Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016


-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 4-САБАҚ



бет14/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью



-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 4-САБАҚ


Тақырыбы:

Мақта қыз бен мысық

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және

т.б.) ажырату.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегінің басты кейіпкері сүт табу үшін басқа қандай кейіпкерлерге барғанын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, ертегінің сабақта үйренген бөлігі бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады.



Кейбір оқушылар:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулық. Аудиодиск: 6.4.1.; 6.4.2.; 6.3.3.; 6.4.4.

Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға ертегі сөзінің мағынасын түсіндіреді, себебі осы бөлімде оқушылар бірнеше ертегі үйренеді әрі осы бөлімнің соңында олар қандай ертегі білетіндерін айта алады. Содан кейін мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерімен таныстырады. Оқушылар берілген үлгі бойынша ертегі кейіпкерлерін атайды. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұны өзге тілді аудиторияда үйретуге жеңіл болу үшін бейімделіп алынды. Бейімделген мәтін бойынша: Мақта қыз бен мысық жақсы дос болады. Бір күні мысық сүтті төгіп алады. Мақта қыз оған ренжиді. Содан мысық сүт әкелуге кетеді... Соңында мысық Мақта қызға сүт әкеліп береді.

Сөйтіп екеуі қайта жақсы дос болады (оқушылар ертегі мазмұнын толық түсіну үшін, ертегі мазмұнын слайд арқылы толық айтып беруге болады). Оқулықта берілген екі сабақ көлемінде оқушылар осы ертегінің негізгі үзінділерін ғана үйренеді.









(МК, Ұ) Осы сабақтағы 2-тапсырмада оқушылар мысықтың сиырға (ағашқа, қыздарға, дүкеншіге, тауыққа, тышқанға) барғанын кесте бойынша айтып үйренеді. Мысалы: Мысық сиырға барады. Мысық ағашқа барады т.с.с.

(МК, Ұ) 3-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларды жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: су, жапырақ, сағыз, жұмыртқа, дән. Оқушылар берілген сөздерді тыңдайды, қайталайды, сурет бойынша атайды. (МК, Т) 4-тапсырмада ертегі бойынша 6 сюжетті сурет берілген. Оқушылар сурет бойынша үзіндіні толық тыңдайды, содан кейін мұғалім әр сюжет бойынша оқушыларға мазмұнын толық түсіндіреді. Соңында оқушылар өз қалаулары бойынша рөлдерді бөліп алып, осы үзіндіні ойнайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 6.4.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ -САБАҚ


Тақырыбы: Мен ертегі білемін

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.)

ажырату.


1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Қандай да бір ертегі білетін/білмейтінін айта алады,

«Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кез келген кейіпкердің рөлін ойнай алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Ертегі мазмұнын тірек суреттер арқылы мазмұндай алады.



Кейбір оқушылар:

Өздері білетін басқа да ертегілерді атай алады, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін өз сөздерімен айтып бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. (МК,Ү) Бұл сабақта мұғалім оқушыларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің жалғасын үйретеді. Ең алдымен мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы сөйлесу үлгісіне аударады. Осы сөйлесу үлгісі арқылы оқушылар «Мен ертегі білемін» деген сөйлем үлгісімен танысады. Балалардың Қандай ертегі? деген сұрағына сыныптағы оқушылар ертегі кітабының суреті бойынша өздері жауап беруі керек. Мұнда ертегінің атын атау («Мақта қыз бен мысық») жеткілікті. Яғни оқушылардан «Мен «Макта қыз бен мысық» деген ертегі білемін» немесе «Бұл - «Мақта қыз бен мысық» деген ертегі» сияқты жауап үлгілері талап етілмейді. Себебі бұл - 1-сынып оқушысы үшін қиын құрылым.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

Сыныпта «Қандай ертегі білесің?» деген сұраққа ертегінің атын атай алу жеткілікті.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар «Сен ертегі білесің бе?» деген сұраққа «Иә, білемін» немесе «Жоқ, білмеймін» деп жауап бере алуды үйренеді.

(Ұ) 3-тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылар ертегінің алғашқы бөлігін (өткен сабақтағы) қайталайды, рөлге бөліп, ойнайды. Үлгі:

Мысық сиырға барады.

- Сиыр, сиыр, маған сүт берші, - дейді Мысың.

- Сен маған жапырақ бер. Сонда мен саған сүт беремін,

- дейді Сиыр.

(МК, Ж) 4-тапсырмада суреттер бойынша мұғалім оқушыларға ертегінің екінші жартысын (мысықтың сүтті қалай әкелгенін) түсіндіреді. Оқушылар әр сурет бойынша сөйлемдерді тыңдайды, қайталайды, содан кейін рөлге бөліп ойнайды. Мазмұны: 1 -сурет: Мысық тауыққа дән береді. Тауық оған жұмыртқа береді.

2-сурет: Мысық дүкеншіге жұмыртқа береді. Дүкенші оған сағыз береді.

3-сурет: Мысық қыздарға сағыз береді. Қыздар оған су береді.

4-сурет: Мысық ағашқа су береді. Ағаш оған жапырақ береді.

5-сурет: Мысық сиырға жапырақ береді. Сиыр оған сүт береді.

6-сурет: Мысық Мақта қызға сүт береді. Олар жақсы дос болады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



Оқулық

Аудиодиск: 6.5.1.; 6.5.3.; 6.5.4.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 6.2.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 6-САБАҚ


Тақырыбы: Не дәмді?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау - көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнай алады және і дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тірек суреттер бойынша ертегі мазмұнын айта алады, і дыбысын меңгереді.





Кейбір оқушылар:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларды 1-тапсырма бойынша «Не дәмді?» деген ертегі мазмұнымен таныстырады. Оқушылар сурет бойынша ертегі кейіпкерлерін атайды. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға сүйек, дән, орамжапырақ, сәбіз, сүт сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

(Т) Оқушылар топқа бөлінеді. Содан кейін әр топқа қоян, ит, тауық, мысық, ешкі және сүйек, дән, орамжапырақ, сәбіз, сүттің суреті таратылады. Топ мүшелері суреттерді сәйкестігіне қарай қойып шығуы керек. Мысалы: қоян - сәбіз, ит - сүйек, ешкі - орамжапырақ, тауық - дән, мысық - сүт.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар сурет бойынша әр кейіпкер не айтқанын айта алуға жаттығады. Мысалы: Қоян - «Ең дәмді - сәбіз».

(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне «Сен ертегі білесің бе?» деген сұрақты қояды. Оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді. Егер оқушы «Иә, білемін» деп жауап берсе, бірінші оқушы «Қандай ертегі білесің?» деген сұрақ қоя алады. Негізі оқушылар қазір екі ертегі біледі («Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?»). Сондықтан олар өздері қалаған бір ертегіні атай алады.

(МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар ертегі кейіпкерлері сияқты өздері үшін ең дәмді не екенін айта алады. (МК, Ұ) Мұғалім і дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің і дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды і дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден і дыбысының айтылуын және і дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға і дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Сондай-ақ дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады. Мәселен: ы - і. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар і дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады.

Мұғалім і дыбысы - дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді. I дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: кітап, піл, бір. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға і дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Інжу т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім і дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: кітап (не?), піл (не?), бір (неше?), Інжу (кім?).



Оқулық

Аудиодиск: 6.6.1.;6.6.3.; 6.6.5.

Ертегі кейіпкерлерінің және сүйек, дән, орамжапырақ, сәбіз, сүттің суреттері.





(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 6.5.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1: 2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет