Энергетика және су ресурстары Орталық Азияның табиғи қорларының энергетикалық әлеуетін іске асыру үшін ЕО-да Еуропаға мемлекетаралық мұнайгазкөлік дәлізі бағдарламасы (ИНОГЕЙТ) әзірленді. ИНОГЕЙТ мұнай мен газ, электр энергетика және жаңғыртылатын энергия мен энергетикалық тиімділікі көздері салаларына жатады. Бағдарлама бірқатар қызметтерді, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме жүргізуді, заң және институционалдық жәрдем мен техникалық көмек көрсетуді ұсынады. Бұдан басқа, ИНОГЕЙТ мемлекетаралық инфрақұрылымға шамалы инвестицияларды қолдайды.
INOGATE (Иногейт) – Еуропалық одақтың (ЕО), Түркия мен Ресей Федерациясынан басқа ТМД елдері арасындағы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы. Ресми атауы – «Еуропалық одақ, Каспий және Қара теңіз өңірі елдерінің, және олармен көршілес елдер арасындағы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы». Көлік Орталық Азия арқылы өткен Жібек Жолы өзімен бірге тауарлар мен мәдениеттер әкелген. Бүгін Орталық Азия көлік инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі стратегияны әзірлеумен қайта айналысуда. Бір орыннан екіншіге кедергісіз орын ауыстыру өңірлік сауданы дамыту мен жетілдіру үшін қажет. Өңір елдерінің аумағында және олардың арасында жол мен теміржолдар салу басым болып табылады. Осы стратегияға жәрдем көрсету үшін Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі бағдарламасы (ТРАСЕКА), әзірленді, оның аясында көлік және сауда саласында сараптамалық қолдау ұсынылады. Бұл Еуропа, Кавказ және Азия арасындағы сауданы жеңілдетуге, халықаралық көлік дәлізін интеграциялауға, сондай-ақ өңірдің көлік және сауда жүйелеріндегі проблемаларды шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ, жоба халықаралық қаржы институттары, даму саласындағы әріптестер мен жеке инвесторлар тарапынан қаржыландыру тартады.
Көлік құрылысы – темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту (құралымдау) жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған т. ж. мен автомоб. жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлақтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, т. ж. жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады.