Байланысты: orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1)
Галофиттер – сортаңды топырақтарда табиғи өсетін өсімдіктер ( қара сексеуіл, жиде, жыңғыл)
Гликофиттер – тұщы жерлердегі өсімдіктер
Сортаңды топырақтарда қорғаныш орман алқа ағаштарын дұрыс өсіру, көбінесе ағаштар мен бұталар тұқымдастарының түрлерін дұрыс таңдауға байланысты. Бірақ сортаңды жерлерде тұзда төзімді ағаш тұқымдастарын арнайы агротехникасыз өсіру олардың ұзақ өсуіне кепіл бола алмайды.
Әрбір топырақ және климат зонасында топырақтарды дайындаудың басты мақсаты – ағаш пен бұта тұқымдастарының тамыр жүйелерінің жақсы өсуі мен дамуы үшін жақсы жағдайларды қамтамасыз етіп, жақсы су керек режимін жасау болып табылады. Ағаш тұқымдастары жақсы дайындалған топырақтарда тез өседі, екпелерді толықтыру мен агротехникалық күтімдерде шығындар азаяды.
Орман жолақтары үшін топырақ қара пар немесе ерте пар жүйесі бойынша дайындалады. Бірақ әдеттегі күзгі қайта жер жыртуды 50-60 см-дік тереңдіктегі плантаждық жырту мен алмастыруды ұсынады (плантаждылар) топырақты осылай дайындау әдеттегі пармен салыстырғанда ылғалдың көп сақталуына (15 - 30%), топырақтардыңтұздылығын төмендетіп, ең бастысы, тығыз карбонат қабаттарын бұзады. Нәтижесінде ағаш өсімдіктері тамыр жүйелерінің тез өсуіне қолайлы жағдайлар жасалады.
Осыған сәйкес,топырақтардың түрі мен механикалық құрамына байланысты оны өңдеудің келесідей мерзімдері мен тәсілдері ұсынылады:
Кәдімгі ауыр сазды қара топырақтарды негізгі жер жырту қайырмасы бар плугтармен 25-26 см-дік тереңдікте күзде жүргізіледі, көктем – жаз мерзімінде культиватор немесе тегістеуіштермен топырақтарды 3-4 рет айдап, күзде 45-50 см-дік тереңдікте плантажды плугпен қайта жыртады.
Кәдімгі орташа сазды қара топырақтарда және орташа, ауыр сазды оңтүстік қара топырақтарда негізгі жер жырту көктемде плантажды плугпен 45-50 см-лік тереңдікте жүргізіледі. Жер жыртылғаннан кейін бірден дискілік қопсытқыштармен топырақты тегістеп, жаз кезінде топырақ культиватор немесе тегістеуіштермен 2-3 рет өңделеді.
орташа және ауыр сазды қара – қоңыр топырақтарда негізгі жер жырту күзде дәнді дақылдар жиналғаннан соң, қайырмасы бар плугтармен 25-27 см-лік тереңдікте жүргізіледі. Көктемгі жазды кезеңде топырақ культиваторлар немесе тегістеуіштермен 3 рет өңделеді. Күзде топырақ 40-45 см-лік тереңдікке плантаждық плугпен немесе 40см-ге.
Қара – қоңыр, құмдауыт және құмды топырақтарда көктемде топырақ 27см-ге дейін тереңдікте қопсытқышпен өңделіп, жаз кезінде тегістеуішпен 3рет тегістеліп, күзде қайырмасы плугпен 50см-лік тереңдікте қайта айдалады.