«Қос тарлан»



Дата31.12.2019
өлшемі54,5 Kb.
#54041
«Қос тарлан»

«Қазақ поэзиясының қос тарланы» атты шара өткізді. Кештің мақсаты қос ақынның ақындық таланттарын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да сыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен мазмұнына тоқталу; Ақын өлеңдерін нақыштап оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту; қос ақынның шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.



  1. жүргізуші: -Құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар! Бүгінгі кешіміз халқымыздың талантты ақындары Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналады.

  2. жүргізуші: - Бұл кеш сүйікті ақындарымыздың өмірінен бастап жалынды жырларымен, әсем әндерімен толық танысуымызға жол ашады деген ойдамыз.

  1. жүргізуші: - Есімі әдебиет пен жырсүйер қауымға тегіс белгілі, ХХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Тұманбай Молдағалиев –қазақтың біртуар көрнекті ақыны болса, ХХ ғасырдың санаулы саңылақтарының бірі, халқымыздың сүйікті ақыны, қоғам қайраткері, халық жазушысы- Қадыр Мырзалиев. Олай болса бүгінгі «Қос тарлан» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

  1. жүргізуші: - Есімі жыр сүйер қауымға мәшһүр ақындарымыздың өлеңдері әдебиетімізде шоқтығы биік туындылардың қатарына жатады. Қос ақынның өмірдерегімен танысайық....

  2. жүргізуші: - Тұманбай ақын өзінің өмірдерегі және өнердегі жолын, арманын, мақсатын, өз бейнесін былайша суреттейді. «Қазақ дейтін халықтың баласымын» өлеңі.

  1. жүргізуші: Қадыр ақын өзінің өмірдерегін былайша суреттейді. «Өмірбаян орнына»

  2. жүргізуші: О,балалық! Естен шықпас үзігім,

Өте шықты көз алдымда қызығың.

Бәрі-бәрі, Бәрі кетті, Жалғыз-ақ

Қалды бетте ұят деген қызылың!-деп Қадыр ағамыз жырлағандай, балалық шақ біздің ең қимас, бақытты шағымыз емес пе?! Мирманова Раушан «Даналық пен балалық»

Сыған серенадасы әні 2аКШМ тобы студенті Алтынбек



  1. жүргізуші: - Туған жер тақырыбын, туған жеріне деген махаббатын Тұманбай ақын бірнеше өлеңдерінде әдемі айтқан. Оған «Туған жерге», «Қалар едім», «Алатау», «Алатау жыры», «Туған ауыл, туған аудан, туған ел» өлеңдері дәлел. Ақынның «Туған жерге» , «Алатау» өлеңдері.

  2. жүргізуші:-Туған жер,табиғат-бұл ақынның ең басты тақырыбы.Қазір сіздер осы тақырыптағы ақынның жүрекжарды сырымен ой бөлісесіздер. Кезекті Қадыр өлеңдеріне берейік. «Туған жер-ай, күнім де, дінім де сен», «Мекен-жұртым, жыр күтіп далаң менен»

  1. жүргізуші: - Тұманбай жас кезінен бастап табиғатты өте сүйді, оның сырларын құбылта суреттеп сәулелендірді. Ақын табиғат суретін адам өміріне әкеліп телиді, жанды, терең мағына береді. Шуақты Наурыз мерекесі туралы жазылған өлеңі –«Наурыз жыры». Қ.Мырзалиев «Табиғатқа табыну», «Табиғат және мен»

2-жүргізуші: Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің әні – «Шақырады көктем».

1-жүргізуші: - Жалпы әдебиет әлемінде ана тақырыбына қалам тартпаған ақын кемде – кем. - Жаным, ана, дүние танымаған,

Тіл қатқандай боласың әлі маған.

Сенен ғана, бір сенің құдіретіңнен

Өмірдегі бақыттың бәрін алам.

(«Жаным, ана» өлеңі оқылады.)



  1. жүргізуші: -Қиын да қысылтаяң кезеңде шыдамдылықпен, ақылмен, мейірімділікпен аялай мәпелеп, еркелігімізді кешірген,өмірге дұрыс жол сілтеген аналарымызға мәңгі қарыздармыз. Қадыр өлеңлері абзал аналарға арналады. «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» Назгүл Ерболатова.

  2. жүргізуші: Тұманбай Молдағалиев сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың әні «Ару ана» әні.

  1. жүргізуші: - Домбыра ғана біліпті,

Қазақтың барлық қайғысын.

Кімің бар одан сүйікті,

Шаппай бер оның бәйгесін.

Қайтпаған шерін батырдың

Домбыра ғана қайтарды.

Айтпаған жырын ақынның

Домбыра ған айта алды.

«Домбыра» өлеңі Дүйсенғалиева Назерке

2-жүргізуші: - Жайлауың болар жеріміз,

Төсегің болар төріміз.

Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

Әуелден жомарт серіміз,

Асылды жырдан теріңіз.

Білгіңіз келсе қазақты,

Ән-күйін тыңдап көріңіз.

- Ендеше, сол қара домбыраның сазында ән тыңдаңыздар. Ән: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру».


  1. жүргізуші: -Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Қадыр Мырза Әлидің бұл өлең жолдарын білмейтін қазақ кемде-кем шығар: «Ана тілің-арың бұл», «Тілдің туы»



  1. жүргізуші: -Менің тілім өлмейді – халқым тірі,

Қазағымның сөнбейді алтын күні.

Мәңгі естіліп тұрады оның даусы,

Соңғы күні жоқ оның, ақырғы үні, - деп ақын тіл туралы өз толғанысын жырға қосады. («Туған тіл», «Ана тілі» Бесінбаева Шырын, Қ.Табынғалиев)


  1. жүргізуші: - Жалпы поэзияда ақындарымыз өзара құрмет ретінде бір – біріне, өнер адамдарына, ұлтымыздың қоғам қайраткерлеріне жыр арнау дәстүрі бар. Сол сияқты Қадыр Мырзалиев те көптеген тұлғаларға өлеңдер жазған. «Махамбет», «Құрманғазы»

  2. жүргізуші: - Тұманбай ақынның да Бауыржан батырға, Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа, Қасымға, Мұқағалиға, Мұхтарға, Фаризаға әсіресе, құрдасы Қадыр Мырза Әлиге жазған жырлары көп екен. «Фаризаға» (Салауатова Назерке) , Бауыржан батырға- Назерке Дүйсенғалиева «Қадыр аға қасиетіңнен айналдым» (Сәрсенқұл Ажар).

Рысбектің әні

1-жүргізуші:Қадыр Мырза Әли сегіз қырлы,бір сырлы дарын еді.

Бақыт деген-досыңның табағында,

Бақыт деген-домбыра шанағында.

Бақыт деген-өзіңнің босағаңда,

Бақыт деген-халықтың қабағында.

«Бес бақыт»-Абаев Райымбек, Мурзагалиева Камила «Ұлы махаббат», «Сахара» Сәрсенқұл Ажар

2-жүргізуші: - Қазақ өлеңі деп аталған асқар таудың аспанымен астасып, көкпен таласқан тағы бір қиырында «Тұманбай шыңы» қалды. Ол шың артындағы төбелердің өсіп, толысып, бой түзейтін адалдықтың үлгісі, поэзияның биігі болса, Қадыр поэзиясы-болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы болмақ.

1-жүргізуші: Ұлы халқы тұрғанда ұлы ақындар есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Жатқан жерлеріңіз жанатта болғай.

(Хор: «Құстар әні»)



2- жүргізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Жақыпова Қырымжан Үмбетрза қызына сөз береміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет