Сынып
|
Зертханалық жұмыстар саны
|
Модельдеу жұмыстарының саны
|
Жаңартылған мазмұндағы
ҮОЖ
|
Төмендетілг ен ҮОЖ
|
Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ
|
Төмендетілген оқу жүктемесіне
ҮОЖ
|
10 ЖМБ
|
6
|
4
|
2
|
2
|
10 ҚГБ
|
6
|
4
|
2
|
2
|
11 ЖМБ
|
7
|
7
|
2
|
1
|
11ҚГБ
|
7
|
4
|
2
|
2
|
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақ өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу.
Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қоршаған ортаны дербес зерттейді.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 86-кестеде көрсетілген.
кесте. 10-11-сыныптардағы «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны
-
Сыныптар
|
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны
|
ЖМБ 10 сынып
|
2
|
3
|
3
|
3
|
ҚГБ 10 сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
ЖМБ 11 сынып
|
2
|
3
|
3
|
3
|
ҚГБ 11 сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Биология» пәнінен оқу жүктемесі 1 сағат. Сондықтан тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді, қорытындылау бағасы жартыжылдыққа қойылады.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін қосымша сабақ ретінде өтуге арналған алдын ала болжам бойынша күрделі деген тақырыптардың тізімі:
11-сыныпта қарастыратын 10-сынып тақырыптары:
Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу;
Репликация механизмі. ДНҚ. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі;
Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы. Зертханалық жұмыс «Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау»;
Митохондрияның құрылымы мен қызметтері;
Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы;
Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында, гендерді клондауда, Дезоксирибонуклеин қышқылын секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы.
«Химия» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген.
Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған
«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі
№ 352 бұйрығымен бекітілген.
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
Негізгі міндеттері:
заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);
зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;
жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;
қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін,
«Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзыреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
заттардың бөлшектері;
химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
химиялық реакциялардың энергетикасы;
химия және қоршаған орта;
химия және өмір.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, тек қана оқу мақсаттарының, зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санында айырмашылықтар бар (87-кесте).
кесте. Оқу мақсаттары, зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар саны
Сынып
|
Оқу мақсаттарының саны
|
Зертханалық жұмыстар
саны
|
Практикалық жұмыстар
саны
|
Жаңартылға н мазмұндағы
ҮОЖ
|
Төмендетіл ген ҮОЖ
|
Жаңартылғ ан мазмұндағ
ы ҮОЖ
|
Төмендеті лген ҮОЖ
|
Жаңартылғ ан мазмұндағ
ы ҮОЖ
|
Төмендеті лген оқу жүктемесі
не ҮОЖ
|
10
|
122
|
90
|
9
|
6
|
4
|
3
|
11
|
135
|
113
|
13
|
8
|
4
|
2
|
«Химия» пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушыларға химиялық үдерістердің өту жағдайларын түсінуге және алған білімдері мен дағдыларын шынайы өмірде қолдануға үйретуді көздейді. Бағдарлама химиялық процестердің, заңдардың, заңдылықтардың мәні мен рөлін және оларды күнделікті өмірде қауіпсіз қолдану ережелерін білуге бағытталған.
Химияны оқыту білім алушыларды олардың айналасында болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнін түсінуге ынталандырады.
Пәнді оқытудағы оқу-танымдық қызметтерге талдау және жинақтау, тәжірибе, сызбалармен жұмыс істеу, мәселерлерді шешу сияқты әрекеттер кіреді.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама ерекшеліктерінің бірі – теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға химиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу. Жаңартылған бағдарламада қауіпсіз зертханалық сынақтар, тәжірибелік жұмыстар, көрсетілімдер, үйдегі химиялық ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы зерттеу дағдыларын және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қарастырылған.
Кестеде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған зертханалық және практикалық жұмыстардың саны берілген (88-кесте).
кесте. Зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар және көрсетілімдер саны
Достарыңызбен бөлісу: |