Орта білім беру



бет50/207
Дата21.05.2022
өлшемі5,03 Mb.
#144303
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   207
Байланысты:
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1)
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич, 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???
«Дене шынықтыру» оқу пәні
Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту; өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру; білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке, ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру; жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына:

  1. 1-сыныпта – 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;

  2. 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;

  3. 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;

  4. 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды. Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы ағзасының анатомиялық-

физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың қозғалыс белсенділігін арттыруға (спорттық және қозғалмалы ойындар санын кеңейту есебінен) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/конькимен сырғанау/кросс жаттығулары аймақтардың климаттық жағдайларына сәйкес бір-бірін алмастырады.
Мұғалімнің әр сабақтағы бақылау қызметі жүйелі болады, бұл білім алушыларға жаңа материалды оқу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын түсінуге мүмкіндік береді, оқушының жеке білім траекториясын түзетуге мүмкіндік береді.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек, яғни білім алушы
«есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту процесіне белсенді түрде тартуды, олардың өткен материалды талқылауға, талдауға және
қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалауда өз пікірлерін айтуды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды ұйымдастыруды және т. б. көздейді.
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің білім алушыны сүйемелдеуіне бағытталған, білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс негізінде ол өз іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Формативті бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін өз бетінше анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет