Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016


-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 7-САБАҚ



бет15/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 сынып полностью



6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 7-САБАҚ


Тақырыбы: Көктем сәні

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ

және т.б.) ажырату.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу. 1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі мазмұны бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады, Ұ ұ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Осыған дейін үйренген ертегілерді атай алады. Тірек суреттер бойынша ертегінің мазмұнын айта алады.





Кейбір оқушылар:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Саба қтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) 1-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларды «Көктем сәні» деген ертегімен таныстырады. Мұғалім көктем сөзін түсіндіру кезінде жыл мезгілдері туралы ақпарат береді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін атайды. Содан кейін басты кейіпкердің (арыстан) сұрағына басқа аңдар қалай жауап бергенімен танысады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар тірек сөздер арқылы (таза, әдемі, жылы) ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: Су қандай? (Таза)

Жаңбыр қандай? (Жылы) Гүлдер қандай? (Әдемі) Ағаштар қандай? (Әдемі) Күн қандай? (Жылы)

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушылардың назарын гүл, ағаш сөздерінің көпше түріне аударады. Сурет бойынша аталған сөздердің жекеше, көпше түрін қайталайды. (ОТ) 4-тапсырмада оқушылар ертегінің басты кейіпкерінің сұрағына (Көктем сәні не?) өз қалаулары бойынша жауап береді. Өз жауаптарын сурет түрінде көрсете алады. Сыныпта «Көктем сәні» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ оқушылар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

(МК, Ұ) Мұғалім ү дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ұ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ұ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден ұ дыбысының айтылуын және ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ұ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ұ дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ұ дыбысы дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді. Ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: құс, ұшақ, жұлдыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ұ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді. (Ұлан т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?»


Оқулық

Аудиодиск: 6.7.1.; 6.7.4.






деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ү. дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: ұшақ (не?), күс (не?), жұлдыз (не?), Ұлан (кім?).

(МК, Ү) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс

дәптері


Қосымша

тапсырма:

6.7.


Сабақтың соңы

41-45

минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1: 2:

6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ -САБАҚ


Тақырыбы: Кел,

қайталайық!

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:

Оқу бағдар ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді және олардың бір-бірімен дұрыс

байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

6-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

6-бөлімде еткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.





Кейбір оқушылар:

6-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 6-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі.

(Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалог дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.



Оқулық

Аудиодиск:

6.8.1.

6.8.2.


6.8.3.

6.8.4.





(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:

Бұл қандай әріп? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада

қазақ тіліне тән әріптер болуы керек (оқушылар осы

уақытқа дейін үйренген әріптер).

Сен ертегі білесің бе? Қандай ертегі білесің?

Ең дәмді не? Көктем сәні не?

Сен оюды қалай жасайсың?

Бұл қандай ертегі? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада

оқушылар үйренген ертегілердің суреті болуы керек)



Сен не саласың?

Сен қайда тұрасың?

Сен Алматыда (Астанада) тұрасың ба?

(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен

жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап

бере алады.

(Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың: (Мен Қазақстанда тұрамын);

- Алматыда/Астанада тұратын/ тұрмайтынын айта алу (Мен Алматыда тұрамын /тұрмаймын);

- 1-ден 20-ға дейін санай алу;

- ертегі білетін/білмейтінін айта алу (Мен ертегі білемін/білмеймін);

- суреті бойынша ертегілерді атай алу («Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?», «Көктем сәні»);

- өзінің қайда тұратынын айта алу

- қазақ тіліне тән дыбыстарды тану, дұрыс дыбыстай алу;

- әр дыбысқа екі сөзден атай алу

(мысал келтіре алу) Дағдылары қалыптасуы қажет. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.


№2 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.




1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері

қаншалықты тиімді болды?





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



7-БӨЛІМ: ТАГАМ ЖӘНЕ СУСЫН 1-САБАҚ


Тақырыбы: Сен не аласың?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа катысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында жіктік жалғауларын қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Азық-түлік атауларын атай алады, өзінің дүкенге баратынын және не алатынын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.



Кейбір оқушылар:

Басқа да азық-түлік атауларын атай алады, сабақта үйренген құрылымдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген азық-түлік атауларына аударады. Тапсырмада берілген азық-түлік атауларын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы тапсырмадағы сөйлесу үлгісі түсіндіріледі. Үлгі:

- Сен не аласың?

- Мен нан аламын.

Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар нан сөзін басқа азық-түлік атауларымен алмастырып қолдануға жаттығады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар екі үстелдің үстіндегі азық-түлік атауларын атайды. Оқушылар «Үстелде не бар?» деген сұраққа әр үстел бойынша (бірінші, екінші) жауап береді.

(МК, Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Ең алдымен мұғалім оқушыларға аламын сөзінің болымсыз түрін түсіндіреді (аламын - алмаймын). Содан кейін оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі:



- Сен қайда барасың?

- Мен дүкенге барамын.


Оқулық Аудиодиск: 7.1.1.; 7.1.3.




- Сен не аласың?

- Мен нан аламын.

Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар дүкенге баратындарын және не алатындарын айтады.

(М, Ұ) 4-тапсырмада берілген сөйлемді берілген суреттер бойынша толықтырып айту арқылы (Мен ... аламын, ... алмаймын) азық-түлік атаулары және аламын, алмаймын етістігі бекітіле түседі. Тапсырманы орындау үшін суреттің қасындағы белгіге назар аудару керек. Мысалы: Мен сүт аламын, қант алмаймын т.с.с. Оқулықта көрсетілген белгілердің тиістісі қойылады. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


№2 жұмыс дәптері Қосымша тапсырма: 7.1.

Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет