Жүсіпбек мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі екенін саралайды, әдеби эссе, сыни жұмыстар жүргізеді. Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасау.
Сабақтың мақсаты:
1)Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін ажыратады;
2) Ойын сюжет желісін негізгі ала отырып дәлелдейді;
3) Кейіпкерлер бейнесін алынған эпизодтар арқылы ашады;
4) Әлемдік әдебиет үлгілерімен салыстырады, үндестігін сипаттайды.
1.Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау,
2.Сабақ мақсатымен таныстыру;
3 .Қызығушылықты ояту.«Галерея» әдісі. Сынып қабырғаларына романға қатысты мәтіндер ілінеді. Оқушылар галереяны аралап жүріп, бір мәтінді таңдап, қасына аялдайды. Не үшін бұл мәтінді таңдағанын түсіндіреді.
Оқу құралдарын дайындайды, нұсқаулықты орындауға белсенділік танытады
10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері.
Презентация
Сабақтың ортасы
№1 тапсырма.Топқа мәтін ұсынылып, жұпта талдай отырып сұрақ құрастырыды. Бір-біріне сұрақ қояды.
Қысқаша мазмұны Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.