Мектепалдыдаярлықсыныптарындаоқупроцесінұйымдастырудыңерекшеліктері Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттері мынадай бағыттарды қамтиды:
әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды;
балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;
баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп
тану;
ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң
мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы).
Әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтеміз.
Педагогтердің назарын тәрбиелеу-білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаларына аударамыз:
ойын арқылы оқыту;
білім беру салаларын кіріктіру арқылы дамыту.
Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылады:
білімберуұйымдарыдеңгейінде:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;
оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;
баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;
ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;