«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет9/28
Дата14.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#153051
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1)

Эрозияның зияндылығы.
Эрозия топыраққа, алатын өнімге және қоршаған ортаға жан жақты теріс әсерін тигізеді. Атап айтқанда, топырақтың беткі, ең құнарлы қарашірінділі қабатынан өте көп мөлшерде өсімдіктерге керек қоректік элементтер жоғалады; топырақтың су физикалық қасиеті күрт нашарлайды, ылғалдың шығыны артады; эрозияға шалдыққан топырақта тұнба ( мм кіші бөлшектер) және саз фракциялары азаяды, керісінше, механикалық ірі элементтер, әсіресе құмдақ фракциялар көбейеді, нәтижесінде топырақтың құрылымы болмауы және топырақ сусымалы құмға айналуы мүмкін; өзендер, каналдар, су қоймаларының саяздануы байқалады; пайда болатын сай жыралар егіс алқабының пішінін өзгертіп, техниканы тиімді пайдалануға кедергі жасайды; алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетеді және басқа да зияндар келтіреді.
Эрозия факторлары.
Эрозияның тууына және әрі қарай дамуына әсер ететін факторлар екі топқа бөлінеді. Бірінші тобына жататын табиғи факторлар климат, жер бедері, топырақ және өсімдік жамылғысы эрозия тууына бейімді мүмкіндіктер жасаса, адамның ойланбай істеген іс әрекеті антропогендік эрозия процесін жылдамдатуға негізгі себеп болады. Қазіргі кездегі осы екі топ себептердің әсер ету жиынтығы деп айтуға болады. Су эрозиясы туындауында жауын шашынның жыл бойы түсетін жалпы мөлшерімен қатар, оның жыл мерзімдеріне бөлінуі, әсіресе, жауын шашынның қарқындылығына байланысты болады.
Жел эрозиясының тууына тікелей әсер ететін фактор жел және оның жылдамдығы. Оны м биіктікте өлшегенде м с болғанда эрозия процесі басталады. М с эрозия біршама көбейеді, м с күшті эрозия, ал м с дауыл басталады.
Жел эрозиясының жүруіне жанама әсер ететін климаттық факторлардың қатарына топырақтың ылғалдығы (жауын шашын мөлшері), жоғары температура мен ауаның төмен ылғалдылығын айтуымызға болады.
Жел эрозиясының дамуы топырақтың механикалық құрамына, құрылысына, әсіресе кесектілігіне ( мм ден үлкен түйіршіктердің топырақтың см қабатындағы белілген мөлшері), карбонаттылығына, ылғалдылығына байланысты болып келеді.
Жалпы эрозияның пайда болу және даму процестерінде топырақты түзетін аналық жыныстардың да алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет