Байланысты: orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1)
«Орман мелиорациясы» пәні №11-12 тәжірибелік сабақтар Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары Топырақ эрозиясы ағынды су мен желдің әсерінен топырақ пен оның астыңғы қабатының бұзылуы және оларды көшіріп әкету нәтижесінде пайда болатын заттардың орын алмастыру және шөгу процесінің жиынтығы.
Жел эрозиясы, су эрозиясы да Қазақстанның барлық өңірлерінде кездеседі. Дегенмен, жел эрозиясы құрғақ, климаты континенталды, жел көп соғатын және топырақтарының механикалық құрамы жеңіл болып келетін далалық аймақтарда жиі кездеседі. Сонымен қатар мұндай эрозия туу қаупі бар жерлердің қатарына карбонатты ауыр қара және қара қоңыр топырақтарды да жатқызуға болады.
Су эрозиясы топырақ бетімен жүретін ағынды сумен анықталатын болғандықтан, негізінен оның даму аймақтары таулы және тау етегінде орналасқан баурайлы жерлерде кең тараған. Мұндай жерлерге негізінен Алтай, Қалба, Сауыр мен Тарбағатай таулы жүйелері, Жоңғар мен Іле Алатауы, Кетмен қыраты, Қырғыз Алатауы мен Сырдария Қаратауын жатқызуымызға болады.
Жерге орналастыру жөніндегі ғылыми өндірістік орталықтың мәліметі бойынша Қазақстанда млн нан астам жер су эрозиясына, млн нан астам жер әртүрлі деңгейде жел эрозиясына шалдыққан.
Эрозияны тудыратын факторға байланысты ол негізінен екі түрге бөлінеді: Біріншісі жел эрозиясы немесе дефляция топырақтың жел әсерінен бұзылуы.
Екіншісі су эрозиясы жер бетінде уақытша болатын су ағынының әсерінен топырақтың шайылуы мен жыралануы. Бұл ағын нөсер жаңбырдың және еріген қар суының нәтижесінде пайда болады.
Су эрозиясының бір түрінде ирригациялық (суландыру) эрозиясы ауыл шаруашылық дақылдарын тегістелмеген танаптарда жүйектеп немесе көлдете бастыра суарғанда орын алатын эрозия жатады.
Су эрозиясының ерекше түріне сел жүру процесін жатқызуға болады. Сел кенеттен пайда болып, аз уақыт ішінде жүріп өтетін, қиратушылық күші орасан зор таудан аққан батпақты тасты екпінді тасқын. Бұл процесс таулы аймақтарда қар мен мұз тез қарқынмен ерігенде немесе күшті жаңбырдың нәтижесінде пайда болады, ол көптеген шығынға әкеліп соқтырады.
Эрозия процестерінің жүру қарқындылығы бойынша оны екі топқа бөлеміз. Бірінші топқа қалыпты (табиғи) эрозия табиғи өсімдік жамылғысы сақталған топырақ бетінде жер бедері және метеорологиялық факторлардың әсерінен топырақтың бұзылу мөлшері оның түзілуінен алдеқайда кем болатын эрозияны айтады. Эрозияның бұл түрі адам өзінің іс әрекетімен араласпағанда өте жай қарқынмен жүріп, топыраққа көп зиянын тигізбейді. Екіншісі жылдамдатылған эрозия адамның өндірістік іс әрекетінің дұрыс болмауының нәтижесінде (табиғи өсімдіктер жамылғысын жою және басқа топырақты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан) эрозия шапшаңдығының топырақ түзілуінен күрт артуы.
Эрозияның сыртқы көріну түрлері де әртүрлі болып келеді. Мысалы, су эрозиясы екі түрде: ) топырақ шайылуы немесе жазықтық эрозия жаңбыр және қар суы ағынының әсерінен баурай бетінен топырақтың ақырын және біркелкі шайылуы. Бұл процесс саздақты топырақтарда баурайдың тіктігі , ал құмайт жерлерде болғанда басталады.
Топырақтың жыралануы немесе сызықтық эрозия ағын судың тар арнада шоғырлануына байланысты топырақтың тік бағытта бұзылуы. Су эрозиясының бұл түрінің нәтижесінде алдымен әртүрлі жыралар пайда болып, әрі қарай дами берсе, сайға айналуы мүмкін. Сай пайда болуы су эрозиясының ең қауіпті, зиянды түрі.
Жел эрозиясының сыртқы көрінісі үш түрлі болып келеді.Біріншісі, күнделікті немесе жергілікті эрозия жаппай етек алмайтын, тек егістіктің жекелеген танаптарында немесе жер телімінің (участкесінің) шеңберінен аспайтын жел өтіндегі баурайларында болатын эрозия. Жел эрозиясының бұл түрі желдің жылдамдығы м с кем болғанда кездеседі. Бұл жел эрозиясы су эрозиясының шайылу түрі секілді бірден байқалмауы мүмкін. Бірақ уақыт өткен сайын топырақтың құнарлығының төмендегенін байқауға болады. Екіншісі, шаңды дауыл кең аумақта орын алып, қысқа мерзімде топырақтың өңделетін қабатының барлығын немесе бір бөлігін ұшырып әкететін эрозия. Бұл жер эрозиясының ең қауіпті түрі, құрғақ аудандарда жел жылдамдығы м с артқанда пайда болып, топырақпен қатар егілген дәнді, өсімдік өскіндерін де көтеріп әкетеді. Үшіншісі, топырақты қыста ұшыру күшті желдің әсерінен алқаптағы қар мен топырақтың беткі қабатын ұшырып, екінші бір тосқауылды желде оларды үйіп кетуі.