Балауыздегеніміз әдеттегі температурада қатты, май тәрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз өсімдіктердің жапырағын, сабағы мен жемістерін жұқа қабатпен жауып тұрады.
Фоефолипидтерфосфатидтер, плазмалогендер және сфинголи-пидтер деп аталатын үш топқа бөлінеді. Фосфолипидтердщ үш то-бының құрамында да фосфор қышқылының қалдығы болады. Фос-фатидтер глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар олардың құрамында фосфор қыш-қылының қалдығы және онымен байланысқан азотты негіз бар. Жалпы формуласы:
Молекуланың құрамында май және фосфор қышқылды глицерин қалдығы бар бөлігін фосфатидил деп атайды. Азотты негіз холин, этаноламин, серин болуы мүмкін. Холин неғұрлым кең таралған. Фосфатидилхолин, фосфатидилэтаноламин, фосфатидилсерин сияқты фосфатидтер клеткада жиі кездеседі.
Фосфатид молекуласында азотты негіздің орнында глицерин, инозит және басқа да қосылыстар болуы мүмкін.
Бұл фосфатидтердің барлығы өсімдіктерде де, сондай-ақ жа-нуарлар организмінде де кездеседі. Олар митохондрия, хлоропласт мембраналарында, рибосомаларда кездеседі. Хлоропластарда фос-фатидилглицерин көп болады.
Фосфатидтердің молекулалары полюсті болып келеді. Құра-мында холиннің немесе басқа азотты негіздердің қалдығы бар ұшы гидрофильді, ал құрамында май қышқылы бар екінші ұшы гидро-фобты болып табылады. Бұл фосфатидтер протоплазма мен орга-ноидтар структурасында маңызды роль атқаратындығын түсінді-реді. Протоплазма мен органоидтар мембраналарындағы фосфа-тидтердің көп белігі белоктармен байланыса отырып, липопротеид түзеді.
Фосфолипидтердің екінші тобы — плазмалогендердің құрылысы фосфатидтердің құрылысына ұқсас болады. Олар өсімдіктер клет-каларында сирек кездеседі.
30 Фосфолипидтердің үшінші тобы- сфинголипидтердің құрамында оның туындысы сфингозин болады, сфинголипидтер өсімдіктерде фосфатидтермен қатар кездеседі.
Гликолипидтер глицерин мен май қышқылының күрделі эфир-лері болып табылады. Бірақ, фосфолипидтерге қарағанда мұнда фосфор қышқылының қалдығы емес, белгілі бір моносахарид бо-лады. Моносахарид пен глиңериннің арасында гликозидті байланыс бар.
Гликолипидтер есімдіктердіқ жапырақтарында фосфолипидтер-ге қарағанда 5 есе көп болады. Олар әсіресе хлоропластарда көп кездеседі, гликолипидтер мүнда мембрана системасын құруға қа-
тысады.
Гликолипидтер тағы да бір туынды — сульфолипидтерге баста-ма береді. Күкірт қышқылының қалдығы галактозаға қосылады. Соньщ нәтижесінде сульфолипидтер түзіледі. Сульфолипидтер тек қана өсімдіктер клеткасында кездеседі, ал жануарлар клеткасында сульфолипидтер болмайды.