ангидридке төзімді келеді. Оның концентрациясы балқарағайда 0,25, қарағайда 0,40, ал шыршада 0,70 болуы қажет.

Ағаштардың әлсіреуі зат алмасуды, ферменттердің белсенді түзілмеуін, фотосинтездің әлсіреуін, хлорофилдің бұзылуына жол береді. Сол уақытта клеткалар мен тканьдердің, сүректің, камбийдің, қылқанның және жапырақтың деформациясы мен бұзылуы өтеді.

Фтор және оның қосылыстары. Өсімдіктің тамыры және жапырағы арқылы зақымдайды. Концентрациясы 0,01 мг/м3-қа тең болса, жапырақтарда ашық-сары түсті жіңішке жолақтар пайда болады. Қылқан жапырақтылар да фтормен зақымдалса, қылқандары түссізденеді, ағарады, содан соң қылқандарының ұшы қараяды, ол бүкіл тікеніне таралады. Жоғарғы концентрацияда фтордың әсері фотосинтезді болдырмайды, тұқымдарды шірітеді, өсіп дамуына зиян келтіреді. Фтор қосылыстарына төзімсіздер ол қылқан жапырақтылар, олардың ішінде қарағай төзімді.

Азот қышқылдары. Концентрациясы 2 мг/м3 болса, жапырақтарды (қылқандарды) зақымдайды. Жапырақтың жоғарғы жағында және жан-жағында қоңыр-қара бөліктер пайда болады. Қылқан жапырақтыларда қылқандарының ұшы қызарады.

Хлор. Ауада концентрациясы 1 мг/м3 болса, жапырақтарға зиян келтіреді. Жапырақ алғашында қара түске енеді, содан соң әртүрлі мөлшерде түссізденген аймақтар пайда бола бастайды. Тканьдердің өсуіне байланысты үгітіліп, тесіктер пайда болады. Хлор концентрациясымен ұзақ әсер еткенде жапырақтардың шеттері қызарады.

Этилен. Өте аз концентрацияда да өсімдікті зақымдайды. Этиленмен зақымданғанда фотосинтез және тыныс алу процесі бұзылады. Жапырақтарда қызыл және қоңыр теңбілдер пайда болады. Зақымданған жапырақтар мен гүлінің бүршіктері түсіп қалады.

Магний окисі. Магнезит шаңының негізгі бөлігі магнезит рудасын жандырғанда түзіледі. Магний окисі жапырақтыларға және қылқан жапырақтыларға көп зиянын тигізеді. Магнезит шаңы жас жапырақтармен қылқандарды зақымдайды. Сондықтан ағаштардың вегетация басында магнезиттің шаңға төзімді келеді. Осыған байланысты бірінші жылы одан әрі жылдары өлмейді. Қорытындысында қылқан сары-жасыл түске енеді. Екі жылдық қылқан қызарады, қоңырланады, содан соң ақырындап өле бастайды. Магнезит шаңы үнемі әсер етсе, қарағай мен шырша сияқты қылқан жапырақтылардың қурауына әкеп соғады.
15 Ағаш-бұта өсімдіктерінде кездесетін саңырауқұлақтардың жіктелуі
Тірі организмдер дүниесінің ішінде саңырауқұлақтар ерекше орын алады. Қазіргі уақытта микологтардың алдында тұрған ірі мәселенің бірі саңырауқұлақтардың органикалық дүние систематикасында алатын орнын анықтау. Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша саңырауқұлақтар жеке әлем ретінде қарастырылады. Оған басты себеп саңырауқұлақтарға ғана тән морфологиялық, анатомиялық, биохимиялық, физиологиялық ерекшеліктердің болуымен қатар өздеріне ғана тән дамуларында парасексуальды болуы, қор затын бүкіл дүниесімен абсорбциялы жолмен қабылдануында. Сонымен қатар митоз және мейоз процестерінде жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылық ерекшеліктерінің болуында. Өсуі үздіксіз апикальды. Осы сияқты белгілері бұларды жеке әлем ретінде қарастыруға тура келеді.

Саңырауқұлақтар эволюциялық даму нәтижесінде алғашқы эукариотты организмдерден ерте уақытта бөлініп шыққан полифилетті организмдер. Тірі организмнің табиғи классификациялық негізіне, оның филогенетикалық жағдайы, яғни организмнің белгілі бір жағдайда дамуы, туыстық қатынасы, бір-бірімен қарым-қатынасы, есепке алынумен бірге, екінші жағынан организмнің онтогенетикалық ерекшелігімен ұқсастығы есе алынады. Бұл екі жағдай бірін-бірі толықтырады. саңырауқұлақ өсімдік және жануар әлемінен бөлек көтеген дискретті (үзілмелі) жеке бір баған.

Қазіргі уақытта саңырауқұлақтар әлемін: кілегейлі саңырауқұлақтар немесе миксомицеттер (Myxomycetes – Myxomycota) және нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota – Eumycophyta) деп екі бөлімге бөледі.
16 Миксомицеттер немесе кілегейлі саңырауқұлақтар – Myxomycetes бөлімі
Миксомицеттер жануарлар мен өсімдіктер әлемінің арасында тұрған ерекше құрылысы бар төменгі сатыдағы организмдердің бір тобы. Бұл бөлімге тіршілік жағдайы көпшілік уақытта өсімдіктер қалдықтарында сапрофитті аздаған түрі өсімдіктерде паразитті тіршілік ететін табиғатта кең кең тараған 100-ден (500) астам түрлер жатады. Миксомицеттер хлорофилінің болмауы мен спора түзуі жағынан саңырауқұлақтарға ұқсайды. Саңырауқұлақтан негізгі ерекшелігі – вегетативтік денесі жалаңаш, торлы, формасыз плазмодий деп аталатын жалаңаш диплоидты кілегейлі массадан тұруында. Осы бөлімге жататын кейбір миксомицеттер жеке қасиеттері бар жалған плазмодий (агрегация –амебалар жиынтығы) құрады. Бұның кәдімгі плазмодийден айырмашылығы амебоидты қасиетін сақтайтын клеткалар жиынтығының болуында. Плазмодий күрделі құрылысты, әртүрлі түсті. Оның құрамында 75%-ке дейін су, 30%-дай блоктан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында гликоген, ашық-сары қызғылт, қызыл, күлгін, тіпті қара қара түске бояйтын пигменттер және жиырылғыш вакуолясы болады. Плазмодийдің мөлшері микроскопиялы құрылыстан, ондаған сантиметрге дейі барады, салмағы кейде 20-30 гр. Кейбір миксомицеттерде нағыз плазмодий дамымай, тұтас организм сияқты, жеке қасиеттері сақталатын амебалардың жиынтығы құралады, оны жалған плазмодий деп атайды. Плазмодийдің өсуі ылғалға байланысты, ылғал жеткілікті болса өсе береді. Ылғал жеткіліксіз болған жағдайда миграцияға ұшырап, ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Әрбір бөлшектен спорангий құралады. Мейоз процесі жас диплоидты спораларда жүреді. Миксомицеттердің споралары экстремалды жағдайға берік келеді, кейде 60 жылға дейін тіршілік қасиетін сақтай алады. Спора тек қолайсыз жағдайға ғана берік емес, сонымен бірге генетикалық рекомбинацияны да қамтамассыз етеді. Кілегейлер бір орыннан екінші орынға амеба тәрізді жылжып баруға қабілетті көп ядролы, центриолы бар организм. Хромосомалары өте уақ. Қор заты ретінде май, углевод, гликоген жиналады, крахмал болмайды. Плазмодий қор заттарына қарай жылжитын трофотаксисты қасиеті бар организм, және ылғалды сулы жаққа қарай жылжитын да гидротаксисты қасиеті де болады. осы қасиетіне қарай оны сорғыш қағазды сулап ағаш түбірінен шығарып алуға болады. Кілегейлер ескі шіріген ағаш түбінде, өсімдік қалдықтарында, көңде жиі кездеседі.

Миксомицеттер бөлімі 3-4 класқа бөлінеді. Бұлардың ішінде Myxogasteromycetes жәнеPlasmodiophoromycetesкластарының өкілдері табиғатта көп таралған. Бірінші кластың өкілдеріне спора тұратын ерекше орны бар сапрофиттер жатса, екінші класқа спора тұратын орны болмайтын паразиттер жатады.


17 Миксогастериялылар-Myxogasteromycetidae класы
Бұл класқа бөлімнің негізгі белгілермен сипатталатын түрлер жатады. Олардың спора түзуші органдардың ішініне, түсіне, спораның сипатына және «капиляция» деп аталатын спираль тәрізді талшықтарының бар, не жоқ болуларына қарай 15 тұқымдасқа бөлінеді. Бұлардың вегетативтік денесі – плазмодий, ол тіршілігін жойған өсімдікте, жерге түскен жапырақта, ағаштың қабығында, шіріген ағаш дінінде мекен етеді.Плазмодий–көлемі бір миллиметрден бастап бірнеше сантиметрге дейін баратын жалаңаш тор тәрізді көп ядролы дене. Көпшілік уақытта түссіз, кейде әр түрдің ерекшеліктеріне қарай сары, ақ, қоңыр, қызғылт және басқа да түсті болып келеді. Плазмодий қозғалысына байланысты формасын өзгертіп отырады. Вегетативтік күйінде плазмодий субстраттың жарық аз түсетін, ылғалды қалың қабатында болып, теріс фототаксисті жарық аз түсетін, ылғалды қалың қабатында болып, теріс фототаксисті көрсетеді. Вегетативтік күйінде шіріген тамырлардың арасында, жапырақтың астында болатындықтан олар байқалмайды. Қолайсыз жағдайларда плазмодий қабыққа оранып, склероцийге айналады да, қолайлы жағдай болғанда, одан қайтадан плазмодий пайда болады.

Біраз уақытқа созылған вегетативтік күйінен кейін спора құруы басталды. бұл уақытта плазмодий субстраттың қалың қабатынан жарық түсетін құрғақ жеріне қарай жылжып шығады да, бүкіл денесі спорангияларға айналады. Оны плазмодиокарп деп атайды. Ол перидия деп аталатын қалың қабықпен қапталған. Кейбір кілегейлердің споракарптары алғашқы даму уақытында бір-бірімен қосылып ортақ қабықпен қапталады. Оларды көпшілік миксомицеттерде эталия деп атайды. Эталия жастық тәрізді денеден дөңгелек, сопақ, не құмыра тәрізді болып топталып орналасады. Спорангияның сыртын қаптаған структурасыз қалың қабығы болады. Ол целлюлозды реакция береді. Спорангиялардың және эталиялардың ішіндегі заттары бір клеткалы қалың тығыз қабығы бар кішкентай спораларға бөлінеді. Көптеген миксомицеттердің спорангиялары мен этолияларынан споралардан басқа талшық тәрізді капиллицийлер де түзіледі. Капиллицийлердің құрылысы тұрақты, классификацияға негіз болады. Мысалы, трихияда ол трамдалмаған жіп тәрізді сыртында спиральды өсінділері бар, ал стемонитиста капиллиций жіптері бір-бірімен байланысып тор құрап жатады.

Спора түзілер алдында плазмодийдің ядролары редукциялы жолмен бөлінеді. Олар піскен кезде спорангия қабығы жыртылып капиллицийлердің көмегі арқылы шашылады. Құрғақшылық жағдайда спора ұзақ сақталып, қыстап шыға ререді. сулы, дымқыл болған кезде спора тез өсіп, бір не екі, көпшілік жағдайда бір не екі талшығы және жиырылғыш вакуолясы болады. Зооспоралар әрі қарай бөліну арқылы көбейе алады. Бұдан кейін кешікпей, талшықтарын тастап екі-екіден қосылады. Кейінне олардың бірнешеуі қосылып плазмодий құрайды, бірақ мұнда ядро қосылмайды. Миксомицеттердің даму циклында диплоидты фраза басым, ал гаплоидты фаза болып спора, зооспоралар және копуляциялануға дейінгі миксоамеба есептеледі.

Плазмодий еріген заттармен және бактериялармен де қоректенеді. Миксогастериялылардың көп тараған түріне ормандағы ағаш түбірлерінде жиі кездесетін ликогола жатады.

Ағаштық лихогала тіршілігін жойған ағаш түбірінде көп тараған космополит. Вегетативтік денесі плазмодий қызыл коралл пішіндес алақанның үлкендігіндей ядролы массадан құралған. Кейіннен сұр түске өзгеретін плазмодий L.epidendrum басқа түрлердің ішінде жиі кездесетіні. Плазмодийден отырыңқы диаметрі 1,5-см-ге жететін шар пішінді топталған эталийлер пісіп жетіледі. Алғашқы кезде эталиялары плазмодий түстес қызыл болып келсе, піскен уақытта қоңыр түске айналып жоғарғы жағында споралары шашылатын тар тесік пайда болады. Бұл уақытта қалың тегіс перидий қабығы жұқарып, бүршіктенеді. Ал, эталиялардың іші алғашқы уақытта қызғылт түсті кілегейге толы болады. Эталиялары жетілген уақытта оның ішіндегі заттары спораларға және тармақталған қалың лента пішіндес жалған капиллицияларға ыдырайды. Ликагала жайшылықта субстраттың ішінде, ал ылғалды уақытта кілегейлі масса түрінде сыртқа шығады.

Стемонитис (Stemonitis, 11-сурет, Г) туысының вегетативтік денесі өте нәзік мөлдір келеді. Спора құрушы органы жекелеген спорангия не эталия типтес. Перидий құрамында известің болмауына байланысты, жұқа қабыршақты перидий қабығы тез жойылып, оның орнына торлы капиллиций құралады. Стемонитис туыстасына 20 шақты түр жатады. Бұл туысқа жататын түрлер (S.axifera, S.fusca, S.splendens) шіріген ағаштарда, қураған ірі бөренелерде, кепкен жапырақтарда және ағаш түбірлерінде кездеседі. Вегетатитвітк денесі плазмодий ақ, ақшыл, өңсіз бозарған, ашық сары, өңсіз сары түсті келеді. Спорангиялары ұзын жіңішке, цилиндр пішінді сағақтарда орналасқан. Спора құраушы органдары топталып өсіп, әр түрлі түсті болады. Жалпы түсі ашық қызыл түстен, күңгірт қара қошқыл, тіпті қара түске дейін өзгереді.

Трихия (Trichia, 11-сурет, А) плазмодиясы дымқыл көлеңке жерде, жапырқатың астында, ағаш түбірінде сапрофитті тіршілік ететін, спорангиясы сары түсті, алмұрт пішінді төсемікте топталып орналасатын организм. Спорангия құру кезінде түбірден жылжып шығады да, құрғақ жерде әр түрлі спорангия құрады. Спорангия қабықшасы перидий деп аталатын қалыңдау структурасыз қабықшамен қапталған. Перидийдің спорангия орналасатын эталиясы болады.

18 Плазмодиофоралылар – Plasmodiophoromycetidae класы
Бұл класқа паразитті тіршілік ететін миксомицеттер жатады. Вегетатитвік денесі жалаңаш, ол иесінің клеткасының ішін толтырып тұрады. Цитоплазмалық денесі спорангия құрамай-ақ көптеген спораларға бөлінеді. Спора иесінің клетка қабығының жыртылуы арқылы сыртқа шығады. Паразиттік тіршілігіне байланысты, споараларының қабығы иесінің клетка затынан құралады.

Бұл кластың өкіліне капустаныі тамырында және басқа капуста тұқымдас өсімдіктерде «кил» ауруын туғызатын плазмодиофора жатады (Plasmodiophoro brassicae, 13-сурет).

Мұнымен ауырған өсімдік тамырларының үстін түйе жаңғағының үлкендігіндей буылтық ісіктер басып кетеді. Бұл ісіктер біртіндеп үлкейеді. Алғашқы кезде қатты болады, кейіннен қопсып шіріп, жаман иіс шығарады. Бұл уақытта капуста тамырының ішінде миксоамебалар түзіледі. Олар клеткалардың ішінде өсіп дамып, өзімен барлық клеткаларды толтырады. Ауру клеткаларға органикалық заттар көп ағып келуіне байланысты, амебалардың өоректенуінің мол болуынан, капустаның өсіп дамуына нұсқан келтіреді. Амебалар әрбір клтканың ішінде бір кілегейлі плазмодий құрайды. Бұл кезде иесінің клеткасының ішіндегі заты жойылады. Плазмодий соңынан қабыққа оранып, спораларға айнала бастайтын ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Капуста тамыры шірігеннен кейін споралар босайды. Олар су және жерді өңдеу кезінде топыраққа таралады. Споаралар көктемде өне бастайды, одан шыққа амебалар жалған аяқтарының көмегімен жаңадан отырғызған капустаның тамыр түгіне немесе тамырдың эпиблема клеткаларына өтеді. Онда буылтықтар құрап, тез өсіп көбейе бастайды. Өсімдікке плазмодиофора егістікке ғана жұқпай, сонымен қатар оның спорасы парникте де жұғады. Бұл аурумен ауырған капуста бас бермейді және ерте солып қалады. Олармен күресудің басты шарты – ауруға тұрақты сорттарды таңдап алу, парниктерді желдетіп отыру, ауру жұққан көшеттерді өртеп жіберу, арам шөптерді құрту, топыраққа ізбес шашу, не 4% карбатан ерітінділерімен дәрілеу шараларын қолдану арқылы аурудың таралмауын қамтамасыз етуге болады.

Спонгоспора (Spongospora solani, S.subterranea, 14-сурет) картоп түйнегінде порошок пішінді уақ тозаңды қотыр ауруын туғызады. Алғашқы даму уақытында картоп түйнегінің қабығының астында уақ түйнектер пайда болады. Кейіннен олар ұлғайып, түйнектің қабығын жарып, түйнек қотырланады. Бұл ауру картоп түйнегінің сыртқы қабық клеткаларында дамиды да, жаралы қотырлар пайда болады. Онда көп ядролы плазмодий спонгоспораның спорасы картоп түйнегінің шет жағында дамып, бір-бірімен байланысқан тесік-тесік түйіршіктер құрайды. Аурумен зақыиданған түйнек қоңыр түсті кеуікке айналады. Ауру кейде тамырға да ауысады. Бұл аурумен помидор және басқа да алқа тұқымдастарының өкілдері ауырады. Аурумен күрестің басты шарты картоптың таза түйнектерін таңдап алу және түйнектерді отырғызар алдында формалиннің 1:200 ерітіндісімен дәрілеу және ауруға берік сорттарды шығару, егістік жерді ауыстырып отыру керек.

Миксомицеттердің филогенезі. Миксомицеттер шығу тегі жағынан, басқа өсімдіктерге тікелей байланыспай, жеке қарастырылады. Кейбір белгілері арқылы қарапайым организмдерге жақындайды. Хлорофилінің болмауы, спора түзуші органының өзгешелігіне және сапрофиттік немесе паразиттік тіршілігіне қарағанда қарапайым саңырауқұлақтарға жақындайды. Алайда даму циклы және вегетатитвті денесінің ерекшелігі жағынан олардан алшақ тұрады.

Көп ғалымдар миксомицеттердің тегі түссіз талшықты организмдер болуы мүмкін деген пікір айтады. Миксомицеттер плазмодий түрінде ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Себебі, плазмодий жер бетінде тіршілік етуге байланысты, кеуіп қалмауға жақсы бейімделген. Қабықшамен қапталған спорангиялар мен эталиялардың және қозғалмайтын споралардың түзілуі де жер бетінде тіршілік етуге бейімделгендігі болып табылады.

Көпшілік ғалымдар плазмодиофора сияқты миксомицеттерді амеба тәрізді вегетатитвтік денесіне және клетка ішілік паразиттік тіршілік ету белгілеріне қарап, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың ішіндегі миксохитридияға жатқызуға болады деген пікірде, алайда плазмодиофораның ядро фазасының дамуы төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан ерекше. Олардың дамуында төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға керісінше гаплоидты фазасынан диплоидты фазасы басым. Гаплоидты фаза спора құрау кезінде ғана байқалады.

Плазмодиофора сияқты түрлер клетка ішілік паразитті тіршілікке байланысты миксомицеттердің негізгі бөлімінің дамуынан алшақтап кеткен бір бұтағы. Спорангиясының болмауы, плазмодийінің жай қозғалысының клетка ішілік тіршілікке қажет болмауына байланысты болуы мүмкін. Сонымен кілегейлі саңырауқұлақтар қарапайым талшықты организмдерден ерте уақытта пайда болуы мүмкін. Өйткені кейбір талшықтыларда кілегей құрау жағдайы байқалады.


19 Нағыз саңырауқұлақтар – Eumycophyta бөлімі
Қазіргі уақытта нағыз саңырауқұлақтар бөлімін мицелийлерінің морфологиясына, жемісті денесінің құрылысына, спора түзуші мүшесінің сипатына қарай негізінен 6 классқа бөледі:

  1. хитридиомицеттер – Chytridiomycetes. Мицелиі жоқ, болған күнде нашар дамыған ризомицелий. Клетка қабығының құрамында хитин, глюкан болады. Бір талшықты зооспора арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі хологамия, изогамия, гетерогамия, оогамия;

2) оомицеттер – Oomycetes, мицелиі біршама жақсы жетілген, көп ядролы, клеткаланбаған. Клетка қабығының құрамында глюкан мен целлюлоза болады. Екі талшықты зооспора арқылы жыныссыз көбейеді. Талшықтың бірі тегіс, екіншісі қауырсын құрылысты. Жынысты көбеюі – оогамия;

3) зигомицеттер – Zygomycetes. Мицелийі жақсы жетілген, көпшілік жағдайда клеткаланбаған. Клетка қабықшасының құрамында хитин мен хитозан болады. Хитозан глюкозаминнің полимері. Жыныссыз көбеюі қозғалмайтын спорангияларда түзілетін спора, сирек конидийлері арқылы болады. Жынысты көбеюі зигогамия;

4) қалталы саңырауқұлақтар (аскомицеттер) – Ascomycetes. Мицелийлері көпшілік жағдайда жақсы жетілген, клеткаланған клетка қабығының құрамында хитин, глюкан, маннандар болады. Жынысты көбеюі гаметангамия. Жыныс процесінің нәтижесінде қалта түзіледі. Көпшілік жағдайда қалталы және конидиялы стадиясы болады, жыныс процесінің нәтижесі – қалта;

5) Базидиомицеттер – Basidiomycetes. Мицелийі жақсы жетілген, клеткаланған. Клетка қабықшасының құрамында хитин мен глюкан болады. Конидия арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі – соматогамия, жыныс процесінің нәтижесінде базидий түзіледі;

6) Дейтеромицеттер – Deuteromycetes немесе Fungi imperfecti – жетілмеген саңырауқұлақтар. Мицелийі жақсы жетілген. Клетка қабықшасының құрамында хитин және глюкан болады. Жыныссыз көбеюі – конидия. Жынысты көбеюі белгісіз.

Бұл кластардан басқа систематикалық орны әлі толық анықталмаған кейбір оқымыстылар класс деңгейінде қарастыратын гифохитриомицеттер – Hyhpochytriomycetes деп аталатын кішкентай топ бар. Вегетатитвік денесі цитоплазмалық дене, кейде ризомицелий түрінде болады. Көпшілігі ризомицелийлі келеді. Жыныссыз көбеюі арт жағында орналасқан қауырсын құрылысты бір талшықты зооспора арқылы жүзеге асады. Зооспораларының кірпікшелері болады. Ол суда тіршілік ететін балдыр мен саңырауқұлақтарда, омыртқасыз жануарларда паразиттік, аздаған түрлері өсімдік пен жануар қалдықтарында сапрофитті тіршілік ететін организмдер. Бұл эволюциялық дамудың тұйық бұтағы.

Систематикалық орны осы уақытқа дейін анықталмай жүрген кластың бірі трихомицеттер – Trichomycetes. Кейбір ғалымдар бұл кластың өкілдерін хлорофилін жоғалтқан балдырлар деп есептейді. Трихомицеттер су және құрлықта тіршілік ететін насекомдардың, шаян тәрізділердің, көп аяқтылардың ас қорыту органында аналь пластинкасына арнаулы органы арқылы бекінеді. Мицелийі алғашқы уақытта тармақталмаған, клетка қабықшасы целлюлозды, гифаларында да алғашқы уақытында перделері болмайды, кейіннен көп клеткалы формаға ауысады. Қарапайым өкілдері артроспоралар арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Күрделі құрылысты түрлері конидиялар, кейбіреулері микро- және макроспорангияспоралар арқылы жыныссыз да көбейеді. Екінші біреулерінде жыныссыз көбеюі болмайды. Жынысты көбеюі – зигогамия. Трихомицеттер насекомдардың паразиттері және симбионттары.

Жоғарыда келтірілген 6 кластың алғашқы үш класы төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатса, қалған үш класы жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет