«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе


Орман жолақтарының ауылшаруашылық



бет16/28
Дата14.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#153051
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1)

Орман жолақтарының ауылшаруашылық дақылдар өнімділігіне әсері. Орман жолақтары, жан-жақты мелиоративтік әсерлер нәтижесінде, маңындағы танаптардағы мәдени. өсімдіктердің микроклиматын қолайлы жағына өзгертіп, ашық даламен салыстырғанда, жоғары өнім қалыптастыруға жағдайлар жасайды.
Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ҒЗИ (1987) суарылмайтын жерлер үшін 4 табиғи аймақта қорғаныш орман жолақтарының әсерінен маңызды ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің молаю нормативтерін зерттеп, дайындады. олар мыналар:
1. Орманды топырақты, сілтілік және кәдімгі қаратопырақты орманды дала аймағы. Бұл аймаққа Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін (2,5%-ке жуық) алып жатыр (Солтүстік Қазақстан обылысы).
2. Дала аймағы - топырағы қара және қара қоңырлау типіне жатады. Бұл аймақ құрамына Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстарының солтүстік бөліктері, Солтүстік-Қазақстанның оңтүстік бөлігі (бұрынғы Көкшетау облысы) кіреді.
3. Құрғақ дала аймағы - топырақтары қара қоңыр және қара қоңырлау болып келеді. Оған Орал облысының солтүстік-шығыс бөлігі, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігі Қостанай және Павлодар облыстарының оңтүстік жартысы, Қарағанды облысының солтүстік және Ақмола облысының орталық бөліктері жатады.
4. Шөлейт аймағы - топырақтары қоңыр және күрең. Аймақ құрамына Орал облысының қалған бөлігі, Ақтөбе облысының солтүстік және Ақмола облысының орталық бөліктері , Ақмола, Қостанай облыстарының оңтүстігі, бұрынғы Семей облысы және Қарағанды облысының солтүстік бөлігінен басқалары кіреді.
Нормативтер 7-11 және 12 жастан жоғары егіс қорғайтын орман жолақтары үшін гектарынан алынатын өнім центнер есебімен, оның базистік өнімге (ашық егістік) қатынасы пайыз есебімен келтірілген (2 кесте).
2 кесте – Қорғаныш орман алқаағаштарының мелиоративтік әсері арқылы маңызды ауылшаруашылық дақылдар өнімділігінің молаю нормативтері



Табиғат
аймақтары

Дақылдар

Орман жолақтарының
жасына байланысты
өнімділіктің молаюы

12 жастан
жоғары

7-11 жас

ц/га

%

ц/га

%

Орманды дала

Жаздық бидай

3,9

37,2

-

-

Дала

Жаздық бидай

2,3

19,8

1,4

11,5




Сүрлемдік жүгері

56,1

64,9

41,5

36,3

Қоныржай-құрғақ және

Жаздық бидай

2,8

33,7

1,3

33,8

Құрғақ дала

Жаздық арпа

1,8

27,0

1,9

29,4




Сүрлемдік жүгері

24,8

17,9

-

-




Көп жылдық

-

-

1,7

23,9




шөптер













Шөлейт

Көп жылдық




-

1,9

85,7

Республика

шөптер













Аймақтары бойынша

Жаздық бидай

2,5

25,2

1,3

14,1

Орта мөлшермен

Жаздың арпа

1,8

27,0

2,1

21,0




Сүрлемдік жүгері

42,9

39,4

41,5

36,3




Көп жылдық

-

-

1,8

53,5




шөптер















Сондықтан, егіс қорғайтын орман жолақтары ауылшаруашылық дақылдар өнімділігін арттыра алады. Республикамыздың жазық бөлігіндегі аймақтар бойынша, орта шамамен орман жолақтары дәнді дақылдар өнімдерін орта шамамен 26,1-17,6%-ға, сүрлемге арналған жүгеріні - 39,4-36,3%-ға, көп жылдык. шөптесін өсімдіктерді – 53,5%-ға арттыруға мүмкіндік туғызады.
«Орман мелиорациясы» пәні
19-20 тәжірибелік сабақтар
Орман жолақтарын орналастыру

Орман жолақтарының ең тиімді қорғаныштық және мелиоративтік әсері оларды белгілі бір аумақта бір-бірімен өзара тығыз байланыста, белгілі бір жүйде және тиісті мөлшерде дұрыс отырғызған жағдайда көрінеді.


Егіс қорғайтын орман жолақтарын орналастыруға келесі талаптар қойылады: топырақты, ауылшаруашылық дақылдардың егістігін жел эрозиясынан, аңызақтардан және күшті дақылдардан алқаағаштарға ең төменгі мелшерде жер беру арқылы қорғауды қамтамасыз ету.
Орман жолақтарын негізгі (ұзына бойлық) және қосымша (көлденең) жолақтар деп екіге бөледі. Негізгі жолақтар басты қорғаныштық роль атқарады және оларды ең зиянды басым желдерге перпендикуляр бағытта орналастырады. Күрделі конфигурациялы егістерде ұзына бойлық жолақтардың басым желдерден ауытқуы 30°-тан артық болмауы қажет.
Көлденең немесе қосымша орман жолақтары, негізгі жолақтың бағытында соғатын зиянды желдер әсерін әлсірету мақсатында негізгі жолаққа перпендикулярлы қалыпта өсіріледі.
Төбелі, бөктерлі және тау етектері сияқты жерлерде негізгі жолақтар беткейлердің горизонтальдары бойынша орналастырылады. Егіс қорғайтын орман жолақтары егіс танаптарының шетінде, ал олардың аумақтары үлкен болған жағдайда, ішінде де өсіріледі.
Орман жолақтарының микроклимат элементтері мен олармен тығыз байланыста болатын ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін зерттеулер көрсеткендей, орман жолақтарының қорғаныштық әсері өздерінің биіктігінен 25 есе артық, қашықтыққа дейін таралады. Егер орман жолақтарының биіктігі 16 метрге тең болса, онда ол 250 метр дейін әсер етеді.
Өсімдіктердің, оның ішінде ағаш тұқымдастарының өсуі топырақ құнарлылығына байланысты екендігі белгілі. Топырақ құнарсыз болса, ағаштар да баяу өседі, құнарлы топырақтарда өскен ағаштар биік болады. Сол себепті, негізгі орман жолақтарының арасындағы қашықтықты топырақ қасиеттері бойынша анықтайды.
«Қазақ ССР ауылшаруашылық кәсіпорындарының жерлерінде қорғаныш және көгалдандыру орман жолақтарын жобалау мен өсіру бойынша инструктивті нұсқауларға» (1978) сәйкес негізгі жолақтар арасындагы қашықтық мына шамалардан аспауы қажет:
шабындықты-қара топырақты және сілтілі қара топырақтарда - 500 м;
қара қоңыр топырақтарда - 300 м;
қара қоңырлау топырақтарда - 250 м;
ашық қоңыр топырақтарда - 200 м;
күрең топырақтарда - 300 м;
даланың құмдауыт топырақтарында - 300 м.
Қосымша жолақтар арасындағы қашықтық ауылшаруашылық техникаларын өндірістік пайдалануы есекпе ала отырып 1500-2000 м шамасында алынады. орман жолақтарын осылай орналастыра, жыртылатын аумақ жасыл лентамен қоршалған төртбұрышты клеткалар түрінде көрінеді (3-сурет).

а) негізгі жолақтар
б) қосымша жолақтар
3-сурет. Егіс қорғайтын орман жолақтарының схемасы.
Тракторлар мен автомашиналар жүруі үшін негізгі және қосымша егіс қорғайтын орман жолақтарының қиылысында ені 20-30 метрлік ашық жерлер қалдырылады. бұдан басқа, осы мақсатта ұзына бойлық орман жолақтарының бойынан әрбір 600-700 метр сайын, ені 10 метрге дейін ашық жерлер қалдырады. Көлденең орман жолақтары көбінесе 2 қатардан тұрады.
Солтүстік және Батыс Қазақстанның дала аймақтарында ең жоғары мелиоративтік және қорғаныштық қасиеттері қатар аралық ені 3-4 метрге тең 2-, 3-қатарлық негізгі орман жолақтарында болады. орман өсіру жағдайларының нашарлауы ағаш тұқмдастарының қоректік аумақтарын ұлғайтуды қажет етеді. Өндірісте бұл талап қатар санын азайту, қатар арасын үлкейту және қатардағы өсімдіктер арасындағы ара қашықтықты ұлғайту арқылы орындалады (3-кесте).
3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет