Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет2/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью


Сабақ жоспарларында бағдарламаға сәйкес қолданылған қысқартулар:

• МК - мұғалімнің көрсетуі

• Ұ - ұжымдық жұмыс

• Т - топтық жұмыс

• ОТ - оқушының тәжірибесі

• Ө - өзіндік жұмыс

• Қ - қалыптастырушы бағалау

• Ж - жұптық жұмыс






Тақырыбы:

Сәлем! Сенің атың кім?

Мектебі: Красный №1 орта мектебі

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:Какей Кульзира

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Амандасу, танысу үлгілерінің қарапайым түрлерін қолдана алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Сабақта үйренген амандасу, танысу үлгілерін адамның жас ерекшелігіне байланысты орынды қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

Амандасу үлгілерінің басқа да түрлерін айта алады, амандасу, танысу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығы Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

(6-30 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын алғашқыда екі баланың, содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу үлгісіне аударады. Оқушылар «Сәлем!» және «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін тыңдайды, хормен, жеке-жеке қайталайды. Тапсырмада сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.

(Ж) Оқушылар амандасу үлгілерін сыныптағы оқушылармен және мұғаліммен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді. Сондай-ақ осы тапсырмада берілген әртүрлі жастағы адамдармен (1-тапсырмадағы суреттер бойынша) амандасу арқылы да амандасу үлгілерін есте сақтауға тырысады.









(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар танысу үлгісін тыңдау, қайталау арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым -....» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар сурет бойынша Жұлдыз, Айгүл деген қыз аттары туралы да ақпарат алады. Қыздардың аты жұлдыз, ай, гүл сөздерімен байланысты екенін түсінеді. (ОТ) Мұғалім балаларға өз аттарына байланысты сурет салуды ұсына алады. Бұл арқылы балалар өз атының қандай мағына беретіні туралы ойланады. Оқушылардың бойында өз есімдеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату өте маңызды. (Ж) 3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл

бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген

диалог бойынша өзара сөйлеседі. Диалог арқылы амандасу, танысу үлгілерін қайталайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау

арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс

істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық
Аудиодиск:

1.1.1.; 1.1.2.; 1.1.3.


А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар


№ 1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.1.


Сабақтың соңы

30-35 минут



(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:






Тақырыбы: Бұл кім?

Мектебі:Красный яр №1

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:Какей Кульзира

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет

ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын

түсіну.


1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) атай алады, амандасу және қоштасу үлгілерін (Сау бол! Cay болыңыз!) қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сабақта үйренген сөздер қатарын өзара тілдесу кезінде еркін қолдана алады, үйренген сөздерге сұрақты дұрыс қоя алады.



Кейбір оқушылар:

Амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, кім? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

6-30 минут



(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар Бұл кім? деген жаңа сұрақ үлгісімен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде ата сөзінің орнына әже, мұғалім, оқушы сөздерін қолдануға жаттығады. «Есте сақта!» айдарында оқушылар амандасу үлгілерін (Сәлем! Сәлеметсіз бе!) еске түсіреді, сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоштасу үлгілерінің қолданысын (Сау бол! Cay болыңыз!) түсіндіреді.

(Ж) Амандасу, қоштасу үлгілерін жаттықтыру үшін, оқушылар мұғаліммен және өзара амандасып, қоштасады.



Оқулық.

Аудиодиск:

1.2.1.;

1.2.3.





(МК) 2-тапсырмада оқушылар жаңа сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) суреттер бойынша Бұл кім? деген сұраққа жауап беру арқылы қайталайды. (МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін, сондай-ақ амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылардың бойында мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғаліммен амандаса алу, өзінің атын айта алу, мұғалімнің сұрағына (Бұл кім?) жауап бере алу, қоштасу үлгісін дұрыс қолдана алу.

(ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойналады. Бір оқушы үлгіде берілген баланың рөлін ойнайды, ал басқа оқушылар оның жауабын бағалай алады. Оқушының іс-әрекеті:

1) Оқушы сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасады, өзінің орнына отырады.

2) Мұғалімнің сұрағына (Сенің атың кім?) жауап береді.

3) Тақтаға шығып, мұғалімнің екінші сұрағына (Бұл кім?) жауап береді. Ол үшін мұғалім тақтаға төрт суретті (ата, әже, мұғалім, оқушы) іліп қояды.

4) Оқушы мұғаліммен қоштасып, сыныптан шығады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.2.



Сабақтың соңы 30-35 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:




Тақырыбы: Бұл не?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) атай алады, аталған заттарды сұрап ала aлy үлгісін қолдана алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

• Өзімен қатарлас баладан немесе жасы үлкен адамнан қажетті заттың бірін сұрап ала алады.





Кейбір оқушылар:

• Өтініш үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, не? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

6-30 минут



(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар Бұл не? деген сұрақ үлгісімен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде кітап сөзінің орнына доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш сөздерін қолдануға жаттығады. (Ж) Оқушылар үйренген сөйлесу үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы заттарды (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір затты көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл не?), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді. (МК, Ұ) 2-тапсырмадағы сурет арқылы мұғалім оқушыларды өтініш үлгісімен таныстырады:

- Маған кітап берші.

- Міне, ал.

Сондай-ақ осы үлгі бойынша кітап сөзін басқа сөздер қатарымен (доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш) алмастырып қолдануға жаттығады. Сыныптағы оқушылар бір-бірінен қандай да бір затты сұрай алуды үйренеді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын осы үлгінің сыпайы түріне (беріңізші, алыңыз) аударады.

(ОТ) Мұғалім оқушылардың берші, беріңізші, ал, алыңыз сөздерінің қолданысын толық түсінуі үшін, өзінің қасына бір оқушыны тұрғызады. Өзі бір затты, оқушы бір затты алады. Содан кейін бір оқушы мұғалімнен және қасында тұрған оқушыдан осы заттарды сұрап алуға тырысады. Осы арқылы берші, беріңізші сөздерін дұрыс қолдана алуға жаттығады. Сондай-ақ мұғалім мен бір оқушы сыныптағы басқа бір оқушыдан қандай да бір затты беруін өтінеді. Мұнда оқушылар ал, алыңыз сөздерінің қолданысына мән береді.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар белсенді сөздік қор қайталанатын тақпақпен танысады. Оқу мақсатына сәйкес тақпақ, өлең туралы түсінік беріледі. Оқушылар оны тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды. Оқушылардың есте сақтауына жеңілірек болуы үшін қайталату кезінде кітап, дәптер, қаламды қолданылуына қарай көрсетіп тұруға болады. Сондай-ақ диалог түрінде жаттатуға болады (екі оқушы немесе мұғалім/оқушылар болып бөліп айта алады).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



Оқулық

Аудиодиск: 1.3.1.; 1.З.2.; 1.3.3.

Доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.3.


Сабақтың соңы

30-35 минут



(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысы-на өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет