«Орман мелиорациясы» пәні
№3-4 тәжірибелік сабақтар
Орман мелиорациясының басты мақсаты мен және олардың түрлері
Орман биосфераның ең қажетті компоненттің біреуі. Орман биосфераның тұрақтылығын және заттардың айналма ауысуын, ылғалы қорғау, гидроклиматтық, топырақ қорғау функцияларын атқарады, сонымен бірге көп жануарлардың түрлері ормандарда өмір сүреді. Адам зат үшін – орман тұратын жер және тамақпен қамтамасыз ететін орын болды. Қазіргі заманда орман өзінің қасиеттерін жоғалтқани жоқ., ағаштардың өнімін пайдалануда, аң аулайды, мал бағады, шөп дайындайды, жеміс – жидек, саңырауқұлақ, дәрілі шөптер жиналады. Орманның эстетикалық жағын кең пайдаланады (демалады, емделеді т.б.)
Көп ғылыми пәндер орманды зерттейді – ормантану орманшылық, екпе орман, геоботаника, дендрология, орман мелиорация және т.б. Әр пәннің зерттелінетін өз саласы бар кейбіреулері ағаш өнімін арттыру үшін, басқалары ағаштардың құрамын, ормандар айналасына әсерлігінің заңдарының ауа және су режиміне байланысын т.б.
Орман мелиорация – ауыл шаруашылық және адам сыртқы орта табиғи жағдайын орман өсіру арқасында жақсарту. Табиғи қорғау ең тиімді әдістердің біреуі. Ағаштардың өсуі және жаңаруы адамдардың өндіріс және антропогендік факторларға байланысты: ауа, су, топырақ, өсімдік ластануы, топырақтарды өңдегенде желдеуі. Барлық қарастырылған жағдайлар адам денсаулығына және ауылшаруашылық өнімділігін жақсартады.
Орман милиорациясының ең алғашқы қасиеттерінің бірі ол ауыл шаруашылық дақылдарды қуаншылықтан (құрғақшылық), ыстық желдерден және дауылдардан қорғау. Орман милиорация топырақтарды дифорляциядан жуып – шаю процестерден қорғайды.
Сондықтан орман милиорация істердің объектілері кең шаралардың, колхоздың, және шаруашылықтардың жерлері болады, ал күресу әдістері – айтылған территорияларда орман жолақтарды отырғызу және оларды күтіп – баптап өсіру. Су эрозиясымен күрескенде орман жолақтарды өсіруден басқа әр – түрлі конструкция гидроқұрылыстар қолданады. Орманды милиорация ретінде қолданғанда оның табиғи қасиеттерін пайдаланады. Орман алқаптары желден қорғайды, жаңбыр сулары топыраұққа жақсы сіңеді, қыста орман алқаптардың жандарында жер тоңуы тайыз келеді жиналған қалың қар арқасында.
Қорғаныш екпе ормандары бағытталған бейімдеріне байланысты бірнеше түрлеріне бөлінеді.
Егін қорғайтын орман жолақтары, олардың ені 12,5-4,5м болады. Өңделген жазық аумақтарда отырғызады танаптарды ыстық желдерден, дауылдардан және жел эрозиясынан қорғайды, және танаптардың микроклиматын жақсартады.
Жыра және сайлар бойында отырғызатын орман жолақтары, олардың ені 20-30 м болады, су эрозиясын тоқтату үшін пайдаланады, шаруашылыққа жарамайтын жерлерде пайдаға асырады.
Суарылатын жерлердегі орман жолақтары оларды ылғалы аз булану үшін, жер қайталап сорланбау үшін, ауыл шаруашылық дақылдарды ыстық желдерден, дақылдардан қорғау үшін, канал және арықтар шайылып кетпеу үшін сонымен бірге олар құм мен шаңдармен толмау үшін отырғызады.
Орман питомниктерде, бақтарда, жүзім өсіру плантацияларда қорғаныш орман жолақтар отырғызылады. Олар плантациялардың микроклиматын жақсартып, өнімділігін көтереді.
Өзен және көл айналасындағы орман алқаптары. Олар су эрозиясын төмендетеді, жағаларын қорғайды, ылғалы аз буланады және топырақпен шаңдар су бетіне аз түседі.
Таулы жерлерде эрозияға және сельге қарсы тұратын орман жолақтары. Су ағысын тоқтатып, топыраққа сіңдіріледі, және сель жүруіне кедергі қылады.
Жайылымдағы жерлердегі пайдаланатын орман жолақтары. Жайылымның өнімділігін жоғарлатады және малдарды ауа-райының қолайсыз жағдайлардан қорғайды.
Тас, темір жол трассаларындағы орман жолақтары. Жолдарды қар, құм және топырақтардан қорғайды.
Елді мекендерді көгалдандыру орман алқаптары ауылдарды, адам тұрғын жерлерді қар, құм және шаңдардан қорғайды, санитарлы-гигиеналық және жұмыс істеу жағдайларды жақсарту, сонымен бірге ел-мекендердің архитекторлы суреттеу істерін жоғарлатады.
Рекультивация жасайтын жерлерді жолақтары. Айтылған жерлерді шаруашылық пайдаға асыру.
Орман жолақтардың өз негізгі функцияларын атқарғанын, басқа пайдалары да бар ағаштар кесіледі, жеміс-жидектер жиналады, орман алқаптарда жабайы жануарлар мен құстар өмір сүреді, сонымен бірге санитарлы-гигиеналық және эстетикалыцқ мағынасы мәні зор.
Қазақстанның дала жерлерінде ең алғашқы орман өсіру жұмыстарды 1888 жылы Красновен кеңшарасында Прйуральций ауданда Савитев М.Н. бастаған. Сол уақытта Орал дала орманшылығы ұйымдастырылады, 15 жыл ішінде 328-га екпе ормандар отырғызылған. Екпе ормандарда қарағы берест, ақ – қайын, татар үйенкісі, шаған, қағаран, және үшқат ағаштары отырғызылған.
1891 – 1909 жылға дейін Орда құмдарда Т.Ф. Якубов басқарған В.В. Докучаев топырақ зерттеу институтын ғалымдары келесі ағаш түрлерін отырғызған емен, американдық шаған, үйенкі, сары және ақ қараған, қармала, терек, қарағай, жүзгін. Жалпы көлемі 1909 ж 365-га жетті, 1948 жылы тек 98-га екпе ормандары сақталған. 1909 жылдан 1915 ж шейін тағы 308-га отырғызылған. Отырғызған ағаш түрлерінің арасында жақсы жерсіңгені қырым қарағаш 28 жасында биіктігі 18 диаметрі 32см жетті. Қарағай ағаштары құмдардың сай жерлеріне отырғызылды.
Тартугай тәжірибе орманшылығында және Қосқұдық орман дачасында 1928 жылдан 1932 жылдан Н.Ф.Слезкинский табиғи және екпе ормандарда сексеуіл ағаштардың жаңаруын зерттеді. 1931 жылы Н.Ф.Слезкинский алғашқы рет сексеуіл тұқымдарын тақыр жерлерде сеуіп өсірді.
1936 жылы сексеуіл тұқымдарын самолетпен тарихта алғашқы рет сепкен.
1934 жылдан бастап Қазақстанда егін қорғайтын орман жолақтарын отырғыза бастады Ақтөбе облысының «Красный пахарь» копшарларында, 1935 жылы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Орал, Шымкент облыстарында отырғыза бастады. Ал 1939 жылдан барлық облыстарда егін қорғайтын орман жолақтары отырғызылды тек қана Гурев облысында дамыған жоқ.
Соңғы жылдары сырт орта жағдайын қорғауы мемлекетінің аса маңызды жұмыстың біреуі. Айтылған жағдайларда орман ресурстарын қорғау оларды өнімді пайдалану және Қазақстанның ормандығын жоғарлату үшін ормандар өсіреді.
01.01.1993 Қазақстанның ормандылығы 3,7% жетті, орман қорының жалпы көлемі 24,49 млн-га соның ішінде 9,67 млн-га орман өседі. Қазіргі заманда Қазақстан жерінде 0,30 млн-га қорғаныс орман жолақтары отырғызылған, ауыл шаруашылық жерлерде 0,17 млн-га автомобиль жолдары бойынша 0,07 млн-га ормандарыотырғызылған.
Республика орманның 61% көлемі сексеуіл ормандардан, 22% бағалы қылқан ағаш түрлері, 17% жұмсақ жапырақ ағаштардан тұрады.
Қылқан ағаштардан 53,7% Семей, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда өсетін қарағай ормандары. Қазақстан Алтайда, Джунгар Алатауда өсетін шырша және май қарағай ағаш түрлері қылқан ормандардың 45,7% өседі.
Республиканың «Қазақстан ормандары» мемлекеттік жоспарында 2010 жылға дейін ормандылығын 4,6% жеткізуге жаралады.
Осы ғасырдың экологиялық каттострофаның біреуі ол Арал теңізінің суы тартылғандығы. 1961 жылдан бастап судың деңгейі 13м төмендеді, сонымен бірге тек қана республикада 1,1 млн-га жері кеуіп қалды. Сор жері және жаңадан пайда болған ауыспалы құмдар қатты жел кезінде шаң, құм және тұздарды көтеріп ауыл шаруашылыққа зиян келтіреді. Олармен күресу шаралардың біреуі ол сексеуіл ормандарын отырғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |