С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
А.А.Сулейменов
ОРМАН ТҰҚЫМ ІСІ
050807 Орман шаруашылығы ісі
мамандығына арналған
оқу құралы
Павлодар
УДК 630.232.3(075.8)
ББК 43.4 я73
О90
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Ғылыми кеңесі баспаханада басуға ұсынды
Пікір жазушы:
А. Мұстафаев – доцент, а.-ш. ғылымдарының кандидаты
О90 Сүлейменов А.А.
Орман тұқым ісі: 050807 Орман шаруашылығы ісі
мамандығына арналған оқу құралы. – Павлодар, 2008. – 76 б.
Орман тұқым ісі пәнінен курста оқылатын, типтік бағдарламаға сәйкес, дәрістер мен зертханалық жұмыстар жинағы келтірілген.
УДК 630.232.3 (075.8)
ББК 43.4 я73
© Сулейменов А.А., 2008
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті, 2008
Кіріспе
Орман тұқым ісі орман екпелері жұмыстарының негізі болып саналады және көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді: орманды тұқымдандыруды аудандастыру; өте жақсы ағаш формаларын сұрыптау; аналық-тұқымдық екпелерді қалыптастырып, құрып және оларды күту; фенологиялық байқаулар және болатын тұқым өнімдерін болжамдау; орман тұқымдарын дайындау және оны өңдеу технологиясын; тұқымдарды құжаттандыру, сақтау және тасымалдау; егістік сапаларын тексеру; бүрілер, жеміс және дәндердің аурулары және зиянкестерімен күресу және болдырмау шаралары.
Жоғары сапалы генетикалық құнды дәндерді алу – орман генетикасы, селекциясы және тұқым шаруашылығының басты мәселесі. Оны іске асыру кешенді шаралардың негізінде болады, яғни орман тұқым кешендерін құру, ол орман құрастыратын түрлердің гентикалық қорын тиімді қолданып сақтауға бағдарланады; ұзақ уақыттық орман тұқым базасын және дәндердің генетикалық банкін ұйымдастыру; сорт сынауды жүргізу және жақсартылған сорттық дәндерді өндіру.
Орманды көбейту және қалпына келтіру, дәндерді дайындаудан басталады, бірақта олардың сапасын тексеру керек. Дәндер сапасын, бүрілер мен жемістерді өңдегенде, сақтағанда және егуге дайындағанда да, бақылайды. Сондықтан дәндердің егістік сапаларын анықтау әдістерін орман тұқым станцияларының қызметкерлері білумен қатар, орманшылықтардың инженерлік-техникалық мамандарыда білу керек.
Селекциялық-генетикалық негізінде құрастырылған ұзақ мезгілдік орман тұқым базасын құрумен Қазақстандағы орман шаруашылықтарының жоғары сапалы дәндерге сұранысын қамтамасыз етуге болады.
1991-1992 ж.ж. орман тұқым ісінің деңгейін кеңінен көтеру негізінде, негізгі орман қалыптастыратын түрлердің генетикалық қорын табу, сақтау және көбейту, орман шаруашылықтарын селекциялық тұқымдық және екпелік материалмен қамтамасыз ету үшін, құрастырылатын екпелердің түрлік құрамын жақсарту ретінде Республикалық және Алматы ормандық селекциялық-тұқымдық орталықтар құралды.
Бұл оқу құралында, типтік оқу бағдарламасында қарастырылған дәрістік және зертханалық курс ескеріліп іске асырылған, сондықтан бұл курсты студенттер игеруге көп көмек береді деп ойлаймын.
1 Орман тұқымдарының дамуы мен классификациялануы
Ағаштар мен бұталардың тұқыммен көбеюі - ол түрді сақтау және әрі қарай дамытудағы күресте жиналған қасиет. Кейбір ағаш және бұта түрлерінің тұқымдары азық ретінде қолданылады (грек жаңғағы, самырсын, орман жаңғағы), өйткені дәмдік құндылығымен, жоғары пайызда майлар, ақ уыз, витаминдер болуымен бағаланады. Емен, талшын, т.б. дәндері мал азығы ретінде жиналады. Фармацевтика өндірісінде дәрі-дәрмек алуға кейбір түрлердің тұқымы қолданылады (долана, итмұрын, шырғанақ).
Ағаштар мен бұталардың дәндері әртүрлі дамиды. Қылқан жапырақтылар бүрі де дамығандықтан және сыртқы қабығы болмағандықтан жалаңаш тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ағаштар мен бұталар, дәндері жемістің ішінде дамығандықтан, жабық тұқымдылар деп аталады.
Жеміс - дәндердің ұясы, ұрықтанғаннан кейін түйіннен пайда болатын. Жеміс ұрықтанбай пайда болуы мүмкін, ол құбылыс апомикс деп аталады. Ол жағдайларда дәндер ұрықсыз болады.
Жемістер шын (нағыз), өтірік жеміс шоғыры болып бөлінеді. Егер жеміс, ұрыққабы ұрық жапырақшасынан қалыптасса, шын деп аталады. Егер жеміс қалыптасуға ұрық жапырақшасымен тағы гүл тұғыры, гүл серігі қатысса онда өтірік деп аталады. Гүл шоғырынан қалыптасқан жеміс, жеміс шоғыры деп аталады.
Жеміс ұрыққап қалыптасуы негізінде құрғақ және шырынды болып бөлінеді. Құрғақ жемістер ашылмаған ұрыққаппен (көп дәнді) немесе ашылған ұрыққаппен болады.
Құрғақ ашылған ұрыққаптыларға жатады:
-қаптама жеміс бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, бір жабықшасымен (ішкі) жарылады;
-бұршақбас бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, «арқа» және «ішкі» жабықшаларымен жарылады;
-қауашақ жеміс ұрық жапырақшасынан қалыптасып екі немесе бірнеше жерден жарылады;
Құрғақ ашылмаған ұрыққаптыларға жатады:
-жаңғақ және жаңғақша - бір дәнді жемістер, дән қабығымен жабыспаған, ұрыққабы ағаш тәріздес;
-қанатты жеміс - ұрыққабы қанатқа айналған жаңғақша.
Шырынды жемістер екі түрге бөлінеді:
-жидек - көп дәнді жеміс ұрыққабы ашылмайды, шырынды. Ол жемісті -жүзім, актинидия т.б. «Өтірік жидек» мына түрлерде: қарақат, қарлыған, ұшқат, т.б.
-сүйек жеміс - көпшілікте бір дәнді жеміс, ұрыққабы үш қабатты: сырты - қабық (экзокарпий), ортасы - еті (мезокарпий), іші - сүйекше (эндокарпий).
Дән - ұрықтанып өзгерген ұрық. Қалыптасқан дәнде үш негізгі бөліктер болады:
- тұқым қабығы - ұрықтанып өзгерген тұқым сырты;
- ұрық - ұрықтанып өзгерген жыныс жасушасы;
- эндосперм ұрықтың қоректік ұлпасы - ол өзгерген ұрықтан кейінгі екінші немесе ортаншы ұрықтың ядросы.
Дәннің маңызды бөлігі - ұрық, оның барлық бөліктері, жарнақтан басқасы, өсімдіктің вегетативтік органдарының бастаушысы және келесі бөліктерден құрылады:
- тамырша, аяғы тозаңқапқа қаралған;
- қысқаша бұташа;
- тұқым жарнағы.
Тұқым жапырағында негізгі қоректік заттар (крахмал, ақуыздар, көмірсулар), көп нуклеин қышқылдары , ауксиндер және басқа биологиялық белсенді заттар болады.
Егілген эндоспермдік дәндер (қылқан жапырақтылар, шаған, т.б.) өнгенде жарнақтары жер бетіне шығады және ассимиляцияланып жапырақтардың жұмыстарын атқарады. Көптеген түрлердің дәндерінде ұрық қалыптасқанда жарнақтар үлкейіп эндоспермді ығыстырып жіңішкертеді.
Дәнді қорғайтын ұлпалар дән ұрығы қабығынан қалыптасады: төменгі қабықтан қоңыр түсті ішкі қабық қалыптасады, ол тұқым қабығы, сыртқыдан - қатты ұлпа - дәннің сырты.
Ашық тұқымдылардың дәндерінің сыртынан тері (қарағай, шырша) немесе ағаш (самырсын) тәріздес ұлпа пайда болады, оны да қабық деп атайды.
Жабық тұқымдылардың дәндерін қабық және ұрыққап қорғайды. Сондықтан, ол бейімділік белгісі, дәндердің сақталуы және өміршеңдігі сонда.
Бақылау сұрақтары
1. Орман тұқым шаруашылығының негізгі мәселесі.
2. Жемістер классификациясы.
Дән құрылымы.
2 Жеміс беру ерекшеліктері
Ағаштардың жеміс беруі әр түрлі жаста болады және жалғыз немесе топталып өсуіне байланысты, ағаш және бұта түрлерінің жеміс беруі биологиялық ерекшеліктерге (жасы, генотип) және өсетін жерінің экологиялық жағдайларына қарай. Орнықты жеміс беру үшін өсімдік бастапқы даму кезеңін өту керек, ол уақытта вегетативтік және генеративтік органдардың белсенді дамуы байқалады, сыртқы ортаның жайлы болуына байланысты.
Бірінші жылдары, өсімдік генеративтік кезеңге кіргенде, дәндер саны көп болмайды, ал сапасы орнықты жеміс беруімен жақсарады. Жасы үлкейе өнім де көбейеді, ол ағаштардың тек физиологиялық жағдайымен байланысты емес, сонымен қатар бөрікбасының үлкейуі және жеміс беретін бұталардың молайуы мен байланысты. Егер өсетін жағдайлар нашар болса, репродукциялық мүмкіншілігі төмендейді. Өспей қалған ағаштардың көлемдері төмендеп, бүрі мен дәндердің массасы азаяды, егістік сапалары төмендейді.Жас ағаштарға қарағанда, ескі ағаштардың тұқымы нашар дамиды.
Дәндердің пісу кезеңдері және пісу белгілері. Әр түрлерде дәндердің пісуі әр кезеңде болады. Ол түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, климаттық және ауа-райы жағдайларымен байланысты. Бұл жағдайларда дәндер біріншіден физиологиялық есейеді, сосын өнім беру мүмкіндігі болады.
Дәндер физиологиялық есейгенде ұрық өнуге дайын, бірақ та дәндер ағашта болғандықтан дамуын жалғастырады. Өнімділік пісуі болғанда дәндерде қоректік заттар жиналу тоқтайды, өмір сүрудің биологиялық процестері саябырлайды, дәндер тыныштыққа кетеді, сыртқы қабықтары қатайып, су және ауа өтуі саябырлайды, ылғалдылығы төмендейді, ал қолайсыз жағдайларды бастан кешу жоғарылайды. Морфологиялық өзгерістер (бояу) дәндердің есейу көрсеткіші және жинау уақытының белгісі . Бүрілер, жемістер әлде дәндердің өнімі піскенде, олар біраз уақыт ағашта болады (қарағай, шырша т.б.) немесе жерге түседі (қайың, терек, емен т.б.).
Ағаштардың жеміс беруіне сыртқы ортаның жағдайлары әсер етеді: климат, ауа-райы, экология. Экологиялық жағдайлар күрделі жағдайлардан тұрады, біріншіден – жарық түсу, температура, ауа ылғалдылығы, топырақ құнары, топырақтың микроклимат ерекшелігі.
Ауа температурасы - болашақ өнімге көп әсер ететін климаттық және ауа райы жағдайы. Температура жеміс беруге солтүстік аудандарда өте әсерлі, ал оңтүстікте көктемгі кеш түскен үсіктер қауіпті, өйткені ол ағаш өсімдіктерінің гүлдену уақытында келуі мүмкін. Қалыптасқан дәндердің саны мен сапасы жазғы температуралармен бітік байланысты. Ол байланыс әсіресе, шыршада байқалады, ол солтүстік және оңтүстікке жайылған.
Ауа ылғалдылығы да маңызды жағдай. Мысалы, ылғалды, жаңбырлы ауа райы болашақ өнімге кері әсер етеді, ал төмен ылғалдылық және жел гүлдердің тозаңын ұшырып жеміс байлануға оңтайлық жасайды. Күзгі ерте үсік, жазғы төмен температура өсімдік бүршігінің пісуін саябырлатады.
Ауа райының қолайсыз жағдайларында гүлдеудің белсенділігі төмендейді, тозаңданбаған гүлдер көбейеді. Көп түрлерде олар солып түсіп қалады, кейбіреулерінде дамығаннан кейін дәнсіз жеміс немесе ұрықсыз дәндер пайда болады. Бір жынысты жалғыз тұрған ағаштарда бос дәнділер көп болады. Ол ағашта генеративтік бүршіктер дұрыс орналаспағандықтан, өздігінен тозаңдануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бөлек тұрған ағаштар жемісті болады, өйткені олардың бөрікбасы өте жақсы жарықтанады.
Жарықтандырылу - негізгі, әлде гүлдеудің және дәндердің пісуінің ең басты жағдайларының біреуі. Ағаштың орынды жарық алуы ондағы дәндерде керек қоректік заттардың көп жиналуына әсер етеді. Ол заттар өнгіштігін көбейтеді. Жақсы жарықтандырылған ағаштардың қоректену көлемі көбейеді, топырақ микроклиматы жақсарады, өйткені топырақтың жылынуы жақсарады.
Ағаштардың жеміс беруіне энтомо-фитозиянкестерімен зақымдануы, антропогендік әсер және т.б. жағдайлар әсер етеді.
Әр ағаштың өнім қалыптасуға әсері бірдей емес, ең көп беретін ағаштар Крафттың өсу класы бойынша І және ІІ класс ағаштары. Өнім ағаштың діңімен, биіктігі және бөрікбасымен, тіктігімен байланысты. Жоғары класты ағаштар әрқашан ірі бүрілі және дәнді болады, ал сапасы да жоғары болады.
Отырғылардағы ағаштар тек өніммен әр түрлі емес, ал бүрі мен дәндерінің биологиялық - морфологиялық белгілерімен әр түрлі. Ол белгілер ортадағы жағдайлармен байланысты.
Орман құрастыратын ағаштар негізінде ұялас өсімдіктер, бірақ та кейбір түрлері физиологиялық аналық немесе аталық болады. Аналық жолмен дамыған ағаштар өнімді көп береді.
Алматы қаласында кәдімгі шағанның екі түрлі бұталары бар дарағы табылған, біреуі аталық жолымен, ал екіншісі аналық жолымен дамып көп тұқым өнімін беретін.
Бір түр ағаштарының әр түрлі кезеңдік дамуымен жүруі мүмкін, олардың генеративтік бүршіктері өсуі, гүлдеуі және дәндер пісуі әр түрлі метео жағдайларда болғандықтан, дән өнімі де құбылады.
Көп қатар жеміс беретін ағаштар поликарпиктер, ал жеміс беру мүмкіншілігі - репродуктивтік қасиет деп аталады.
Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі генетикалық жағдайлар мен антогенезге байланысты. Орман түрлері жылда жеміс өнімін бермейді. Жапырақтылар түрлері емен, шамшат және қылқан жапырақтылар, қайың, көктерекке қарағанда өнімді сирек береді. Дәннің өнімінің мол жылдары тұқымдық жылдар деп атайды.
Жеміс беру кезеңділігі. Қылқан жапырақтылар түрлерінің және ағаштар мен бұталардың тұқымдарын дайындау тәжірибесі және көпжылдық ғылыми байқаулар бір түрдің және орманның өнімділігі әр 0түрлі болатынын көрсетті. Мол өнімділік жыл, орта және нашар жеміс өнімі жылдарымен аралас болады. Ол құбылыс жеміс беру кезеңділігі деп аталады.
Жеміс беру кезеңділігі - ол биологиялық ерекшелік, өнім мол болғанда пластикалық заттарының қоры молынан жұмсалуымен байланысты. Сондықтан келесі жылдары мол өнім болу үшін, гүл бүршіктерімен қатар заттар қоры да мол болу керек.
Жеміс берудің қарқындылығы аудандарға байланысты. Жалпы заңдылық байқалған, орман бітіміндегі ірі ағаштар өнімді болады. Өнімділікке бітімнің толықтығы да әсер етеді, төмен және жоғары толық бітімді ормандар орта бітімдіден өнім аз береді.
Сонымен, дәндердің өнімділігіне сыртқы жағдайлармен әсер етуге болады. Ол тәсілдер, бітімдерді сирету, ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру, аяздардан қорғау, минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолдану.
Бақылау сұрақтары
1. Ағаштар мен бұталар жеміс беруі.
2. Жеміс беру кезеңділігі және оған әсер ететін жағдайлар.
3. Жеміс беруді көтеретін әдістер.
4. Дәндердің пісу белгілері және пісу кезеңдері.
5. Өнім қалыптасуға климаттық жағдайлардың әсері.
3 Өнімділікті есептеу және болжамдау
Бүрлердің, жемістердің және дәндердің болатын өнімінің көлемін анықтау үшін және оларды дайындау, өңдеу, сақтау жұмыстарын уақытында ұйымдастыру үшін арнайы көлемдер (0,25-0,50га) қалдырады, олар арнайы және уақытша тұқым участоктерінде орналасады.
Тұқымдық көлемдер ұқсас жағдайлары бар жерлерде орналастырылады, ол жеміс беретін отырғыларға ыңғайлы болу керек.
Өнімді болжамдағанда қысқа және ұзақ мезгілдік болжамдау қолданылады. Қысқа мезгілдік болжамдаумен өнімділікті тез уақытта көзбен бағалап жеміс беру мен өнімділікті келісімді балдармен бағалайды. Ұзақ мерзімдік болжамдауда күрделі іс-шаралар (тұқым есептеу, бұталардан жемістер мен дәндер жинау, жалпы әдіс т.б.) қолданылады және өніміділік сандар қатынасымен есептеледі.
Қысқа мезгілдік болжамдау негізінде фенологиялық бақылаулар қолданылады, сондықтан келесі жеміс беру кезеңдерін ескереді:
-гүлдеу (тозаңдар ұшады және т.б.)
-түйін байлану-жеміс қалыптасу, қылқан жапырақтыларда бүрі өсе бастайды, қарағайда бұл кезең гүлдегеннен кейін келесі жылы болады;
-жеміс пісу.
Фенологиялық байқауларда фенологиялық өлшеуіштер байқалған, оларды бағдар, белгі ретінде қолдануға болады; қарағайдың гүлдеуі шетен, серікгүлмен бір уақытта, шырша мойылмен, емен серігүлмен. Көзбен бағалауды арнайы жерде жүргізеді. Ормандық тұқым плантацияларында көзбен бағалауға А.А. Корчагин (1-кесте) шкаласын қолданады, ал басқа тұқым объектілерінде В.Г. Каппер шкаласын қолданады (2-кесте).
1-кесте. - А.А. Корчагин бойынша көзбен бағалау шкаласы
-
Балдар__Ағаштарда'>Балдар__Белгілер'>Балдар
|
Белгілер
|
0
|
Жоқ
|
Жемістер жоқ
|
1
|
Өте аз
|
Біреу-екеу
|
2
|
Аз
|
Жемістер саны аздап
|
3
|
Орташа
|
Жемістер саны орташа
|
4
|
Көп
|
Бүрілер көп
|
5
|
Өте көп
|
Бүрілер өте көп
|
2-кесте. - В.Г. Каппер бойынша көзбен бағалау шкаласы
-
Балдар
|
Ағаштарда
|
0
|
Гүлдеу және өнім жоқ
|
1
|
Өнім өте нашар
|
2
|
Гүлдеу әлжуаз немесе өнім әлжуаз
|
3
|
Гүлдеуі орташа немесе өнімі орташа
|
4
|
Гүлдеуі жақсы немесе өнімі жақсы
|
5
|
Гүлдеуі өте жақсы немесе өнімі өте жақсы
|
-
Балдар
|
Бұталарда
|
1
|
Нашар гүлдеу немесе жеміс беру
|
2
|
Орташа гүлдеу немесе жеміс беру
|
3
|
Жақсы гүлдеу немесе жеміс беру
|
А.А. Корчагин бойынша жеміс беруді бағалау тұрақты 0,25 га көлемде 15-20 модельдік ағаштарда жүргізіледі. 15-20 ағаштар бойынша көзбен бағалаудан кейін шкаламен жеміс берудің орташа балын шығарады, ол барлық көлемнің орта арифметикалық көрсеткіші болады.
В.Г. Каппер бойынша жеміс беруді бағалау уақытша 0,1-0,5 га көлемде жүргізіледі (көлемде 100 ағаштан көп болмайды).
Бұл шкалалармен көзбен бағалау, дәндер өнімін сандық ретінде есептеп болжуға мүмкіндік бермейді, сондықтан ұзақ мезгілдік болжауда қолданылатын басқа әдістер қолданылады:
- модельдік ағаштар әдісі;
- энтомологиялық, метеорологиялық;
- есептеу бұтақтары тәсілі;
- жалпы есептеу тәсілі.
Кесуге арналған, жас отырғылар, орта жастағы және пісіп келе жатқан табиғи және қолдан жасалған отырғылардағы тұқымдық ағаштардың жеміс беруін есептеу үшін модельдік ағаштар әдісін қолданады.
Есептеу алқабында, 0,10-0,25 га көлемше бөледі, ол жерде барлық жеміс беретін ағаштарды санайды. Көлденеңі орташа, жеміс беруі орташа 5 модельдік ағаштарды таңдап алады. Әр ағаштағы бүрілерді санайды, ол көрсеткішті жеміс беретін ағаштар санына көбейтіп 1 га жерден қанша өнім алуға болатынын, сонымен қатар барлық жерден алынатын өнімді есептеуге болады.
Энтомологиялық әдіс (Г.В. Стадницкий бойынша) (кәдімгі шырша). Бұл әдіспен бүрілердің өнімін, оларды дайындардан 8-12 ай бұрын анықтайды. Зерттеу участогінде 2-3 ағаштардан 300 бүрі жинайды, жылы жерде полиэтилен пакеттеріне салып қояды. 25-30 күннен кейін шырша жапырақ ширатқыш көбелектер санын есептейді, сосын бүріні жарып жұлдызқұрттар мен қуыршақтарды есептейді. Қуыршақтанбаған жұлдызқұрттар пайызын мына формуламен анықтайды
Д = (100 · А) : (А+Н+В+Г)
мұнда А - бүрідегі тірі жұлдызқұрттар саны;
Н - пакеттегі көбелектер саны;
В және Г-тірі және өлген қуыршақтар саны.
Егер қуыршақтанбаған жұлдызқұрттар саны Д<25%-өнім 4-5 балл, 26-65% өнім 2-3 балл, 66-100% < 1 балл.
Жемістік бүршіктер қалыптасқанда ауаның ылғалдылығы төмен болуымен болашақ өнімді болжауға болады, ол метеорологиялық тәсіл. Мысалы, шілде, тамызда ылғалдылық тапшылығы жоғары болса, онда 2 жылдан кейін қарағайдың тұқым өнімі жоғары болатынын күтуге болады, өйткені құрғақ жылы ауа-райы жемістік бүршіктің мол болуына әсер етеді. Оңтүстікте бұл жағдай керісінше ауа-райында болады. Ескеру керек, өнімді жылдардан кейін төмен өнімді жылдар болатынын, ол ауа-райы өзгерістерінен болмайды, ұрпақ бүршіктерінің дамуымен байланысты.
Сынама бұтақтары тәсілі. 10-20 жақсы дамыған ағаштардың, бөрікбасының әр жерінен, бірнеше бұтақтарын кеседі және олардағы жемістер мен бүрілерді есептейді. 1 метр бұтаққа келетін гүлдер, бүрілер немесе жемістер саны гүлдеу және өнімділік көрсеткіші болып есептеледі.
Ең дәл, бірақта өте еңбек сүйгіш, дәндер өнімін есептейтін жалпы есептеу тәсілі. Арнайы көлемде барлық бүрілермен жемістер жиналады. Олардан дәндер алынып массасы анықталған соң, өнімді 1 га есептейді.
Бақылау сұрақтары
1. Орман дәндерінің өнімін есептеу және болжамдау.
2. Өнімді қысқа және ұзақ мезгілдік болжамдау.
3. Өнімділікті анықтау әдістері.
4 Тұқымдарды құжаттандыру және тасымалдау
Орман тұқымдық алқаптарының мәселесі тұқымдардың егістік сапаларын зерттеу, олар бірқалыпты тұқымдардан алынған орта үлгілерді талдаумен анықталады.
Дайындалған бүрілер, жемістер, дәндер біркелкі белгілерімен, бөлек партияларға, күші бар стандарттардың талаптарына сәйкес, арнайы массаларымен дайындалады. Бір тұқымдық участоктен, алқаптан немесе бір селекциялық категорияның отырғыларынан, бір топтық орманнан жиналған бір айдың ішінде және бірыңғай жағдайда сақталатын бүрілерді, жемістерді, дәндерді бөлек партияларға біріктіреді. Құжаттармен куәлендірілген бір түрдің немесе түршенің, бір қалыптағы тұқымдары, массасы белгілі тұқымдар партия деп аталады. Өте жақсы ағаштар мен отырғылардан немесе бөлек ағаштардан және өте бағалы түрлердің бұталарынан бүрілер, жемістер, дәндер жинағанда массасы кішкентай партиялар құруға болады (1/25 бөлігі - стандартпен белгіленген партия массасынан).
Егуге арналған, бүрілердің, жемістердің және дәндердің әр партиясына стандартқа сай паспорт толтырылады, онда бүрілерді, жемістерді, дәндерді қандай жерде жинағаны және жинаған жер туралы мәліметтер келтіріледі. Паспортты толтыруға жауаптылар: орман мекемесінде –орманшы,орманшы көмекшісі; орман шаруашылығында - бас орманшы, инженерлер. Паспорт нөмірленеді, мөрмен, жауапты адамның қолымен бекітіледі.
Іс жүзіндегі стандарттарға сәйкес паспортпен қатар зат таңба толтырылады. Бір данасы ішіне салынады, ал екіншісі ыдыстың сыртына бекітіледі.
Бүрілердің, жемістердің, дәндердің партияларын, қалдықтарын араластыруға тиым салынады.
Дәндердің орта үлгілерін тексеруге жібергенде және партияның бөлігін басқа жерге жібергенде, паспорттың көшірмесін жібереді.
Дайындалған дәндердің партияларының паспорттары, сонымен қатар сырттан алынған тұқымдардың паспорттарының көшірмелері кәсіпорынның арнайы ісінде сақталады.
Егуге дайындалған дәндердің сапасы, бағалау және әдістемелік стандарттарға сәйкес, тексеруден өтеді.
Бағалау стандартында өнгіштік және тазалық көрсеткіштерін анықтайды, ол сапа класының белгілері. Ал әдістемелік стандарттында үлгілер алу ережелері, дәндердің егістік сапаларын анықтау нұсқаулары келтіріледі . Дәндердің сапа класын анықтау талдауын бақылау тұқымдық станциясы жүргізеді. Сақталынбайтын дәндердің талдауын, тұқым станциясында дайындық өткен, орман шаруашылығы маманы жүргізеді. МСТ 13056.10 - 68 негізінде талданған дәндердің әр партиясына , орман тұқым станциясы «дәндер кондициялы деген куәлігін» береді, ол мекемеде сақталады және арнайы журналға енгізіледі.
Дайындалған дәндерге паспорт жасалса және оларды дайындағанға жалақы төленсе, ол мекеме есебіне жазылады. Ал жоспардан артық дайындалған дәндер, өнім болмаған жылдарға арналып, ұзақ сақталуға қалдырылады.
Дәндердің сапасы өнгіштігімен, өну энергиясымен, өміршеңдігімен, сапалылығымен, тазалығымен, шаруашылықта қолдануға болатындығымен және 1000 дәннің массасымен анықталады. Керек болса қосымша, ылғалдылығы және энто - фитозиянкестермен зақымдалуы анықталады.
Барлық іс - шараларда керек және сыртқы жіберілетін дәндер есепке алынады.
Транспорттаудың алдында ылғалды дәндерді кептіреді. Артқанда, тасымалдағанда және түсіргенде дәндер суланбау және ақауланбау керек. Дәндердің бір орнының массасы 50 кг аспау керек. Әр орынның ыдысына арнайы зат таңба салынады, ал сыртына дәннің түрі аталған, массасы, паспорттың нөмірі мен құжаттық көрсеткіштері көрсетілген, орман шаруашылығы мекемесі аталған құжат бекітіледі.
Әр түрдің дәндері арнайы ыдыста тасымалданады:
- қылқан жапырақтылар дәндері (шырша, қарағай, бал қарағай, май қарағай)- полиэтилендік және темір ауа кірмейтін баллондарда, егер олар болмаса тығыз қосақталған қаптарда;
- жапырақты ағаштардың және бұталардың ұсақ дәндері, оның ішінде мына түрлердің – аюбадам, тал, шетен, қандағаш, көктерек, қарақат, терек, тұт ағашы - полиэтилендік және темір ауа кірмейтін баллондарда, немесе шыны шишаларда;
- шәмкіш, ырғай, жөке ағашы, дәнек жемісті, шекілдеуікті дақылдардың, раушан гүлінің, самырсындық қарағайлардың дәндерін
- қосақталған тығыз қаптарда, фанералық немесе ағаш жәшіктерінде;
- самырсындық сібір қарағайының дәндерін 0° төмен 12 - 15° С жоғары температурада тасымалдауға болмайды;
- қайың және құмды бекітетін түрлер (сексеуіл, соран т.б.) қатты қаптарда, бірақ та тығыз салмай;
- шаған, үйеңкі дәндерін - фанера немесе ағаш жәшіктерінде;
- орман жаңғақ, жаңғақ дәндерін тығыз қаптарда немесе ағаш жәшіктерінде;
- егістік талшын дәндерін дымқыл құм немесе шымтезек салынған ағаш жәшіктерде;
- шамшаттың дәндерін күзде құрғақ 40 кг көп емес ыдыстарда.
Көптеп теміржол әлде су көлігімен дәндерді тасымалдағанда ыдыста ұстайтын жерлер болу керек. Дәндер салынған ыдыстар тиелгенше көлеңкеде болу керек.
Тиелетін дәндер - піскен, сортталған, жақсы ыдысқа салынған, сапалылығы 70% төмен емес, ылғалдылығы 60-65% болу керек. Жеткізілген дәндердің сапасы туралы акт жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |