Орта білім беру



бет127/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
Грамматикалық материал: Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері.
Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормаларынан тұрады.

  1. «Абай мектептерінде» грамматиканы оқытуда мәтінтануға үйрететін міндеттер:

Мазмұнын тану. ҰМЖ-дағы мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр деген сияқты мазмұнды түсінуге бағытталған жаттығулар құрастырудан тұрады (бағдарламада нақты көрсетілген).
Стилі мен жанрын тануда әр стильге, әр жанрға тән тілдік қолданыстарды ажырату үшін мәтін ішіндегі тіл құралдарын түстеп таныту арқылы орта мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар).

  1. Мәтін тудыру дағдысын қалыптастырудағы айтылым бөлімінде: айтылым кезінде ерін үндестігі мен буын үндестігін сақтау, сөйлеу техникасын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін сақтау арқылы шешендік өнердің қырларын меңгерту (5-11).

Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып, қарапайым диктант, мазмұндама жазудан бастап түрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндерді (эссе) жазу дағдыларын жетік меңгеру. Мәтіндерді типтей білу (5-11-сыныптар) берілген.
Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімшелер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
«Абай мектептері» желісіне арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интеллектуалды эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы білім мазмұнына әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман танымы қарастырылып,сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді.
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

  1. 10-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды. 10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиетінің» тарихи курсы оқытылады.

  1. сыныптың 1-тоқсанында «ХІХ ғасыр әдебиеті», 2-тоқсанында

«ХХ ғасыр басындағы әдебиет», 3-тоқсанында «1920-1940 жылдардағы әдебиет», 4-тоқсанында «1950-1960 жылдар әдебиеті»;

  1. сыныптың 1-тоқсанында «1960-1980 жылдар әдебиеті», 2-тоқсанында

«1990 жылдар әдебиеті», 3-тоқсанында «Тәуелсіздік жылдар әдебиеті», 4- тоқсанында «ХХІ ғасыр әдебиеті» оқытылады.
«Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын шығармалар тізімінде: ХІХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде сал- серілер поэзиясы, әнші ақындар шығармашылығы; ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің, тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өкілдері мен олардың туындылары және ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және әдеби жанрлар (сатира, фантастика, детектив) қамтылды.
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашады, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажыратады; көркем шығарма желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретациялайды.
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін талдайды; көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет