Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы


-кесте Жылжымалы фосфордың оңтайлы қ



бет8/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76

33-кесте Жылжымалы фосфордың оңтайлы құрамы (Минеев В.Г., 1990)

Топырақ және анықтау әдістемесі

Р2О5-дың онтайлы қүрамының төменгі шекарасы, мг/ЮОг

Топырақтағы жылжымалы фосфордың 1 мг/100 г фосфор тыңайтқыштарының шығындалуы, кг/га

Карбонатты қара және қоңыр топырақ (Мачигин бойынша)

3,1-4,5

90-170

Сұр топырақ (Мачигин бойынша)

3,1-4,5

130-400

Карбонатты емес қара топырақ (Уприков бойынша)

10,1-15,0

50-120

назар аударсақ, онда оңтайлы құрамының төменгі шекарасына жету үшін ғана фосфор құрамын минимум 2-3 мг/100 г топыраққа арттыру қажет, ол үшін 180-500 кг кем емес Р2О5 енгізу керек немесе қос суперфосфатқа айналдырғанда 4-11 ц/га жөне одан басқа, жыл сайын өніммен шығарылатын фосфор мөлшерін толықтыру керек, оның бөрі үлкен қаражат шығынымен жөне олардың орнын толықтырудың ұзақ мерзімімен байланысты, сондықтан шаруашылықтың нақты жағдайында бұл өдісті "оңтайландыру" қолданудың мақсатқа лайықтылығының экономикалық бағасы қажет.

Тексеру сұрақтары

  1. Тыңайтқыш мөлшерін есептеудің әдістемесі жөне негізгі өдістері.

  1. Баланс анықтамасын (кіріс жоне шығыс бөлігі) қоректік заттар бойынша жасау тұжырымдамасы.

  1. Топырақ құнарлығын жөне өнімділік деңгейін ескеріп тыңайтқыш мөлшерін есептеу өдістемесі.

  2. Органикалық тыңайтқыш енгізілгенде минералды тыңайтқыш мөлшерін есептеу өдістемесі.

  3. Есептеу анықтамасын қолданбағанда минералдық тыңайтқыш мөлшерін есептеудің маңызы ?

  4. Топырақ құнарлығына байланысты өнім мөлшерін есептеу әдістемесі.

  5. Топырақ және тыңайтқыш қоректік затты пайдалану коэффициенттерін есептеу өдістемесі.

  6. Көп жыддық шөп егістіктеріне тыңайтқыш мөлшерін есептеу ерекшеліктері.

  7. Топырақтың қандай агрофизикалық, агрохимиялық қасиеттері бойынша топырақ құнарлығының оңтайландыруы жүргізіледі (Минеев В.Г. бойынша)?

  8. Р2О5 құрамы бойынша топыра құнарлығының ңтайландыруының маңызы (Минеев В.Г. бойынша) жөне осы өдістің кономикалық мүмкіншілігі мен мақсатқа лайықтылығы.

ЕКПЕ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ТАПСЫРМА

  1. Ең жоғары мүмкін өнім алуға өсер ететін барлық акторларды іске асыруды ескеріп екпе дақылдардьң операциялық сіру технологиясын жасаудағы негізгі принциптерді (қағидаларды) еңгеру.

  2. Агрохимия, механизация, өсімдіктерді химиялық қорғау .б. арналған анықтамалық материалдарды қолдана білуді үйрену.

  3. Пэрменді түрдегі операциялық технологаяны жасағанда өмендегі негізгі мәселелерді шешу қажет:




  1. Жұмысты одан әрі жалғастыру үшін "қимыл" орнын жене астапқы материаддарды анықтап алу қажет.

  2. Есептеу бөлімін орындау керек (ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ, жоспарланған өнімге тыңайтқыштар мөлшерін, үқымның себу мөлшерін).3. Барлық бастапқы деректерді ескеріп нақты шаруашылық, танап жағдайында операциялық технология жасау.

Студент алғашқы деректерді өзінің шаруашылығьшан алады немесе нақты облыс, аудан жағдайларына үлгілейді (моделдейді) жөне мыналарды қарастырады:

  1. Ылғалдану жағдайлары (бір жылда жөне өсіп-жетілу кезеңіңде ай-сайын түсетін көпжылдық орташа ылғал мелшері, нақты танап бойынша топырақтың 1 м қабатында себу аддындағы немесе дақылдың өсіп-жетілушің басындағы өнімді ылгал қоры жөне өсіп- жетілу кезеңінде түсетін күтілген ылғал мөлшері).

  1. Картограммадан нақты танап бойынша сіңімді қоректік аттардың мөлшері, ал танап тарихы кітабынан соңғы жыддардағы дақылдар өнімі және енгізілген тыңайтқыштар туралы деректер алынады.

  1. Танаптардың арамшөптермен ластануы картасының арамшөптердің түр қүрамы жөне олардың шаршы метрге данамен алынған саны жөніндегі мәліметтер алынады.

  2. Бастапқы деректер негізінде төмендегідей есептеулер үргзіледі:

  1. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ, ал суармалы жағдайда бағдарланған өнімге негіздеп суару мөлшерін.

  2. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай бағдарланған НМӨ-ге картограмма материалдарына сүйене отырып органикалық жөне минераддық тыңайтқыштардың енгізу мөлшері есептеледі.

  3. Нақты жағдайларды ескеріп егін жинау қарсаңындағы қолайлы сабақ бітіктігінің мөнін анықтайды, тұқымның далалық өнгіштігі мен өсімдіхтердің сақталуы үлгіленеді, лаборатриялық өнгіштік жөне тұқым тазалығы жөніңдегі деректер алынады да тұқымның себу мөлшері есептеледі.

Операциялық технологияны жасағанда төмендегідей негізгі сүрақтарды есепке алу қажет:

  1. Технология пөрменді болуға тиісжөне дақылды есірудің барлық негізгі мөселелері қамтылу керек.

  2. Технологияны жасағанда барлық есептеулер мен бастапқы материаддарға сүйенген дұрыс және оларды пайдаланған жөн, сонымен бірге мынаны белгілейді:

а. сорт немесе будан;

б. алғы дақыл жоне ауыспалы егістегі орны (ауыспалы егіс кескіні);

в. есептелген тыңайтқыш мөлшерін енгізудің орны, уақыты жөне өдісі;

г. негізгі және себу аддындағы топырақ өвдеудің мерзімдері және едістері;

д. арамшөптермен ластануын жөне олардың ботаникалық құрамын ескере отырып арамшөптерге, зиянкестер мен ауруларға қарсы себуге дейін жөне себуден кейінгі күрес шаралары;

е. дақыддың биологиясы мен топырақ-климат жөне метеорологаялық жағдайларға байланысты себу мерзімдері мен әдістері;

ж. егістікті күтіп-баптау (мерзімі, әдісі т.б.);д. егін жинау.

Бүкіл осы аталған мөселелерді шешу үшін ұсынылып отырған кескінді (34-кесте) пайдалану керек, оның үстіне ескерте кететін жөйт, жүмыстарды жүргізу мерзімдеріндегі ұзақтық 3-5 тәуліктен аспауға тиіс, нақты жағдайда, студенттің (агрономның) көзқарасы бойьшша, барынша жақсы қүраддар, ауылшаруашылық машиналары, гербицидтер тандап алынады.

34-кесте Өсіру технологиясы мен егін жинаудың операциялық ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Пунк Алғы дақыл жөне

ауыспалы егістегі кескіні

Облыс

Себу алдындағы өнімді ылғал қоры (мм)



Өсіп-жетілу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері, мм

Сіңімді қоректік заттар қоры, 100 г/мг:



азот фосфор калий

Егістіктегі басым арамшөптер, дана/м2

Ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша, немесе суару мөлшеріне қарай



(суармалы жерлер)

НМӨ-ді есептеу

Егін жинау қарсаңындағы ең қолайлы сабақ жиілігіне себу мөлшерін



есептеу

Тыңайтқыш мөлшерін есептеу

Будан, сорт

Операция

Агротехникалық талаптар

Ауылшаруашылық құралдар, машиналар



Операцияны жүргізу

мерзімі


Сапа

көрсеткіштері



























Тексеру сұрақтары

  1. Екпе дақыддардың өсіру технологиясы туралы түсінік. Өнеркөсіп және қарқынды технологиялар түсініктеріне анықтама беріңіз.

  1. Қарқынды технологияның негізгі элементтері. Өнімді бағдарламалау үстанымдары мен қарқынды технология элементгерінің арасындағы байланыс.

  1. Мал азықтық ауыспалы егістің типтері мен түрлері. Солтүстік Қазақстанда негізгі топырақ-климат аймақтарында мал азықтық ауыспалы егістің үлгі тосілі.

  2. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесіне қойылатын негізгі талаптар.

  3. Мал азықтық ауыспалы егістің өнімділігін бағалау әдістемесі.

Тарау бойынша анықтамалық жадығаттар және әдебиеттер

Алпатьев А.М. Биоклиматический метод обоснования аодного баланса растений и использование его в земледелии. В сб. Водный режим растений в засушливых районах СССР. М.: Изд. АН СССР, 1961.

Афендулов К.П., Лантухова А.И. Удобрения под планируемый урожай. М: Колос, 1978.

Каюмов М.К. Программирование урожаев сельскохозяйственных культур. М.: Агропромиздат, 1989.

Каюмов М.К. Справочник по программированию урожаев. М.: 1989.



Можаев А.Н. Состояние и резервы кормопроизводства в Целиноградском районе / Труды, ЦСХИ, 1990.

Можаев А.Н. Опыт интенсификации кормопроизводства на орошаемых землях/Тр ЛҚІХИ, 1986.

Можаев А.Н. и др. Зеленый конвейер в совхозе им. М. Маметовой Цединоградского района. Интенсивные технологии в кормопроизводстве в Северном Казахстане. Акмола, 1994.

Можаев Н.И., Аринов К.К., Щепетков Н.Г., Карипов Р.Х. Фонд комплексных заданий по специальности 4501-Агрономия. (Методическое пособие). Под общей редакцией Можаева Н.И. Акмола, 1996.

Можаев Н.И. Площадь питания многолетних трав// Сибирский вестник с.-х. науки, 1977, № 5.

Можаев Н.И. Расход влаги многолетними травами в зависимости от агротехники//Корма, 1979, №2.

Можаев Н.И. Создание посевов оптимальной структуры при программировании урожаев. В кн.: Природопользование Северного Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1983.

Можаев Н.И. Формирование оптимального агрофитоценоза для получения запрограммированных урожаев люцерны /Тр. ЦСХИ, т. 52, 1983.

Можаев Н.И. Программирование урожаев культур и основные пути внедрения его элементов в производственную практику./Тр. ЦСХИ, т.65, 1985.



Можаев Н.И. Основы программирования урожаев. Кормопроизводство. Алма-Ата, 1986.

Можаев Н.И. Методические указания к семинарским занятиям по полевому кормопроизводству по теме: «Разработать интенсивные технологии выращивания кормовых культур». Целиноград, 1985, 1996.

Минеев В.Г. Агрохимия. М.: Изд-во МГУ, 1990.



Научные основы программирования урожаев с.-х. культур. Под ред. ШатиловаИ.С. М.: Колос, 1978.

Ничипорович А.А. и др. Фотосинтетическая деятельность растений в посевах. М., 1981.

Труды ЦСХИ, т.65, 1985; т.72, 1986; т. 24, 1979; т.18, 1978; т.52, 1983.



Ягодин Б.А., Смирнов П.М., Петербургский А.В. и др. Агрохимия. Под ред. Б.А. Ягодина. М: Агропромиздат, 1989.

III-ТАРАУ. ДӘНДІ АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ

Екпе дақылда барынша іс саналық маңызы бар өсімдіктер қоңырбастар немесе астық тұқымдастарға (Роасеае) жататын дөнді дақылдар тобы. Олардың құрамына сегіз ботаникалық туыстықтар кіреді және кепшілігі бірнеше түрлерді біріктіреді. Мысалы, бидай туыстығында — 27, сүлыда — 16, шай жүгеріде — 30-дан артық түр бар.

Түрдің ішінде айтарлықтай ұсақ жүйелі бірліктер-түршелер, ал олар-сорттарға біріктіріледі, соңғылары ұқсас морфологиялық белгілері және шаруашылық-биологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін өсімдіктер тобы.

Дәнді (астық) дақыддарын туыстық айырмашылықтарына қарай астық дақылдарының бірінші тобына-бидай, қара бидай, арпа, сұлы және екінші тобына-жүгері, тары, шай жүгері және күріш бөледі.



Астық дақылдары өзінің құрылысы мен дамуында көп ұқсастықтармен ерекшеленеді (35-кесте).

35-кесте Астықтың бірінші және екінші топтарының туыстық айырмашылықтары

Белгілері

Астықтың I тобы

Астықтың II тобы

Дөнінде ойығы мен айдарының барлығы

Іш жағында анық керінген ұзынша ойығы, ал төбесінде айдары бар (арпадан басқаларында)

Ойығы болмайды, айдары жоқ

Дәннің өсу кезіндегі ұрықтық тамыршалар саны

3-тен 8-ге дейін

1

Масақшадағы жоғарғы жөне төменгі гүлдердің салыстырмалы дамуы

Төменгі гүлдер басым дамыған

Жоғарғы гүлдер басым дамыған

Жылуға қажетсінуі

Жоғары емес

Жоғары

Ылғалға қажетсінуі

Жоғары

Шамалы, күріштен басқалары

Күннің ұзақтығына қатынасы

Ұзақ күннің өсімдіктері

Қысқа күннің өсімдіктері

Жазыдқ және күздік формаларының барлығы

Жаздық және күздік

Тек қана жаздық

Алғашқы кезендердегі даму шапшаңдығы

Шапшаң

Баяу

ТАПСЫРМА

1. Дөнді дақылдар өсімдіктерінің құрылысындағы ерекшеліктерді оқып-үйрену.

2. Дөннің анатомиялық құрылысын оқып-үйрену.



  1. Астық дақылдарының бірінші жөне екінші топтарының морфологиялық жөне биологиялық айырмашылықтарын оқып-үйрену.

  2. Дөнді дақыддарды өскіндері, егін көгі, тілшелер мен құлақшалар, гүл шоғырлары мен дәндері бойынша оқып-білу.

  3. Дәнді дақылдардың органогенез жөне өсіп-жетілу кезевдерін оқып-үйрену.

ӨСІМДІКТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дәнді дақылдардың тамыр жүйесі-шашақты. Тамыр жүйесінің құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты өзгереді. Тамыр жүйесінің дамуы ұрықтық (алғашқы) тамыршалардың пайда болуынан басталады (олардьщ саны бидайда-3-5, қара бидайда-4, арпада-5-8, сұлыда-3, тары төрізді астықтарда-1). Соңынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлары түзіледі, олар топыраққа тез бойлайды (ылғадды жөне борпылдақ топырақта). Олар егін көгі шықаннан кейін сұлыда 2-3 төулікте (1-2 жапырақ кезеңі), бидай мен арпада-12-14 теуліктен кейін (3-4 жапырақ кезеңі), қара бвдайда - 7-9, жүгеріде - 3-4, тарыда - 5-6 төулікте (4 жапырақ кезеңі) пайда болады.

Кәдімгі астықтың ұрықтық тамырлары бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Түйін тамырлардан бүрын түзіліп, оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіл-жетілу кезеңінің соңына қарай 150 см жөне одан да ұзын шамаға жетеді. Алайда жоғары өнімді түйін тамырлары жақсы дамығанда ғана алуға болады. Қуаңшылықты жыддары, өдегге, түйін (екінші, қосалқы) тамырлар түзілмейді, ал бидай мен арпаның астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады жене 5-8 ц/га мөлшермен шектеледі.

Сабағы — сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырактар санына сэйкес келеді. Сабаны қуыс, жүгері мен шай жүгері да ғана паренхимамен толтырылған. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғары бөлігі жіңішке келеді.

Жапырақтары дөнді дақылдардың көпшілігіңце 2 түрде - ұрықтық (3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан жөне жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орныңца тілше (1и1а) деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішіне судың өтуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде (басында) ұзынша құлақшалар немесе мүйізшелер (аигісиіае) түзіледі, олар сабақты орай өседі.

Гүл шоғыры — масақ (бвдай, қара бидай, арпа) сіпсебас немесе шашақ (сүлы, шай жүгері, тары, күріш), жүгеріде - шашақ жөне собық.

Масақ мүшелі біліктен жэне масақшалардан түрады. Білік өзара ертүрлі күйде орналасқан мүшеліктерден түрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті (қара бидайда) болуы мүмкін. Әдетге, мүшеліктер қысыңқы келеді де екі кең жақтары мен екі қабырғасы болады. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жағы деп атайды. Білік бойынша масақтың бет және бүйір жақтарын жеңіл ажыратады.



Әрбір мүшеліктің тебесі жуанданып бітеді де тұғыр (кемер) деп аталады, онда масақшалар орналасады. Әдетге бидай мен қара бидайда біліктің өрбір мүшелігінде бір-бір масақша бекиді, ал арпада үш масақша орналасқан. Әрбір масақша (5-сурет) екі жағынан қапталдасып орналасқан екі масақша қауызынан (қабығынан) тұрады.Масақша қабықшалары өртүрлі деңгейде дамыған, кейбіреулерінде (арпада) масақ сыртында орналасқан екі жіңішке қабықшаға айналады.

Сіпсебас, немесе шашақ түйіндері мен түйінаралықтары бар орталық біліктен тұрады, одан бірініші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтары өсіп шығады. Бұтақтардың үшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақша қабықшасы мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады.

Масақша қабықшасы біркелкі дамымаған, бидайда қайықша құрылысын еске түсіреді, кең жөне көпжүйкелі, өрі ұзынша келген килі бар, қара бидайда бір жүйкелі өте жіңішке, арпада өте жіңішке жэне линиялы, сұлыда кең, өрі көптеген дөңес келген ұзынша жүйкелері бар.

Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалындау болады да ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, өрі нәзік келеді жөне оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.



Жемісі-дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшаларымен қапталған. Жалаңаш дәнді бидайлар мен қара бидай дәндері қабықшадан жеңіл ажырайды, тары ажырайды, тары мен күріште гүл қабықшалары дәнді тығыз қабыстырады, ал қабықты арпада олар дөнмен бірігіп кеткен.

Дәннің анатомиялық құрылысы. Астық дақылдарының жемісі ұрық пен эндоспермнен жоне олармен бірігіп өскен тұқымдық жөне жемстік қабықтан құралған. Ұрық дәннің төменгі бөлігінде орналасқан, оның төменгі жағында ұрықтық тамыршалар, ал жоғарғысында ұрықтық жапырақтары бар алғашқы сабақ болады. Ұрықтың маңында кішкене қалқан-дөннің жалғыз тұқым жарнағы-орналасқан.



5-с у р е т. Бидайдың масақшасы: 1-масақша; П-масақша құрылысының кескіні; Ш-аналық пен лодикуле; 1-масақша қауыздары; 2-сыртқы гүл қауызы; 3-ішкі гүл қауызы; 4-аталықтар; 5-аналық аузы; 6-жатын; 7-лодикуле; 8-гүл сабағы.





Эндоспермде дөн қабығына қабыса біткен сыртқы алейрон қабаты мен ішкі ұнды бөлігі ажыратылады. Алейрон қабаты белокқа бай бір қатарлы клеткалардан түрады (арпада 3-5 қатарлы келеді). Эндоспермнің ұнды бөлігіндегі клеткалар крахмал дөндерімен толтырылған, ал олардың аралықтарында белокты заттар орналасқан. Жемістік жөне тұқымдық қабықтар сыртқы орта мен өртүрлі саңырауқүлақ аурулары қоздырғыштарынан қорғаныш қызметін атқарады. Азық-түліктік маңызы жөнінен дәннің эндоспермі ерекше рөл атқарады, өйткені одан жоғары сортты үн өндіріледі және осыған байланысты дәннің құрам бөліктерінің мәні зор (36-кесте, 6-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет