Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы


Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже



бет2/3
Дата17.11.2022
өлшемі18,62 Kb.
#158656
1   2   3
Байланысты:
v2200028354.31-05-2022.kaz
Абай Құнанбаев
Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.


2. Ереже сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша педагогке (бұдан әрі - сынып жетекшісі) жүктелген функцияларды айқындайды.


3. Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Педагог мәртебесі туралы", басқа да Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.


4. Сынып жетекшісінің қызметі – білім беру ұйымының жарғысы, білім алушыларға білім берудің өзекті міндеттері, жаңартылған мазмұны, әдіснамасы, сондай-ақ тәрбие нысандары ескерілген тұлғалық бағдарлы тәсіл негізінде құрылған мақсатқа сай бағытталған, жүйелі, жоспарланған процесс.


5. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайды.


Сынып жетекшісі білім беру ұйымы басшысының (директорының) бұйрығымен тағайындалады.


6. Сынып жетекшісі қызметін жоспарлауды және бақылауды жалпы орта білім беру ұйымы басшысының (директорының) тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

2-тарау. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері

7. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – балалардың жан-жақты дамуын ынталандыру, оқушылардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, ата-аналармен (басқа да заңды өкілдермен) өзара байланыс орнату және оларды оқу мен тәрбие процесіне тарту.


8. Сынып жетекшісінің міндеттері:


1) салауатты өмір салтына ынталандыру;


2) азаматтық пен патриотизмге, өз Отанын сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу;


3) отбасы ара-қатынасын нығайту, үлкендерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;


4) сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;


5) білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге ​​баулу;


6) білім алушылардың өмір сүру жағдайларын білу;


7) ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);


8) білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;


9) аптасына бір рет сынып сағаттарын өткізу;


10) білім беру ұйымының басшысын (директорын) сыныбымен тәрбие жұмысының жай-күйі туралы хабардар ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет