(Ж) Оқушылардан «мылқау суреттен» тозаңдануға қатысатын гүлдің бөліктерін белгілеуді және тозаңдану сөзінің маңызын жазуды сұраңыз.
(Т) Оқушыларға айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың анықтамалары дұрыс жазылған және дұрыс емес бірнеше анықтама берілген үлестірмелерді таратыңыз. Олардың дұрыс анықтаманы табуларын сұраңыз. (С) Айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың арасындағы айырмашылықты бүкіл сыныппен талқылау, сосын шағын топтармен әр тәсілдің бірнеше артықшылығын атауды сұраңыз.
(ҚБ) Оқушылардан өздігінен және айқас тозаңданудың сызбаларын құрастыруды сұраңыз. Оқушылар құрастырған сызбаларын өзара салыстырып, қателерін түзете алады.
(Т/ҚБ) Оқушылар жұбына айқас тозаңданудың артықшылықтарының
тізімін жазуды тапсырыңыз.
|
Материалды оқу барысында тапсырманың ақпараттың көлемі мен үлгісін ойластырыңыз, оқушылардың қабылдау типтеріне қарай дифференциациялаңыз. Оқушыларға вегетативті көбеюдің түрлерін сызба түрінде беруге тура келеді. Келесі сыныптарда «ұрықтану» үрдісін оқып білуі үшін оқушыларға тозаңдану түсінігін қалыптастырған маңызды.
Тапсырманы дифференциациялау үшін тек анықтамалар ғана емес, суреттерді пайдалануға да болады.
Оқушыларға артықшылықтарын табу қиынға соғуы мүмкін. Сол себепті тақтаға түрлі идеяларды іліп қойыңыз, оқушылар қайсысы сәйкес келетіндігін өздері анықтайды.
Жұмыстың нәтижесі оқушылардың жасаған постері, бүктемелері немесе
|