Дәнді бұршақ дақылдарын егін көгі мен жапырақтары бойынша анықтау. Тұқымның өсуі бөртуден басталады да егін көгінің пайда болуымен аяқталады. Өне бастағанда тамырша тұқым қабығын жарып шығып топыраққа бойлайды, ал сабақша жеделдетіп ұзара бастайды. Сабақшаның үзаруы әртүрлі. Үштік жөне саусақ-салалы жапырақты дөнді бүршақ дақылдарында, (майбүршақ, бадана, бөрі бүршақ) ол тұқым жарнағы доғасының өсуі есебінен жүреді. Алғашында доға төрізді иілген тұқым жарнағының асты өсе келе түзуленеді жөне кей-інірек топырақ бетіне тұқым жарнақтарын шығарады, олар жасылдана келе бірінші жалған жапырақтарды түзеді. Соңынан тұқым жарнақтарының арасында орналасқан бүршікшеден алғашқы екі нағыз жапырақ пайда болады.
Үштік жапырақты дэнді бұршақ дақыддарында алғашында жай жапырақтар, ал біраз уақыт еткеннен кейін бірінші үштік жапырақ түзіледі. Саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақтарда алғашқы жап-ырақтары ересек өсімдіктердегідей, тек қана кішірек болып келеді.
28-сурет. Дәнді бұршақ өсімдіктерінің егін көгі: 1-үштік жапырақтармен (кәдімгі бадана); 2-саусақ-салалы жапырақтармен (бәрі бұршақ); 3-қауырсын жапырақтармен (ноқат).
Қауырсын жапырақты өсімдіктер эпикотил есебінен өнеді жөне тұқым
жарнақтары топырақта қалады, ал жер бетіне бірден алғашқы нағыз жапырақтар шығады (28,29-суреттер мен 58,59,60-кестелер).
Дәңді бұршақ дақылдарының жемістері бойынша анықтау. Дәнді бұршақ дақылдарының жемістері бүршаққап деп аталады. Ондағы тұқымдар қысқа тұқым аяғы жібінде орналасқан. Піскеннен кейін бұршаққап көпшілік дәнді бұршақ дақылдарында (ноқат, жасымық жөне ақ бөрі бұршақтан басқаларында) жарылады да тұқымдар шашылады. Айырмашылық белгілері 30-сурет пен 61-кестеде келтірілген.
58-кесте Дәнді бұршақ дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері
(тұқьм жарнақтары топырақта қалады)
Тұр
|
Алғашқы нағыз жапырақтар, күрделі
|
Түктілігі сипаты
|
|
құрылысы
|
жапырақшалар піішні
|
|
Ас бұршақ
|
Қос қауырсынды
|
Енді, жұмыртқа тәрізді, кері жұмыртқа төрізді
|
1-жапырақ жалаңаш немесе әлсіз түкті
|
Далалық асбұршақ _(пелюшка)
|
Сондай
|
Сондай
|
Сондай
|
Ірі тұқымды жасымық
|
Сондай
|
Ұзынша-сопақ
|
Сондай
|
Ұсақ тұқымды жасымық
|
Сондай
|
Сондай
|
Сондай
|
Егістік ноғатық
|
Сондай
|
ланцетті
|
Сондай
|
Атбас бұршақ
|
Сондай
|
Жұмыртқа терізді, кері жұмыртқа тәрізді немесе әлсіз сопак
|
Сондай
|
Ноқат
|
Дара қауырсынды
|
Кері жұмыртқа тәрізді, жап-ырақшалардың шетгері араті-сті
|
1 -жапырақ молынан
түктелген
|
Достарыңызбен бөлісу: |