Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет12/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М


-БӨЛІМ: САЯХАТ 6-САБАҚ

Тақырыбы: Саяхат

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа катыспаған

оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.4.1. Шағын мәтінді қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым

сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады, қандай көлікпен саяхатқа шығатындарын айта алады, ғ дыбысын таниды. Дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді сөздік қорды еркін қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.



Кейбір оқушылар:

Өздерінің қандай көлікпен саяхаттайтыны туралы еркін айта алады, ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша оқушыларға саяхат сөзін түсіндіреді. Алыс жерлерге саяхатқа шығу үшін автобус, ұшақ, пойыз сияқты көлік түрлері пайдаланылатыны, сондай-ақ көлік жүруі қиын жерлерге (тауға), әдетте саяхатқа жаяу баратыны да түсіндіріледі. Саяхатқа әдетте көп адам бірлесіп шығатыны белгілі. Сондықтан мұғалім оқушылардың назарын біз сөзіне аударады. Мысалы: Мен саяхатқа барамын (1 адам). Біз саяхатқа барамыз (көп адам).

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар көлік атауларын тағы бір рет қайталайды. Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетіндіктен, ұшақ сөзінің дыбысталуына ерекше назар аударылады.-«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім бару етістігінің жекеше, көпше түрдегі (I жақ, III жақ,) қолданысын түсіндіреді.

Мысалы: Мен барамын. Біз барамыз. Ол барады. Олар барады. (МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар бару етістігін I жақта (көпше түрі) қолдануға жаттығады. Кесте бойынша саяхатқа немен баратындарын айтады.


Оқулық

Аудиодиск: 5.6.1.; 5.6.2.; 5.6.5.






(Ұ) 4-тапсырмада берілген сөйлемдерді оқушылар сөйлемнің мазмұнына сәйкес табуы қажет. Мысалы: Біз ұшақпен барамыз -4-сурет.

(МК, Ұ) Мұғалім ғ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ғ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ғ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден ғ дыбысының айтылуын және ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға төл дыбыстарды үйреткен кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ғ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ғ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді.



Ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: ғарышкер, ағаш, тоғыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ғ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Ғалымжан т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ғ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: ғарышкер (кім?), ағаш (не?), тоғыз (неше?), Ғалымжан (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 5.6.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



5-БӨЛІМ: САЯХАТ -САБАҚ


Тақырыбы: Біз «Медеуге» барамыз

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/ көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу. 1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.



Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

«Медеу» мұзайдынына баратынын және онда не істейтіні туралы (коньки тебемін) айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Қазақстанның басқа да көрікті жерлерін атай алады, тақырып көлемінде «Медеу» мұзайдыны туралы ақпарат бере алады.



Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. Қазақстанның көрікті жерлері туралы қосымша ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша оқушыларға «Медеу» сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Медеу» мұзайдынының еліміздегі көрікті жерлердің бірі екені туралы, сондай-ақ онда коньки тебуге болатынын, қыста тауда шаңғы тебуге болатыны туралы ақпарат береді.

(МК, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар «Медеу» мұзайдыны туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдайды, қайталайды. Мәтін арқылы «Медеудің» Алматы қаласында орналасқанын, оның үлкен, әдемі екенін және онда коньки тебуге болатыны туралы біледі. (МК, Ұ) 3-тапсырмада берілген сөйлемді (Ол ... тебеді.) толықтырып айту арқылы тебеді сөзін коньки, шаңғы, велосипед сөздерімен байланыстыра қолдануға көңіл бөлінеді.

«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім тебемін сөзінің болымды, болымсыз түрде қолданылуын түсіндіреді. Оқушылар коньки сөзін шаңғы, велосипед сөздерімен алмастыра қолдануға жаттығады. (Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқулықта берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады, қайталанады. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі.


Оқулық

Аудиодиск: 5.7.1.; 5.7.2.; 5.7.4.






Үлгі:

- Сен қайда барасың?

- Мен «Медеуге» барамын.

- Сен не істейсің?

- Мен коньки тебемін.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс

дәптері


Қосымша

тапсырма:

5.7.


Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



5-БӨЛІМ: САЯХАТ 8-САБАҚ


Тақырыбы: Кел, қайталайық!

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.

1.5.1.5 Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

5-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

5-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

5-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 5-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі. (Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:



Мынау не? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада суреттер болуы керек: may, саябақ, дүкен, үй, мектеп, ұшақ, велоси­пед, мәшине, автобус, пойыз).

Сен қайда барасың? Сен мектепке (үйге, дүкенге, тауға, саябаққа) кіммен барасың?

Сен мектепке (үйге, дүкенге, тауға, саябаққа) немен барасың? Сен коньки (шаңғы, велосипед) тебесің бе? Сен Медеуге барасың ба? Сен «Медеуге» кіммен барасың? (Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.

(Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

- көлік түрлерін атай алу (ұшақ, велосипед, мәшине, автобус, пойыз);

- қайда баратынын /бармайтынын айта алу (мектепке, тауға, үйге, саябаққа, дүкенге);



Оқулық

Аудиодиск:

5.8.1.;

5.8.2.


5.8.3.;

5.8.4.





- немен (қалай) баратынын айта алу (мәшинемен, автобуспен, пойызбен, ұшақпен, велосипедпен, жаяу);

- кіммен баратынын айта алу (анаммен, әкеммен, атаммен, әжеммен);

- «Медеуде» не істейтінін айта алу (коньки, шаңғы тебу) дағдылары қалыптасуы қажет.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушы­лар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.



№2 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы 41^5 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытын-дылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет