Роялти
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда, мұндай роялтиге сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ егер роялти алушы оның нақты иесі болса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 процентінен аспауы тиіс.
3. "Роялти" термині осы Бапта пайдаланғанда әдебиет, өнер немесе ғылыми шығармаларға берілетін авторлық құқықтың кез-келгенін пайдаланғанға немесе ұсынғанға, соның ішінде кинематографиялық фильмдерге, кез-келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе үлгіге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске, немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшін төлемдер, сондай-ақ пайдалану құқығы үшін, немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпарат үшін сыйақы ретінде алынатын кез-келген төлем түрін білдіреді.
4. Егер роялтидің нақты иесі Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, роялти пайда болған басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және төленетін роялтиге қатысты құқық немесе мүліктік құндылықтар шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2 тармақтың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретіне қарай 7-баптың немесе 14-Баптың ережелері қолданылады.
5. Егер төлеуші осы Мемлекеттің өзі, Жерлер, саяси-әкімшілік бөлімшелер, жергілікті өкімет органы немесе осы Мемлекеттің резиденті болса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептеледі. Алайда, егер роялти төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты роялти төлеу міндеттемесі туындаса және мұндай роялти осы тұрақты мекеме немесе тұрақты базаға байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе осы тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледі.
6. Роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлға арасында арнайы қатынастар болуына байланысты пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты төленетін роялтидің сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісіле алатындай сомадан асып кеткен жағдайда, осы Баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнің басы артық бөлігіне осы Келісімнің басқа ережелерін тиісінше ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынады.
13-Бап
Мүлік құнының өсімінен алынатын табыстар
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымалы мүлікті шеттетуден алынатын табыстарына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Активтері, негізінен, Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен тұратын компанияда акцияларды және ұқсас құқықтарды шеттетуден алынған табыстарға осы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленіп отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікті шеттетуден немесе тәуелсіз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленіп отырған тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүліктен алынатын табыстарға, соның ішінде осындай тұрақты мекемені (жеке өзін немесе бүкіл кәсіпорынмен қоса) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
4. Кәсіпорнының халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемелерін немесе осындай теңіз немесе әуе кемелерін пайдалануға қатысты жылжымалы мүлікті шеттетуден алған табыстарына кәсіпорынның нақты басшылығы орналасқан тек Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
5. Жоғарыда көрсетілген 1 ден 4-ші тармақтарда ескертілгендерден өзге кез-келген мүлікті шеттетуден алынатын табыстарға мүлікті шеттетуші тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-Бап
Тәуелсіз жеке қызметтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті кәсіптік қызметтерге немесе тәуелсіз сипаттағы басқа қызметке қатысты алатын табысқа тек осы Мемлекетте салық салынады, егер оның осындай қызметін іске асыру мақсаттары үшін басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты негіздегі тұрақты базасы жоқ болса. Егер оның осындай тұрақты базасы бар болса, табысқа, бірақ, табыстың осы тұрақты базаға қатысты бөлігіне ғана басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлға тиісті салық жылында басталатын немесе аяқталатын кез келген 12 айлық кезеңде ретімен келген 12 айда жалпы ұзақтығы 183 күннен асатын кезең немесе кезеңдер бойы осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте болса, оның осы басқа Мемлекетте оған тұрақты негізде қолайлы тұрақты базасы бар деп есептеледі және оның айналысқан қызметінен осы басқа Мемлекетте алынған табыс осы тұрақты базаға жатады. Мұндай жағдайда, қызмет көрсетуге жататын табысқа тұрақты мекемеге жататын пайданың сомасын анықтау үшін 7-Баптағы принциптерге сәйкес осы басқа мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. "Кәсіптік қызметтер" термині, атап айтқанда, тәуелсіз ғылыми, әдеби, артистік, білім беру немесе оқытушылық қызметтерді, сондай-ақ дәрігерлердің, заңгерлердің, инженерлердің, сәулетшілердің, тіс дәрігерлерінің және бухгалтерлік іс саласындағы сарапшылардың тәуелсіз қызметтерін қамтиды.
15-Бап
Тәуелді жеке қызметтер
1. 16 дан 19 ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті жалдамалы жұмысқа байланысты алған ырзықақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыларға, егер тек осындай жалдамалы жұмыс басқа Уағдаласушы Мемлекетте атқарылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалдамалы жұмыс осылайша атқарылған болса, ол жақтан алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. 1 тармақтың ережелеріне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте атқарылатын жолдау бойынша жұмысқа байланысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған сыйақыға тек алғашқы аталған Мемлекетте ғана салық салынады, егер:
а) сыйақы алушы тиісті салық жылында басталатын немесе аяқталатын кез-келген реттегі 12 айлық созылған кезеңде жалпы ұзақтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы басқа Мемлекетте тұрып жатса, және
b) сыйақыны басқа Мемлекеттің резиденті болып табылмайтын жұмыс беруші төлесе немесе ол жұмыс берушінің атына төленсе, және
с) сыйақыны жұмыс берушінің басқа Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы төлемесе.
3. Жоғарыда келтірілген 2-тармақтың ережелері жұмысшы күшін кәсіпкерлікпен берудің шеңберіндегі жұмыс үшін сыйақыға қолданылмайды.
4. Осы Баптың осының алдындағы ережелеріне қарамастан халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңіз немесе әуе кемесінің бортында атқарылатын жалдамалы жұмысқа қатысты алынған сыйақыға теңіз және әуе кемесін пайдаланатын кәсіпорынның нақты басшылығының орны болатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
5. Уағдаласушы Мемлекетте денсаулықты және кәрілікті сақтандыру жүйесіне тәуелді қызметтер көрсететін жеке тұлға үшін өткізілген жарнамалар, басқа Уағдаласушы Мемлекетте құрылған және салық салу мақсаттарына танылған, бірінші айтылған Мемлекетте осылайша қаралады және сондай шарттар мен тегергіштерге байланысты, денсаулықты және кәрілікті сақтандыру жүйесіне өткізілген, бірінші айтылған Мемлекетте салық салу мақсаттарына танылған жарнамалар ретінде қаралады, егер:
а) осы Мемлекеттің резиденті болмаған жеке тұлға осы Мемлекетте өзінің еңбек қызметі нақты басталмай тұрып денсаулықты және кәрілікті сақтандыру жүйесіне жарнамалар төлесе; және
b) осы Мемлекеттің құзырлы органдары денсаулықты және кәрілікті сақтандыру жүйелерін осы Мемлекеттің салық салу мақсаттары үшін осы қалпында қабылдаған, жалпы сәйкес жүйелер деп мойындаса.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
а) "денсаулықты сақтау жүйелері" термині жеке қызметтер көрсететін жеке тұлға және оның қарауындағыларға ауруларына байланысты оның қарауындағылардың тәуелді қызмет көрсетуді уақытша тоқтатқан жағдайда жәрдемақы алуға құқық беретін кез-келген шартты білдіреді.
b) "кәрілікті сақтандыру жүйесі" термині осы тармақта сөз болып отырған тәуелсіз жеке қызметке байланысты төленетін, зейнетақылық жәрдемақы қамтамасыз ету мақсатымен жеке тұлға қатысатын кез-келген шартты білдіреді;
с) денсаулық және кәрілік жүйелері, егер осы жүйелерге өткізілген жарнамалар, осы Мемлекетте салықтан босатуды беру жағдайларына сәйкес болса, Мемлекетте салық салу мақсаттарына мойындалады.
16-Бап
Директорлардың сыйақылары
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органының мүшесі ретінде алатын директорлар сыйақыларына және басқа да осындай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. 15-Баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып отырған компанияның атқарушы директоры немесе басқарма мүшесі ретінде алатын төлемдеріне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
17-Бап
Артистер мен спортшылар
1. 7, 14 және 15 Баптардың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе теледидар артисі немесе сазгер секілді орындаушы - артист ретінде немесе спортшы ретінде өзінің басқа Уағдаласушы Мемлекетте айналысатын жеке қызметінен алатын табысқа осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Егер орындаушы - артистің немесе спортшының өзінің осы тұрпатында атқаратын жеке қызметіне қатысты табысы орындаушы - артистің немесе спортшының өзіне емес, басқа адамға есептелсе, онда осы табысқа 7, 14 және 15 Баптардың ережелеріне қарамастан, орындаушы - артистің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Алайда, мұндай табысқа жоғарыда көрсетілген 1-тармақта айтылған Мемлекетте салық салынбайды, егер негізгі қызмет басқа Мемлекеттің резиденті осы Мемлекетке келген уақытта жүргізілсе және бұл келуді толық немесе жартысынан кем емес осы басқа Мемлекет Жерлер, саяси-әкімшілік бөлімшелер немесе олардың жергілікті өкімет органдары немесе осы басқа мемлекетте қайырымдылық ұйым ретінде танылған ұйым қаржыландырса. Бұл жағдайда, мұндай табысқа резиденті артисі немесе спортшы болатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
18-Бап
Зейнетақылар, аннуитеттер және ұқсас төлемдер
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақыларға және ұқсас төлемдерге немесе аннуитеттерге тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. Жоғарыда келтірілген 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлғаның басқа Уағдаласушы Мемлекетте міндетті әлеуметтік сақтандырудың қорларынан алған төлемдеріне тек осы Мемлекетте салық салынады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе оның саяси-әкімшілік бөлімшелерінің басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға соғыстың немесе саяси қудалаудың немесе әскери немесе азаматтық қызметтің (өтемақы төлемдерін қоса алғанда) себептерінен болған зиян үшін қайталанатын немесе бір мәртелік төлемдеріне тек бірінші айтылған Мемлекетте салық салынады.
4. "Аннуитет" термині ақшамен немесе ақшаға шаққандағы баламалы және толық өтемақының орнына осындай төлемдер қабылданған міндеттемеге сәйкес бүкіл өмір бойы немесе айқындалған немесе белгіленетін кезеңге белгіленген уақытта мерзімді төленіп тұратын белгіленген соманы білдіреді.
5. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлеген күтім төлемдері осы басқа Мемлекетте салықтан босатылады. Егер, бірінші айтылған Мемлекетте төлеушінің салық салынатын табысын есептегенде мұндай күтім төлемдері шығарылып тасталса, бұл ереже қолданылмайды.
19-бап
Мемлекеттік қызмет
1. Уағдаласушы Мемлекеттің, Жердің саяси-әкімшілік бөлімшелер немесе жергілікті өкімет органдарының немесе өзге Заңды тұлғаның осы Мемлекеттің қоғамдық құқықтарына сәйкес, кез-келген жеке тұлғаға осы Мемлекетке, Жерге, саяси-әкімшілік бөлшектерге немесе олардың жергілікті өкімет органдарына немесе өзге Заңды тұлғаның қоғамдық құқықтарға сәйкес, көрсетіп отырған қызметіне байланысты төленіп отырған зейнетақыдан өзгеше сыйақыларға тек осы Мемлекетте салық салынады. Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүргізілсе және жеке тұлға осы Мемлекеттің резиденті болса мұндай сыйақыға салық тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салынады және:
а) осы Мемлекеттің ұлттық тұлғасы болса; немесе
b) қызметін іске асыру үшін ғана осы Мемлекеттің азаматы болса.
2. а) Уағдаласушы Мемлекет, Жер саяси-әкімшілік бөлімшелер немесе жергілікті өкімет органы немесе олар құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Мемлекет, Жер, бөлімшелер немесе өкімет органы үшін жүзеге асыратын қызметіне төленетін кез-келген зейнетақыға осы Мемлекетте ғана салық салынады;
b) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттің резиденті және ұлттық тұлғасы болса, мұндай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
3. 15, 16 және 18-Баптардың ережелері Уағдаласушы Мемлекет, оның Жерлері, саяси-әкімшілік бөлімшелері немесе олардың жергілікті өкімет органдары немесе өзге Заңды тұлға айналысатын кәсіпкерлік қызметке байланысты көрсетілетін қызметке қатысты сыйақыға және зейнетақыға, осы Мемлекеттің қоғамдық құқықтарына сәйкес, қолданылады.
4. Жоғарыда көрсетілген 1-тармақтың ережелері, осылайша, Уағдаласушы Мемлекеттің, оның Жерлерінің, саяси-әкімшілік бөлімшелерінің немесе олардың жергілікті өкімет органдарының дамуға ықпал жасау программасына сәйкес тек осы Мемлекет, Жер, саяси- әкімшілік бөлімше немесе жергілікті өкімет органы бөлген қорлардан басқа Уағдаласушы Мемлекетке осы басқа Мемлекеттің Келісімімен Жіберілген маманға немесе еріктіге төленген сыйақыға қолданылады.
5. 1-тармақ, сондай-ақ Гете атындағы институт немесе оның атынан - құзырлы органдардың арасындағы үйлестіруден кейін - Германия Федеративтік Республикасының ұқсас институттары төлеген төлемдерге қолданылады. Егер Германия Федеративтік Республикасында бұл төлемдерге салық салынбаса, 15-Бап қолданылады.
20-Бап
Оқытушылар, мұғалімдер және студенттер
1. Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттің немесе колледждің, мектептің, мұражайдың немесе осы мемлекеттің басқа мәдени мекемесінің шақыруымен немесе мәдени алмасудың ресми программасы бойынша осындай мекемелерде тек қана сабақ беру, лекция оқу немесе зерттеу жүргізу мақсаттарымен екі жылдан аспайтын мерзімге келген және нақты осы сапарға дейін басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып тұрған немесе болған және тұлға өзінің осындай қызметі үшін алатын төлемдер, егер, мұндай төлемдерді ол осы Мемлекеттен тыс көздерден алған болса, бірінші аталған Мемлекетте салық салудан босатылады.
2. Уағдаласушы Мемлекетке келердің нақ алдында басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе болған және бірінші аталған мемлекетте тек қана оқу немесе білім алу мақсатында тұрып жатқан, кәсіпкерлік оқудағы студент, практикант немесе тұлға өзінің тұру, оқу және білім алуы үшін алатын төлемдерге, егер, мұндай төлемдерді осы Мемлекеттен тыс көздерден алған болса, осы мемлекетте салық салынбайды.
21-Бап
Басқа табыстар
1. Осы Келісімнің мұның алдындағы Баптарында қаралмаған, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің табыстарына олар қайда пайда болса да тек осы басқа Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Жылжымайтын мүліктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және төленіп отырған табысқа қатысы бар құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе осындай тұрақты базаға қатысты болса, 1 тармақтың ережелері қолданылмайды. Бұл жағдайда ретіне қарай 7 Баптың немесе 14 Баптың ережелері қолданылады.
22-Бап
Мүлік
1. Жылжымайтын мүлік түрінде ұсынылған, Уағдаласушы Мемлекет резидентінің меншігі болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан мүлікке осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленіп отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлік немесе тәуелсіз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқа Уағдаласушы Мемлекетте қарамағында ұстап отырған тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлік түрінде ұсынылған мүлікке осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз және әуе кемелері түрінде және осындай теңіз және әуе кемелерін пайдалануға қатысты жылжымалы мүлік түрінде ұсынылған мүлікке кәсіпорынның нақты басшылығы орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резиденті мүлкінің барлық басқа элементтеріне осы Мемлекетте ғана салық салынады.
23-Бап
Резиденттік мемлекетте қосарланған салық салуды жою
1. Қазақстан резиденті жағдайында салық төмендегідей анықталады:
а) Егер Қазақстанның резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Германия Федеративтік Республикасында салық салынуы мүмкін табыс алса немесе мүлікті иеленсе, Қазақстан:
аа) осы резиденттің табысына салынатын салықтан Германия Федеративтік Республикасында төленген табыс салығына тең соманы шегеріп тастауға;
bb) осы резиденттің мүлкіне салынатын салықтан германия Федеративтік Республикасында төленген мүлікке салынатын салыққа тең соманы шегеріп тастауға; рұқсат береді.
Жоғарыда келтірілген ережелерге сәйкес шегерілетін салық сомасы Қазақстандағы сондай табысқа ондағы қолданылатын ставкалар бойынша салынуы мүмкін салықтан аспауға керек.
b) Егер Қазақстанның резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес тек Германия Федеративтік Республикасында ғана салық салынатын табыс алса немесе мүлікті иеленсе, Қазақстан осы табысты немесе мүлікті салық салу базасына, бірақ Қазақстанда салық салынатын осындай басқа табысқа немесе басқа мүлікке салынатын салық ставкасын айқындау мақсаттары үшін ғана енгізе алады.
2. Германия Федеративтік Республикасының резиденті болған жағдайда салық төмендегідей анықталады:
а) Егер b) тармақшасына сәйкес шетелдік салық есептемесіне рұқсат болмаса, онда герман салығын есептеудің негізінен осы Келісімге сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін және жоғарыда келтірілген b) тармақшасында қарастырылмаған, Қазақстанда пайда болатын табыстың кез-келген бабы және Қазақстанда орналасқан капиталдың кез-келген бабы шығарылады. Бірақ Германия Федеративтік Республикасы өзінің салық мөлшерін анықтағанда осылайша босатылған табыстың және капиталдың баптарын есепке алу құқығын сақтап қалады. Табыс баптарын дивидендтерден болған жағдайда алдыңғы ереже тек қана Қазақстанның резиденті болып саналатын, неміс компаниясы оның капиталының кем дегенде 10 процентін тура иеленген және осы дивидендтерді бөлуші компанияның пайдасын анықтағанда шегерілмеген компанияның Германия Федеративтік Республикасының резиденті болып саналатын компанияға (әріптестік қоспағанда) төленетін дивидендтерге қолданылады.
Алдыңғы ұсынысқа сәйкес, егер дивидендтері төленетін болса салық салудан босатылатын акцияларға кез-келген иелік капиталға салықтарды салу есептемесінің негізінен шығарылады.
b) Қазақстан заңдары бойынша және осы Келісімге сәйкес төленген, Қазақстан салық табысының төмендегі статьяларына байланысты төленетін шетел салығын есепке алуға қатысты немістің салық заңдарының ережелері бойынша немістің табыс салығын есепке алуға болады:
аа) жоғарыда келтірілген а)-тармақшасында қарастырылмаған дивидендтер;
bb) проценттер;
сс) роялти;
dd) 13-баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс баптары;
ее) 15-Баптың 4-тармағына сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс баптары;
ff) директорлардың сыйақылары;
gg) артистер және спортшылар табысының баптары.
с) Жоғарыда келтірілген b)-тармақшасының ережелері жоғарыда келтірілген а)-тармақшасының ережелерінің орнына табыс баптарына қолданылады, 7 және 10-Баптарда анықталғандай, тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкін шеттетуден алынған пайдаға және пайда алынған активтерге, егер Германия Федеративтік Республикасының резиденті тұрақты мекеменің жалпы табысы пайда алынған жылдағы кәсіпкерлік қызметтен екенін дәлелдей алмаса немесе сыртқы салық қатынастары туралы Неміс Заңының (Aussensteuergesetz) 8-бөлімінің 1-тармағының 1-6 ұстанымының мәні шегінен аспайтын ерекше немесе ерекшеге жақын қызметтен алынған кәсіпкерлік қызмет жыл бойы дивидендтер төлеген, Қазақстандағы резидент-компанияға немесе осы Заңның 8-бөлімінің 2-тармағының мәні шегінен аспайтын қатысудан; осы ереже тұрақты мекеме пайдаланатын жылжымайтын мүлікке (6-Бап, 3-тармақ) және осындай жылжымайтын мүлікті шеттетуден алынған пайдаға (13-Бап, 1-тармақ) және тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бөлігі болып отырған жылжыйтын мүлікке қолданылады (13-Бап, 3-тармақ).
d) Жоғарыда келтірілген а)-тармақшасының ережелеріне қарамастан қосарланған салық салу, жоғарыда келтірілген b)-тармақшасында ескерілгендей, салықты есепке алу жолымен жойылады:
аа) егер Уағдаласушы Мемлекетте табыстың немесе капиталдың статьялары Келісімнің басқа ережелерімен қарастырылса немесе басқа тұлғаларға жатқызылса (9-Бапқа жататындарын қоспағанда) және бұл талас 25-Баптың 3-тармақшасында қарастырылған тәртіп жолымен шешілмейтін болса және оның орнын немесе басқа тұлғаға жататын анықтаудағы осы таластың нәтижесінде сол табысқа немесе капиталға салық салынбаса немесе салынған салық мөлшері төмен болса немесе
bb) егер Уағдаласушы Мемлекет өзінің ішкі заңдарының шектеуі бойынша және пікір алысқаннан кейін дипломатиялық жолмен басқа Уағдаласушы Мемлекетке өзінің осы тармақтың ережелерін қолданғысы келетін басқа табыс туралы хабарласа, Хабарлаушы Мемлекеттің ішкі заңдары бойынша хабардың күшке кіруі үшін қажет құқықтық талаптар орындалғанша және осы хабар берілген жылдан кейінгі күнтізбегі жылдың бірінші күніне дейін мұндай хабардың күші болмайды.
24-Бап
Кемсітпеу
1. Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары әсіресе резиденттікке қатысты нақ осындай жағдайларда осы басқа Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және соған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты кез-келген салық салуға немесе соған байланысты кез-келген талап қоюға ұшырамайтын болады. Бұл ереже сондай-ақ, 1 Баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің біреуінің де, екеуінің де резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар нақ осындай жағдайларда тиісті Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға немесе соған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты кез-келген міндеттемеге Уағдаласушы Мемлекеттердің ешқайсысында да ұшырамауы тиіс.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу нақ осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттің кәсіпорындарына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте қолайсыздау болмайды. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекетті басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне салық салу мақсаттары үшін өзінің төл резиденттеріне қандай да бір жеке жеңілдіктер, салықтан босатулар мен кемітулер беруге міндеттейтіндей болып пайымдалмайды.
4. 9 Баптың 1 тармағының, 11 Баптың 7 тармағының, 12 Баптың 6 тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсіпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында олар бірінші аталған Мемлекеттің резидентіне қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегеріліп тасталуы тиіс. Осы секілді, Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне қарызы осы кәсіпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсатында олар бірінші аталған Мемлекеттің резидентінен қалай шегерілсе, нақ сондай жағдайларда шегеріліп тасталуы тиіс.
5. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше резиденттеріне толық немесе ішінара тиесілі немесе олар тікелей немесе жанама түрде бақылап отырған Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорындары бірінші аталған Мемлекеттің осындай кәсіпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және соған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты талап қоюға бірінші аталған Мемлекетте ұшырамауға тиіс.
6. Осы Баптың ережелері, 2 Баптың ережелеріне қарамастан, кез-келген түрдегі және сипаттағы салықтарға қолданылады.
25-Бап
Достарыңызбен бөлісу: |