Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар Нұсқаулық: «Суреттерді есіңде сақта»



бет5/11
Дата19.07.2022
өлшемі5,41 Mb.
#147580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар»

«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.








«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.




«Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.









«Шамдар, телефон және т.б. заттар»
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі суреттер
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру, шамдардың, телефондардың, шайнектердің түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің суреттерін өздерінің суреттерімен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің суретіне ұқсас суреті бар балалар ортаға жүгіріп шығады.














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет