“Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекттік мекемесі”
Биология пән мұғалімі: Айгожаева Сандугаш Нуртаевна
Сабақ мақсаты:
Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама бере отырып, өрмекші тәрізділерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне, олардың көптүрлілігіне, сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасына, тіршілік ету дағдысы және мінез - құлығына тоқталып түсінік беру.
Сабақтың типі : Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдістері:Әңгіме - сұхбат ;өзіндік жұмыс; жұптық жұмыс; интерактивті тақтамен жұмыс; дәптермен жұмыс; кітаппен жұмыс; тест жұмысы
Мотивация: Жаңа тақырыпты ашу
Сабақтың көрнекілігі: Биология 7 сынып, “Өрмекшілер класы ” таблица, “Өрмекшінің ішкі құрылысы” дымқыл препарат, “Өрмекшілер әлемі” бейнеролик.
Сабақ жоспары:
1. Өрмекшітәрізділердің негізгі ерекшеліктері, көп түрлілігі.
2.Крест өрмекшісінің сыртқы құрылысы, тіршілік ортасы.
3. Өрмекшітәрізділердің тіршілік ету дағдылары, мінез-құлығы.
4.Қорытынды.
Өрмекші ұшатын бунақденелілер: шыбын, көбелек, өсімдік бітісімен, сондай-ақ әр түрлі қоңыздармен қоректенетіндіктен, жыртқыш жәндік болып есептеледі. Қорегін аулау үшін өрмекші құрсағының ұшындағы үш жұп өрмек сүйелдерінен бөлінетін жіп тәрізді бөлінді мен өрмек-ау тоқиды. Өрмек сүйелдерінің бір жұбынан – берік те жуантық өрмек; екінші жұбынан – қорегін аулайтын жабысқақ өрмек; үшінші жұбынан пілдеге жұмсалатын нәзік жіп тәрізді өрмек шығады.
Жаңа сабақ
Тип Буынаяқтылар – Arthropoda
Тип тармағы Хелицералылар – Сһеlicerata
Класс Өрмекшітәрізділер – Аrachnida
Қыршаяндар – Scorpiones
Скорпион
Өрмекшілер – Аranei
Паук
Кенелер – Асаrі
Клещи
Отрядтар
Аулаушы торды аналық өрмекші тоқып әзірлейді. Өрмекші ең алдымен жуантық өрмектен көпбұрышты жақтау дайындап, одан аулаушы тордың тармақтарын созып, бірмен-бірін түйістіру арқылы өрмекау жасап шығады. Ауға түскен қорегін өрмекші өрмекаудың ортасынан созылған хабаршы жіптің қимылынан сезеді. Өрмекауға түскен шыбын бұлқынған кезде хабаршы жіп тербеледі де, өрмекші жасырынып жатқан жерінен қорегіне қарай ұмтылады.
Әлемдегі ең үлкен өрмекші жайында не білесіз? Білмесеңіз, біз сізге бүгін сол өрмекші жайында әңгіме қозғайтын боламыз. Ең алдымен өрмекшілердің орта өлешемін анықтап алайық. Олардың барлығы 4-6 сантиметрде тұрақтап тұр. Әлемдегі ең үлкен өрмекші атануға бұл өлшем аздық етеді. Солай ма? Әлемдегі ең алып өрмекшіні табуымызға бір ғана кітап көмектеседі. Иә, ол – Гиннестің рекордтар кітабы. Бұл кітапқа жүгінетін болсақ, әлемдегі ең алып өрмекшінің Терафоза Блонда (Theraphosa blondi) екеніне кәміл сенеміз.
Қызықты әлемге саяхат.
Алғашқы түрін 1804 жылы француз энтомологы Латрейл жазып алған.
Сол түрге жататын екі жастағы бұл өрмекшінің құлашы 28 сантиметр болса, салмағы 170 грамды құрайды. Дегенмен мұндай түрлері жеке коллекцияларда да жиі кездеседі. Олардың көбеюі көп уақытты қажет етеді. Оның үстіне Терафоза Блонда өрмекшісін өзі мекен етіп жатқан жерден басқа жерге көшіруге қатаң тиым салынған.
Бұл ең үлкен өрмекші түрін 1965 жылы Венесуэлада экспедиция мүшесі Пабло Сан Мартин тапқан. Бұл өрмекші табанының құлашы 28 сантимерге жеткен. Бұл өлшеммен түстік астың тәрелкесін толық жауып қалуға болады.
Өрмекшілердің мұндай түрлері тек Суринами тропикалық орманына жақын жерлерден және Гайана мен Француз Гвинеясында ғана кездеседі. Бірақ осыған ұқсас түрлері Венесуэла мен Бразилияда да тіркелген.
Бұл тіршілік иелері тор жасап алып, терең індерде мекен етеді. Ең алып өрмекшілер кесіртке, құрбақа, бақа, тышқан аулап жеуге өте епті. Тіпті олардың кішкентай жыландарға да шабуыл жасауға батылы жетеді.
Өрмекшітәрізділердің негізгі ерекшеліктері:
ӨРМЕКШIТӘРIЗДIЛЕР КЛАСЫ (Arachnida ) 70 000 түрі бар. Өрмекшiлердi зерттейтін ғылым
арахнология. Өрмекшітәрізділер омыртқасыздардың бір класы. Бұлардың қазба қалдығы жоқ Силурдан белгілі, ал карбонда өрмекшітәрізділердің осы кезде тіршілік ететін отрядының өкілдері табылды. Жалпы сипаттамасы
А)Сыртқы құрылысы: Денелерi–баскөкірек және құрсақ болып екiге бөлiнедi. б) Аяқтары: Баскөкірегінде 6 жұп аяқтары орналасқан. Құрсағында аяқтары жоқ (тек сары шаяндарда ғана құрсақ бөлiмi сегменттелген) жүргiш аяқтың; қорегiн ұстайтын қысқыш аяқ тары бар ( сары шаяндар); Аяқтарының соңғы төрт жұбы - жүргiш аяқтары. Өрмекшiлердiң аяқтары, өрмек тоқуға қажеттi тарақтәрiздi тырнақтармен аяқталады. Күйісаяқ - 2-3 буыннан тұратын, қысқышпен, iлмекпен аяқталатын, аяқтардың бiрiншi жұбы (хелицераларда улы бездiң өзегi ашылады). Тұтқы аяқ – өрмекшітәрізділердің ІІ-ші жұп аяғы сезу және қармалау қызметтерін атқарады (педипальпа жақаяқтар, қармалауышаяқтар) Тыныс алу мүшесi екi типтi: Өкпе қапшығы – желбезек орнында дамитын арнайы қуыс. Демтүтік немесе трахеялар - сыртқы жамылғының, бүкiл денеге оттегiн таситын түтiкшелер. г)Зәр шығару мүшелерi: өрмекшілер аяғында сатанбез және 1-2 жұп мальпигий түтүкшелерi арқылы зәр шығарады. Сатанбез –көкіректегі, ал мальпигий түтікшелері құрсақ бөлігіндегі ыдыраған өнімдерді бөліп шығарады. д) Асқорыту жүйесi - ауыз қуысынан; сiлекей бездерi ашылатын бұлшықеттi жұтқыншақтан